Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Қаржылық есептіліктің элементтері



Pdf көрінісі
бет7/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

1.3 Қаржылық есептіліктің элементтері 

Операциялар мен оқиғалар есепке алу құжаттамасында тіркеледі жəне олар 

жататын кезеңдердің қаржылық есептіліктерінде танылады.

Қаржылық  есептілік  операциялар  мен  басқа  оқиғалардың  қаржылық 

нəтижелерін олардың экономикалық сипаттамаларына сəйкес негізгі санаттарға 

(қаржылық есептілік элементтеріне) топтай отырып көрсетеді. 

Активтер,  міндеттемелер  жəне  капитал  қаржылық  есептіліктің  қаржы 

ережесін бағалауға байланысты элементтері болып табылады жəне олар ба-

ланста көрініс табады. Кірістер мен шығыстар қаржылық қызмет нəтижелері 

туралы  есепте  қызмет  нəтижелерін  тікелей  өлшеуге  байланысты  элементтер 

болып табылады.

Активтерге  өткен  оқиғалар  нəтижесінде  мемлекеттік  мекеменің 

бақылауындағы  ресурстар жатқызылады, олардан  болашақта экономикалық 

пайда немесе сервистік əлеует күтіледі

Активке  негізделген  болашақ  экономикалық  пайдалар  түрлі  жолдармен 

түсуі мүмкін. Актив жеке немесе басқа активтермен үйлесімділікте тауарлар-

ды  өндірген  жəне  қызметтер  көрсеткен  кезде  басқа  активтерге  айырбастала, 

міндеттемені  өтеуге  қолданыла  алады.  Тауарларды  өндіру  жəне  қызметтер 

көрсету  үшін  пайдаланылатын,  бірақ  ақша  қаражатының  таза  түсімін 

тікелей  қамтамасыз  етпейтін  активтер  сервистік  əлеуетті  білдіреді.

Бұл  негізінен  мемлекеттік  мекемелер  қызметіне  тəн.  Ал,  шаруашылық 

субъектілері үшін Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан 

Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Заңы 13-бап талабы: «Ак-

тивтер – дара  кəсiпкер  немесе  ұйым  өткен  оқиғалар  нəтижесiнде  бақылап 

отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн ресурстар» орындалуы 

тиіс. 

Актив мынадай өлшемдердің кез келгеніне сəйкес келген жағдайда қысқа 



мерзімді (айналымды) ретінде жіктеледі: 

•  оны сату немесе іске асыру ұйғарылады немесе ол қалыпты операциялық 

цикл барысында қолдануға арналған;

•  ол негізінен сауда мақсаттарына арналған;

•  есепті кезеңнен кейін 12 ай ішінде оны сату ұйғарылады; 

•  немесе есепті кезеңнен кейін, кем дегенде 12 айға міндеттеме бойын-

ша есептеу үшін айырбастау немесе қолдану рұқсат етілсе – бұл ақша 

қаражаты немесе ақшалай баламалар [1.2-сызба].




12

1.2-сызба 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет