182
8.4-кестенің жалғасы
4
Түгендеу нəтижесі
бойынша еңбек
демалысы ақысына
резерв есептеу
7010 Еңбекақы төлеуге
арналған шығыстар
3246 Пайдаланылмаған
демалыс бойынша
қызметкерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық
берешек
Қызметкерлерге демалысақы төлеу 3246 «Пайдаланылмаған дема-
лыс бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
қосалқы шотының дебеті жəне 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1042
«Ақылы қызметтер ҚБШ» шотының, 1080 «Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке
қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жос-
парлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспа-
рына сəйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлытағайындаулары»
шоты қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Пайдаланылмаған демалыстар бойынша құрылған резерв сомасы жетпеген
кезде демалысақыны есептеу 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар»
шотының дебеті жəне 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік мекеме түгендеу қорытындысы бойынша есепті кезеңнің
аяғында резервті жете есептеуді немесе демалыстар бойынша резервтің артық
есептелген сомасын есептен шығаруды жүзеге асырады:
–
жете есептеу: 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар» шотының
дебеті жəне 3246 «Пайдаланылмаған демалыс бойынша қызметкерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.
Есеп беретін тұлғаның алдындағы жалақының, стипендияның, бере-
шек сомасының тиынмен төленбеген қалдығы 3272 «Ақша айналымынан
қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар» қосалқы
шотының кредиті жəне 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық берешек», 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек» қосалқы шотының, 3230 «Стипендианттарға қысқа
мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебеті бойынша көрсетіледі.
Артық төленген тиындардың сомасы бір теңгеге дейін соманы дөңгелектеу-
дің арифметикалық əдісін қолдану нəтижесінде артық төленген тиындардың со-
масы (50 тиынға дейін аз жаққа дөңгелектеледі; 50 тиын жəне одан жоғары тиын
үлкен жаққа дөңгелектеледі) 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3230 «Стипендианттарға қысқа
мерзімді кредиторлық берешек», 3248 «Қызметкерлерге өзге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек» тиісті қосалқы шотының кредиті жəне 3272 «Ақша ай-
183
налымынан қолма-қол тиындардың алынуына байланысты есеп айырысулар»
қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі [8.5-кесте].
8.5-кесте
Достарыңызбен бөлісу: