Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Активтердің құнсыздануының шоттар байланысы



Pdf көрінісі
бет101/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

Активтердің құнсыздануының шоттар байланысы

Операция мазмұны

Дт

Кт

Қаржылық 

инвестициялардың 

құнсыздануы



7440 Активтердің 

құнсыздануынан түсетін 

шығыстар

1130 Қысқа мерзімдіқаржы 

инвестицияларының 

құнсыздануына арналған 

резерв


Сату үшін қолда бар үлестік құнды қағаздардың құнсыздануынан болатын 

шығындар кезеңдегі қаржы нəтижесінің құрамында тиісті соманы көрсете оты-

рып қалпына келтіріле алмайды. Оның құнсыздануынан шығынды танығаннан 

кейін  туындаған  əділ  құнның  кез  келген  артуы  тікелей  таза  активтердің/

капиталдың құрамында танылады: 1120 «Қысқа мерзімді қаржы инвестицияла-

ры» шотының дебеті жəне 5113 «Қаржылық инвестицияларын қайта бағалауға 

арналған резерв» қосалқы шотының кредиті.

Пайыздың тиімді ставкасы əдісін қолдана отырып амортизация құны бо-

йынша  қаржы  инвестицияларын  есепке  алу  кезінде  қаржы  активінің  немесе 

қаржы  міндеттемесінің  амортизацияланған  құны  пайыздың  тиімді  ставка-

сы əдісін қолдана отырып негізгі сома төлемін шегере отырып, жинақталған 

амортизацияны    қосып    немесе    шегеріп,  бастапқы    құн    мен  өтеу  сəтіндегі 

құнарасындағы айырманы, құнсыздануға ішінара есептен шығаруды шегеріп 

(тікелей  немесе  резервтік  шотты  пайдалана  отырып  жүзеге  асырылатын) 

қаржы активі немесе қаржы міндеттемесі бастапқы тану кезінде бағаланатын 

құн болып табылады. 

Өтеуге дейін ұсталатын, амортизациялық құн бойынша ескерілетін бағалы 

қағаздардың  құнсыздануының  объективті  белгілері  болған  кезде  активтің 

баланстық құны тікелей немесе бағалау резервінің есептеу жолымен азаяды. 

Бұл ретте шығын сомасы есепті жылдың қаржы нəтижесінде танылады.

Бағалау    резервінің    есептеуін    қолдана  отырып,  өтеуге  дейін  ұсталатын 

бағалы  қағаздардың  құнсыздануы  мынадай  жазбамен  көрсетіледі: 7440 

«Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының дебеті жəне 1130 

«Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв» 

шотының кредиті.

Егер    келесі    кезеңде    құнсызданудан    шығыс    көлемі    қысқарса,  бұл 

қысқартуды  құнсыздану  мойындалғаннан  кейін  болған  оқиғамен  объективті 

байланыстыруға болады (мысалы, дебитордың кредитке қабілеттігі рейтингі-




114

сінің өсуімен), құнсызданудан бұрын танылған шығынды не тікелей, не бағалау 

резерві  есебін  түзету  жолымен  қалпына  келтірген  жөн.  Мұндай  реверсивті 

жазба қаржы активінің баланстық құны оның құнсыздануды қалпына келтіру 

күнінде  құнсыздану  мойындалмауға  есептелген  амортизациялық  құнына      

асуына əкелмеу керек. Реверсивті жазбасомасы пайданың немесе шығынның 

құрамындатанылуы тиіс.

Есепті жылдың аяғында өткізілген түгендеу нəтижесі бойынша мемлекеттік 

мекеме  басшысының  бұйрығына  сəйкес  құрылған  түгендеу  комиссиясының, 

бюджеттік  бағдарламалар  əкімшісімен  келісілген    актісі  негізінде  есепте 

қаржы инвестицияларының құнсыздану фактісі тіркеледі. Түгендеу актісінде 

құнсыздану  себептері  (құнсызданудың  объективті  белгілерінің  болуы) 

көрсетілуі тиіс. 

Активті алғаш танығаннан кейін орын алған бір немесе бірнеше оқиғалар 

нəтижесінде  құнсызданудың  объективті  белгілері  болса,  қаржы  активі 

құнсызданады. Құнсыздануды тудырған бірлі-жарым оқиғаны құнсызданудың 

себебі  деп  айтуға  болмайды,  өйткені  бірнеше  оқиғаның  құрамдастырылған 

нəтижесі құнсызданудың себебі болып табылады.

Қаржы  инвестицияларының  құнсыздануының  объективті  белгілеріне 

инвесторға белгілі:

 

– инвестиция нысаны тап болатын елеулі қаржы қиындықтары;



 

– инвестиция  нысанының  банкротталу  ықтималдығы  немесе  қаржылық 

қайта ұйымдастырылуы; қаржылық қиындықтар себебі бойынша активтің осы 

түріне белсенді нарықтың жоғалуы туралы жəне басқа ақпарат жатады.

Өзіндік құн бойынша ескерілетін қаржы инвестициясының құнсыздануы-

нан шығындардың объективті белгілері болған кезде, шығын шамасы ағымдағы 

нарық  ставкасының  пайызын  қолдана  отырып  есептелген  жəне  осыған 

ұқсас  қаржы  инвестициялары  үшін  белгіленген  қаржы  инвестициясының 

баланстық құны мен ақша қаражатының ұйғарылатын болашақ ағындарының 

дисконтталған құны арасындағы айырма ретінде анықталады. Құнсызданудан   

мұндай шығындар кері айдауға (қалпына келтіруге) жатпайды.

Квазимемлекеттік  сектор  субъектілеріне  бюджеттік  бағдарламалар 

əкімшісінің қаржы инвестициялары құнсыздануға қарастырылмайды.

Бастапқы  тану  кезінде  берілген  қарыздар  əділ  құн  бойынша  жəне  осы 

келісіммен тікелей байланысты шығыстар бойынша танылады.

Берілген  қарыздардың  əділ  құны  нарықтық  пайыз  ставкасымен 

дисконтталған («Дисконттау қағидаттары» бөлімі) болашақта күтілетін ақша 

ағындарының  келтірілген  (дисконтталған)  құны  ретінде  бағаланады.  Мəміле 

бойынша  шығындар  тек  қарыз  берумен  тікелей  байланысты  шығындарды 

білдіреді, яғни егер тиісті қарыз берілмегенде шегерілетін қосымша шығындар.

Қарызды  беру 1110 «Қысқа  мерзімді  берілген  қарыздар», 2120 «Ұзақ 

мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеті жəне 1080 Республикалық, 

(1090  Жергілікті)  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік  мекеменің 



115

міндеттемелері  бойыша  жеке  қаржыландыру  жоспарына  сəйкес  міндеттеме-

лерін  қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулары  тиісті  қосалқы  шоты-

ның кредиті бойынша жазбамен көрсетіледі [5.6-кесте].

Берілген қарыздар бойынша сыйақы есептеу 1250 «Алынуға тиісті қысқа 

мерзімді  сыйақылар»  шотының  дебеті  жəне 6210 «Сыйақылар  бойынша 

кірістер»  шотының  кредиті  бойынша  көрсетіледі  жəне  бір  мезгілде: 7120 

«Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 3133 

«Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық 

берешек» қосалқы шотының кредиті. 

Қарыз  алушы  бюджетке  сыйақы  төлеген  кезде  бюджеттік  бағдарламалар 

əкімшісі мынадай жазбаны жүзеге асырады: 3133 «Өзге операциялар бойынша 

бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының 

дебеті  жəне 1250 «Алынуға  тиісті  қысқа  мерзімді  сыйақылар»  шотының 

кредиті. 

1120 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары», 2120 «Ұзақ мерзімді қаржы 

инвестициялары»  шотының  дебеті  жəне 5210 «Есепті  жылдың  қаржылық 

нəтижесі»  шотының  кредиті, 5210 «Есепті  жылдың  қаржылық  нəтижесі» 

шотының кредиті жəне 1110 «Қысқа мерзімді берілген қарыздар», 2110 «Ұзақ 

мерзімді берілген қарыздар» шотының кредиті



5.6-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет