Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қаржылық ақпараттың сапалық сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет6/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   481
Қаржылық ақпараттың сапалық сипаттамалары

ОРЫНДЫЛЫҚ

СЕНІМДІЛІК

САЛЫСТЫРМАЛЫҚ

ТҮСІНІКТІЛІК

     


Ақпарат шешім 

қабылдайтын 

қолданушылар 

үшін орынды 

болуы жəне 

оқиғаларды 

бағалауға 

көмектесуі, 

олардың өткен 

бағаларын 

растауы немесе 

түзетуі тиіс

Пайдалану-

шылар 


ақпаратқа 

сенімді 


ретінде сүйене 

алатын елеулі 

қателер мен 

бұрмалау-

лардың 

болмауы тиіс

Түрлі кезеңдердегі 

жəне түрлі 

мемлекеттік 

мекемелердің 

ақпаратын салыстыру 

мүмкіндігі. Ұқсас 

операциялардың 

қаржылық нəтижелері 

барлық мемлекеттік 

мекемелер үшін ортақ 

əдіснама бойынша 

жүзеге асырылуы тиіс.

Қаржылық 

есептілікте 

ұсынылатын 

ақпарат 


пайдалану-

шыларға 


түсінікті болуы 

тиіс.



10

Түсініктілік – қаржылық  есептілікте  ұсынылатын  ақпарат  пайдаланушы-

ларға түсінікті болуы тиіс.



Орындылық  –  ақпарат  шешім  қабылдайтын  қолданушылар  үшін  орынды 

болуы жəне оқиғаларды бағалауға көмектесуі, олардың өткен бағаларын рас-

тауы немесе түзетуі тиіс.

Сенімділік – пайдаланушылар  ақпаратқа  сенімді  ретінде  сүйене  алатын 

елеулі қателер мен бұрмалаулардың болмауы тиіс.



Салыстырмалық – түрлі кезеңдердегі жəне түрлі мемлекеттік мекемелер-

дің  ақпаратын  салыстыру  мүмкіндігі.  Ұқсас  операциялардың  қаржылық 

нəтижелері  барлық  мемлекеттік  мекемелер  үшін  ортақ  əдіснама  бойынша 

жүзеге асырылуы тиіс. 



Олар  өткізілуі  жағынан  түсінікті  жəне  салыстырмалы,  ал  мағынасы 

жағынан орынды жəне сенімді болуы тиіс. 

Осы  қаржылық  есептіліктің  негізгі  сапалық  сипаттамаларын  қамтамасыз 

ету  үшін    мемлекеттік  мекемелердің  бухгалтерлік  есеп  шоттары  жоспарына 

қосымша жиырма шот енгізілген.

Олар:

1130


Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв

1360


Қорлардың құнсыздануына арналған резерв

2130


Ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв

2392


Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв

2522


Инвестициялық жылжымайтын мүліктің  құнсыздануына арналған резерв

2632


Биологиялық активтердің құнсыздануына  арналған резерв

2722


Материалдық емес активтердің құнсыздануына  арналған резерв

3246


Пайдаланылмаған  демалыс  бойынша  қызметкерлерге  қысқа  мерзімді 

кредиторлық берешек

3310

Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері



3320

Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері

4210

Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері



4220

Ұзақ мерзімді кепілдік міндеттемелері

5110

Резервтер



5111

Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв

5112

Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв



5113

Қаржылық инвестицияларын қайта бағалауға арналған резерв

5114

Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв



5115

Өзге резервтер

7440

Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар



7450

Резервтерді құру бойынша шығыстар




11

Осы  қаржылық  есептіліктің  негізгі  сапалық  сипаттамалары  қаншалықты 

қамтамасыз  етілгендігі  қаржылық  есептіліктің  №5  нысаны  түсіндірме 

жазбадағы он бір қосымша кестелерді толтыру арқылы қадағалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет