Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысудың талдамалы есебін



Pdf көрінісі
бет164/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

8.3 Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысудың талдамалы есебін 

құжаттау жəне оның қаржылық есепте көрсетілуі

Есеп  беретін  тұлғалармен  есеп  айырысудың  талдамалы  есебі  Нысан-

дар  альбомының 386 нысанды (8-мемориалды  ордер)  есеп  беретін  жауапты 

тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомосінде жүргізіледі. Əр 

жол бойынша есеп беретін жауапты тұлғаның тегі, берілген аванстың сомасы 

жəне  жүргізілген  шығыстардың  сомасы,  сондай-ақ  қолданылмаған  аванстың 

түскен  сомасы  жазылады.  Ай  аяқталғаннан  кейін «1261 (3248) қосалқы 

шотының  кредит  есебі  бойынша  шығыстардың  сомасы  бекітілді»  бағаны 

жəне  «Қосалқы  шоттар  дебеті»  мен  «Екінші  жазбалар»  бағандары  бойынша 

қорытындылар «Басты журнал» кітабына жазылады.

Есеп  беруге  жауапты  тұлғалары  аз  мемлекеттік  мекемелерде  есеп 

айырысудың талдамалы есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточ-

каларында  (Нысандар  альбомының 292 нысанды  кітабында)  əр  есеп  беретін 

тұлға бойынша жүргізіледі.

Корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып бюджеттік ақшаны ны-

саналы  пайдаланудың  талдамалы  есебі  Нысандар  альбомының 453 нысаны 

бойынша кітапта жүргізіледі.

Мыналар  жалақыны  есептеу  үшін  негізгі  құжаттар  болып  саналады: 

мемлекеттік  мекеменің  бекітілген  штат  кестесі  жəне  жалақы  ставкаларына 

сəйкес  қызметкерлерді  қабылдау,  жұмыстан  шығару  жəне  ауыстыру  туралы 

бұйрықтары,  Нысандар  альбомының 421 «Пайдаланылған  жұмыс  уақытын 

есепке  алу  жəне  жалақыны  есептеу  табелі»  нысаны,  Нысандар  альбомының 

423 «Жұмыс  нормаларын  есептеу  картасы»  нысаны,  Нысандар  альбомының 

424 «Наряд»  нысаны  бойынша  пайдаланылған  жұмыс  уақытын  есепке  алу 

табельдері, Нысандар альбомының 449 «Еңбек кітапшалары бланкілерін есеп-

ке алудың кіріс-шығыс кітабы» нысаны бойынша жəне басқа құжаттар.

Жұмыс  уақытын  пайдалануды  есепке  алу  табельдерін  (Нысандар 

альбомының 421 «Жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу жəне жалақыны 

санау  табелі»  нысаны)  ай  сайын  мемлекеттік  мекеме  бойынша  бұйрықпен 

тағайындалған тұлғалар белгіленген нысан бойынша жүргізеді.

Ай соңында табель бойынша жұмыс істеген күндердің жалпы саны, сондай-

ақ артық жұмыс сағаттары анықталады. Толтырылған табель мен басқа тиісті 

қолдармен бекітілген құжаттар белгіленген мерзімде жалақыны есептеу үшін 

бухгалтерлік қызметке тапсырылады. 

Бір  ай  үшін  жалақы  есептеу  жəне  айдың  екінші  жартысы  үшін  төлеу 



186

əдетте  Нысандар  альбомының 49 нысанды  есеп  айырысу-төлем  ведомосі 

бойынша  жүргізіледі.  Есеп  айырысу-төлем  ведомосінде  табельдік  нөмір, 

қызметкерлердің  аты-жөні,  есептелген  жалақы  жəне  жəрдемақы,  берілген 

аванс сомасы, ұсталған салық жəне басқа сома жазылады.

Жұмысшылар  жəне  қызметкерлер  демалысқа  кеткен  кезде  есеп  айырысу 

Нысандар альбомының 425 нысанды демалыс беру туралы есебінде жүргізіледі. 

Бұл есеп айырысулар бойынша есептелген сома ағымдағы айға ашылған есеп 

айырысу-төлем  ведомосына  жазылады.  Демалысқане  жұмыстан  шыққанда 

жалақы бойынша біржолғы есеп айырысулар жалпы есеп айырысумен сəйкес 

келмесе, есеп айырысу аралық кезеңдегі төлемдер Нысандар альбомының 389 

нысанды төлем ведомостары не кассалық шығыс ордері бойынша жүргізіледі.

Бұл  есеп  айырысулар  бойынша  есептелген  жəне  төленген  сома  ағымдағы 

айдыңесеп айырысу-төлем ведомосына жазылады.

Бұл  ретте  «Беруге  сома»  бағанында  тиісті  аты-жөннің  қасына  сызық 

қойылады. 

Есеп  айырысу-төлем  жəне  төлем  ведомостарына  осы  ведомостарды 

жасаған жəне тексерген тұлғалар қол қояды. Жалақы төлеуге берілетін рұқсатқа 

мемлекеттік мекеменің басшысы жəне бас бухгалтер қол қояды. 

Төлеу  уақыты  аяқталғаннан  кейін  кассир  есеп  айырысу-төлем  жəне 

төлем  ведомостарында  жалақысын  алмаған  адамдардың  аты-жөнінің  қасына 

мөртабан қоюға не қолымен «Депонатталды» деп жазуға жəне депонатталған 

сома тізілімін жасауға міндетті. Ведомостың соңында кассир нақты төленген 

сома туралы мен алынбаған жалақы сомасы туралы жазба жасап, оларды төлем 

жəне есеп айырысу-төлем ведомостары бойынша жалпы қорытындымен салыс-

тырып əрі жазуды өз қолымен растауы тиіс. Егер ақшаны кассир емес, басқа 

тұлға  берсе,  ведомоста  қосымша  «Ақшаны  ведомоспен  берген – лауазымы, 

қолы, қолды таратып жазу» деген жазба жасалынады. Кассирдің төлем жəне 

есеп айырысу-төлем ведомостарында жасаған жазбалары мұқият тексерілген 

жəне берілген жəне депонатталған сома саналған соң берілген жалақы сома-

сына белгіленген тəртіппен ресімделген кассалық шығы сордері жасалады, ол 

белгіленген тəртіппен ресімделеді жəне кассалық кіріс жəне шығыс ордерлері 

тіркелетін журналда тіркеледі.

Төлем жəне есеп айырысу-төлем ведомостарында касса бойынша ақшаны 

есептен шығару жүргізілген кассалық шығыс ордерінің күні жəне нөмірі жа-

зылады. 


Еңбекақы бойынша депонантталған соманың есебі Нысандар альбомының 

441  нысанды  депонантталған  еңбекақымен  стипендияның  талдамалы  есебі 

кітабында жүргізіледі. Кітаптағы жазу əр депонент бойынша жүргізіледі.

Ай соңында Нысандар альбомының 441 нысанды кітабында «Кредит» пен 

«Дебет» бағандары бойынша қорытынды саналады жəне келесі айдың басына 

кредиттік қалдық шығарылады.

Қызметкердің  өткен  кезеңдердегі  жалақысы  туралы  мəліметтер  алу 



187

үшін  Нысандар  альбомының 417 нысанды  карточка-анықтамасы  (жеке  шот) 

жүргізіледі,  онда  қызметкер  туралы  жалпы  мəліметтерден  басқа  ай  сайын 

есептелген жалақы сомасы түрлері бойынша көрсетіледі. 

Есеп айырысу-төлем ведомостары негізінде 5-мемориалды ордер – жалақы 

мен  стипендиялар  бойынша  Нысандар  альбомының 405 нысаны  (сондай-

ақ тұрғын үйді күтіп-ұстауға жəне коммуналдық қызметтерді төлеуге əскери 

қызметшілерге, ішкі істер органдары қызметкерлеріне, сондай-ақ өртке қарсы 

қызмет  органдарының  жедел  іздестіру,  тергеу  жəне  əскери  бөлімшелері, 

Қазақстан  Республикасы  Əділет  министрлігі  қылмыстық-атқару  жүйесі  ор-

гандары  мен  мекемелерінің,  қаржы  полициясы  органдары  қызметкерлеріне 

ақшалай  өтемақыны  есептеуді  қамтиды)  есептеу  ведомостерінің  жиынтығы 

есепке алу-төлем ведомостарының негізінде жасалады.

Ауру  парақтары  (еңбекке  жарамсыздық  парақтары)  жеке  дестеге  тігіледі 

жəне жыл басынан бастап хронологиялық тəртіппен нөмірленіп отырады. Əр 

парақта олар есептеу үшін енгізілген есеп айырысу-төлем ведомосының нөмірі 

жазылады.

Персоналмен  есеп  айырысудың  сараптама  есебі  Нысандар  альбомының 

292-а  нысанды  карточкаларында  (Нысандар  альбомының 292 нысанды 

кітабында) жүргізіледі:

 



əрбір сақтандыру органы бойынша – сақтандыру шарттары бойынша;



 

əрбір  кəсіподақ  ұйымдары  бойынша – мүшелік  кəсіподақ  жарналары 



бойынша;

 



несие берген банктің əр мекемесі үшін жеке шоттар бойынша – банк 

несиелері бойынша;

 



орындау парақтары жəне басқа құжаттар бойынша – əрбір алушы бо-



йынша аты-жөні немесе мемлекеттік мекеме аты, орындау парағының не басқа 

құжаттың нөмірі, күні жəне орындалу мерзімі, ұсталынатын соманы (пайыз) 

көрсету арқылы;

 



əрбір  өтемақы  алушы  бойынша – əскери  қызметшілерге  тұрғын  үйді 

күтіп-ұстау  мен  коммуналдық  қызметтер  бойынша  шығындарды  төлеуге 

ақшалай өтемақы есептеу мен төлеу.

Мемлекеттік  мекемеге  келіп  түсетін  алимент  өндіріп  алу  туралы  орын-

дау  парақтарын  жəне  басқа  құжаттарды  тіркеу  жəне  есепке  алу,  сондай-ақ 

ұсталынатын мөлшерді есепке алу үшін Нысандар альбомының 437 нысанды 

алимент өндіріп алу туралы орындау парақтарын есепке алу кітабы жүргізіледі. 

Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша əлеуметтік жəрдемақыны есеп-

теу  жəне  төлеу  жөніндегі  есеп  айырысуларды  есепке  алуды  мемлекеттік  ме-

кеме  Нысандар  альбомының 283 нысанды  көп  бағанды  карточкаларында 

жүргізіледі.

Жеке тұлғаның (қызметкердің) аударылған міндетті зейнетақы жарналары 

туралы толық мəлімет алу үшін мемлекеттік мекеме жинақтаушы зейнетақы 

қорларына  төленетін  міндетті  зейнетақы  жарналарын  есепке  алу  Нысандар 




188

альбомының 451 нысанды карточкасын толтырады, оның көшірмесін жылына 

бір рет жеке тұлғаға (қызметкерге) береді. 

Бухгалтерлік  баланс  активінің 017 «Қызметкерлердің  қысқа  мерзімді 

дебиторлық  берешегі» (1260) жолы  бойынша  есеп  беретін  сомалар  жəне  де 

өзге операциялар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық бере-

шек сомасы көрсетіледі.

218 «Қызметкерлерге  қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (3240) жолы 

бойынша  еңбекақы  төлеу  жəне  өзге  есеп  айырысулар  (атқару  құжаттары               

бойынша,  депоненттелген  сома,  уақытша  еңбекке  жарамсыздығы  үшін 

жəрдемақы, кəсіподақтар жарнасы, пайдаланылмаған демалыстар, банкілерге 

салымдар) бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек сомасы көрсетіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет