лар есепке алу үшін арналған.
196
1360 – «Қорлардың құнсыздануына резерв» шоты қорлардың құнын
сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға жəне
қозғаласына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты
операцияларды есепке алу үшін арналған.
Есепте қорлардың құны активтерді танудың белгілері орындалғанда ғана
мойындалады:
– болашақта осы актив бойынша экономикалық пайда немесе сервистік
əлеует алу мүмкіндігінің болуы,
– сенімді бағалау мүмкіндігі.
Қорлар мемлекеттік мекеменің шотында тек осы қорларға байланысты
тəуекелдер мен активтерді иеленуден пайдалар осы мекемеге ауысқанда ғана
көрсетіледі.
Қорларға байланысты пайдалар мен тəуекелдердің ауысу сəтін анықтау
қорларды есепке алу кезінде негізін қалайтын сəттердің бірі болып табылады.
Бұл сəт оның шарттарын сөз ететін жеткізу шартымен анықталады.
9.1-сызба
Достарыңызбен бөлісу: