Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет52/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   481
Баланстан тыс шоттар 

Бұрын баланстан тыс деп танылған шоттар көшу кезінде активтерді тану 

критерийлері тұрғысынан қайта қаралады.

01 «Жалға  алынған  активтер»  шотының  сальдосы  операциялық  жалдау-

да  тұрған  активтер  бойынша 01 «Жалға  алынған  активтер»  ұқсас  шотына 

көшіріледі.

02 «Жауапты  сақтауға  алынған  немесе  орталықтандырылған  жабдықтау 

бойынша төленген тауарлық-материалдық құндылықтар» шотының сальдосы 

02 «Жауапты  сақтауға  алынған  немесе  орталықтандырылған  жабдықтау  бо-

йынша төленген қорлар» ұқсас шотына көшіріледі.

04 «Қатаң  есептілік  бланктері»  шотының  сальдосы 03 «Қатаң  есептілік 

бланктері» ұқсас шотына көшіріледі.

05 «Төлеуге  қабілетсіз  дебиторлардың  есептен  шығарылған  берешегі» 

шотының сальдосы 04 «Төлеуге қабілетсіз дебиторлардың есептен шығарылған 

берешегі» ұқсас шотына көшіріледі.

06 «Орталықтандырылған  жабдықтау  бойынша  төленген  материалдық 

құндылықтар»  шотының  сальдосы 02 «Жауапты  сақтауға  алынған  немесе 

орталықтандырылған  жабдықтау  бойынша  төленген  қорлар»  баланстан  тыс 

шотына көшіріледі.

07 «Қайтарылмаған  материалдық  құндылықтар  үшін  оқушылар  мен 

студенттердің берешегі» шотының сальдосы 05 «Қайтарылмаған материалдық 

құндылықтар  үшін  оқушылар  мен  студенттердің  берешегі»  ұқсас  шотына 

көшіріледі.

08 «Ауыспалы  спорт  жүлделері  мен  кубоктар»  шотының  сальдосы  06    

«Ауыспалы спорт жүлделері мен кубоктар» ұқсас шотына көшіріледі.

09 «Жолдамалар»  шотының  сальдосы 07 «Жолдамалар»  ұқсас  шотына 

көшіріледі.

11 «Əскери  техниканың  оқу  құралдары»  шотының  сальдосы 08 «Əскери 

техниканың оқу құралдары» ұқсас шотына көшіріледі.

Мəдени мұра активтері 09 «Мəдени мұра активтері» шотында ескеріледі. 




54

1998 жылғы 27 қаңтардағы №30 Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік 

есеп  жөніндегі  нұсқаулықтың  шоттарынан  қалдықтарды  Мемлекеттік 

мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарына көшіру кезінде 

Мемлекеттік  мекемелердің  бухгалтерлік  есепке  алу  шоттарының  жоспарына 

көшу сызбасындағы қандай да бір шотқа/қосалқы шотқа нұсқамалар болмаған 

жəне  кейіннен  шотты/қосалқы  шотты  пайдаланған  жағдайда,  мақсатына  сай 

сəйкес  келетін  Мемлекеттік  мекемелердің  бухгалтерлік  есепке  алу  шоттары 

жоспарының шотын/қосалқы шотын пайдалану қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет