3.3 Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жазбаларын тек-
серу жəне түгендеу
Өткен жыл үшін бухгалтерлік есеп жазбаларында анықталған қателерді
түзеу мынадай тəртіппен жүргізіледі:
1) осы мемориалды ордердің мəліметтерін өзгертуді талап етпейтін,
бухгалтерлік балансты ұсынған сəтке дейін осы есепті кезеңде анықталған қате
сызылып тасталғанды оқу үшін, дұрыс емес мəтінді немесе соманы жіңішке
сызықпен сызу жолымен түзетіледі жəне сызып тастағанның үстінен түзетілген
мəтін мен сома жазылады. Бір уақытта бас бухгалтердің қолтаңбасымен
жолақта тиісті жолға қарама-қарсы «Түзетілді» деген ескертпе жасалады;
2) мемориалды ордердегі қатеден туындаған бухгалтерлік балансты ұсыну
сəтіне дейін анықталған қате сипатына қарай қосымша мемориалды ордермен
немесе «Қызыл сторно» тəсілі бойынша түзетіледі; баланс ұсынылған есеп
кезеңіндегі бухгалтерлік есеп жазбаларында анықталған барлық жағдайларда
қателер дəл осылай түзетіледі. Қателерді түзету бойынша қосымша бухгалтерлік
жазбалар, сондай-ақ «Қызыл сторно» тəсілімен жасалған түзетулер мемориал-
ды ордерлермен рəсімделеді, оларда қалыпты деректемелерден басқа осы ме-
мориалды ордермен түзетілетін нөмірлерге жəне мемориалды ордердің күніне
сілтеме жасалады.
Синтетикалық жəне талдамалы есеп шоттары бойынша бухгалтерлік
жазбалардың дұрыстығын бақылау үшін тиісті синтетикалық шотпен
біріктірілетін сараптама шоттарының əр тобы бойынша Нысандар альбомының
М-44, 285, 326-ОС, 326-НА,326-ИН жəне 326-БА нысандардағы айналым
ведомостері жасалады.
Айналымдардың қорытындысы жəне əрбір талдамалы шот бойынша айна-
лым ведомостерінің қалдықтары айналымдардың қорытындыларымен жəне
Нысандар альбомының 308 нысанды «Басты-журнал» кітабының осы қосалқы
шоттарының қалдықтарымен салыстырылады.
Айналым, оның ішінде активтер бойынша ведомостер ай сайын жасалады.
Нысандар альбомының 326-ОС, 326-НА, 326-ИН, 326-БА нысандарындағы ай-
налым ведомостеріндегі жазбалар бірнеше жыл бойы жүргізіле алады.
Жаңа қаржы жылында бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде синтетикалық
жəне талдамалы шоттар бойынша бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде
қорытынды балансқа жəне өткен жылдағы есеп тіркеліміне толық сəйкестікте
жыл басындағы соманың қалдықтары жазылады.
Егер бюджеттік бағдарламалардың əкімшісі қаржылық есептілікті
қабылдау кезінде қорытынды баланста түзетулер жасаса, онда тиісті жазбаша
67
өкімнің негізінде бұл түзетулер өткен қаржы жылының бухгалтерлік есебінің
тіркелімдеріне де (бухгалтерлік жазбаны түзету жолымен), ағымдағы жылдың
бухгалтерлік есебінің тіркелімдеріне де (кіріс қалдықтарын өзгерту жолымен)
енгізіледі.
Əрбір есептік ай өткеннен кейін барлық мемориалды ордерлер, мемо-
риады ордерлер – жинақтау ведомостері оларға қатысты құжаттармен бірге
хронологиялық тəртіппен іріктелуі жəне түптелуі тиіс. Құжаттар саны аз болған
кезде түптеуді 3 айда бір дестеге жүргізуге болады. Мұқабада: мемлекеттік
мекеменің немесе орталықтандырылған бухгалтерияның атауы; істің, дестенің
атауы мен реттік нөмірі; есепті кезең жыл мен ай; мемориалды ордерлердің
бастапқы жəне соңғы нөмірлері; істегі беттердің саны жазылады.
Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры
жəне мұрағаттар туралы заңнамасында белгіленген кезең ішінде алғашқы
құжаттарды, бухгалтерлік есептің тіркелімдерін қағаз жəне электрондық
тасығыштарда, қаржылық есептілікті, есеп деректерінің электрондық өңдеу
бағдарламасын сақтауы тиіс.
Алғашқы құжаттардың, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің, қаржылық
есептіліктің сақталуын, олардың рəсімделуін жəне мұрағатқа тапсырылуын
мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері қамтамасыз етеді.
Алғашқы құжаттар, бухгалтерлік есеп тіркелімдері, қаржылық есептілік
мұрағатқа тапсырғанға дейін бухгалтерияда арнайы үй-жайларда немесе жабы-
латын шкафтарда бас бухгалтердің уəкілетті тұлғаларының жауапкершілігінде
сақталуы тиіс.
Мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік мұрағатында істер іс номенклатура-
сында белгіленген мерзім ішінде сақталады. Сақтау мерзімі өткеннен кейін
істер тиісті мемлекеттік мұрағатқа тапсырылады. Мұрағатқа істердің тапсы-
рылуын растайтын құжаттар үнемі бухгалтерлік қызметте сақталады.
Алғашқы құжаттар жоғалған немесе жойылған жағдайда мемлекеттік ме-
кеме басшысы тергеу органдарының, күзеттің жəне мемлекеттік өрт бақылау
өкілдерін тарта отырып, бұйрықпен жоғалу немесе жойылу себебін қызметтік
тергеу бойынша комиссия тағайындайды.
Комиссия жұмысының нəтижелері актімен (еркін нысандағы) ресімделеді,
оған комиссия мүшелері қол қояды жəне мемлекеттік мекеме басшысы бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |