Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв бойынша



Pdf көрінісі
бет103/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   481
Қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв бойынша 

шоттар байланысы

№ Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Ұзақмерзімді қаржы 



инвестицияларының 

құнсыздануы



7440 Активтердің 

құнсыздануынан 

түсетін шығыстар

1130, (2130) Қысқа, 

(Ұзақ) мерзімді қаржы 

инвестицияларының 

құнсыздануына арналған 

резерв

Қаржылық есептілікте берілген қарыздарды тануды тоқтату мынадай:



 

– қарыз алушы міндеттемелерді толық орындаған;

 

– қарыз үмітсіз деп танылған (Қазақстан Республикасының қолданыстағы 



заңнамасына сəйкес) сəтте жүзеге асырылады.

Қаржы міндеттемелерін бастапқы тану кезінде мəміленің бағасы болып та-

былатын əділ құн бойынша бағаланады.  Қаржылық нəтижеге мойындау арқылы 

əділ құн бойынша ескерілмейтін қаржы міндеттемелері алғаш танылған кезде 

оларды сатып алумен немесе шығарумен тікелей байланысты мəміле бойынша 

шығыстарды қосқанда əділ баға бойынша көрсетіледі.

Алынған  қарыздардың  əділ  құны  пайыздың  нарықтық  ставкасы  бойын-

ша  дисконтталған  ақша  қаражатының  болашақта  күтілетін  ағындарының 

дисконтталған құны ретінде есептеледі.

Бастапқы  тану  кезінде  туындайтын  құралдың  нақты  құны  мен  əділ  құны 

арасындағы кез келген айырмашылық, егер ол актив немесе міндеттеме ретінде 

танылуға жатпаса, қаржы нəтижесіне танылады.

Мемлекеттік мекеме бастапқы танығаннан кейін қаржылық міндеттемелер 

қаржылық  нəтижеге  əділ  құн  бойынша  ескерілген  қаржы  міндеттемелерін 

есептемегенде тиімді пайыздық ставка əдісін қолдану арқылы амортизациялық 

құн бойынша бағаланады.

Қаржылық  құралға  немесе  оның  қаржы  міндеттемесі  ретінде  жіктелген 

құрауышқа  қатысты  пайыздар,  дивидендтер,  шығындар  жəне  пайдалар 

қаржылық нəтиже есебінде түсімдер немесе шығындар ретінде көрсетіледі. 

Танудың тоқтатылуы бұрын танылған қаржылық міндеттеменің мемлекеттік 

мекеменің  есебінен  шығарылуын  білдіреді.  Мемлекеттік  мекеме  қаржылық 

міндеттемені  (немесе  қаржылық  міндеттеменің  бір  бөлігін)  ол  өтелгенде, 

яғни шартта көрсетілген міндеттеме орындалғанда, жойылғанда немесе оның 

мерзімі аяқталғанда есептен шығарады.  




118

Алынған қарыздар мынадай жазбамен көрсетіледі: Шоттар жоспары ақша 

қаражатының  тиісті  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 3010 «Қысқа  мерзімді 

алынған қарыздар», 4010 «Ұзақ мерзімді алынған қарыздар» шотының кредиті.

Мемлекеттік мекеме алынған қарыздар бойынша сыйақыны есептеуді 7310 

«Сыйақылар бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 3250 «Төленуге тиісті 

қысқа мерзімді сыйақылар» шотының кредиті бойынша көрсетеді.

 Сыйақы төлеу кезінде мынадай жазба жүзеге асырылады: 3250 «Төленуге 

тиісті  қысқа  мерзімді  сыйақылар»  шотының  дебеті  жəне  Шоттар  жоспары 

ақша қаражатының шоты тиісті қосалқы шотының кредиті.

Алынған  қарыздар  бойынша  негізгі  борыш  сомасын  өтеу 3010 «Қысқа 

мерзімді алынған қарыздар», 4010 «Ұзақ мерзімді алынған қарыздар» шотының 

дебеті жəне Шоттар жоспарының «Ақша қаражаты жəне олардың баламалары» 

кіші бөлімінің шоты қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.  Нақты 

құн  (берілген  ақша  қаражатының  сомасы)  мен  нарықтық  пайыздық  ставка 

бойынша  дисконтталған  құн  (құралдың  əділ  құны)  арасындағы  кез  келген 

айырмашылық, егер ол оны актив немесе міндеттемеретінде тану талаптарына 

жауап бермесе, қаржылық нəтиже ретінде танылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет