Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет176/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

1310 «Материалдар». Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:


194

1311 – «Құрылыс  материалдары»,  мұнда  күрделі  құрылысқа  арналған 

қаражаттың  есебінен  сатып  алынған  жəне  құрылыс-монтаж  жұмыстарында 

пайдаланылатын құрылыс материалдары есепке алынады. Құрылыс материал-

дарына силикат материалдары (цемент, құм, əк, тас, кірпіш, қыш), ағаш мате-

риалдары (бөрене, тілінген тақтайлар, фанера), құрылыс материалдары (темір, 

қаңылтыр, болат, табақталған мырыш), металл бұйымдар (шегелер, гайкалар, 

болттар, құрсаулар), санитарлық-техникалық материалдар (крандар, муфталар, 

тройниктер), электротехникалық материалдар (кабель, шамдар, патрондар, ро-

ликтер, байлайтын заттар, сымдар, сақтандырғыш тетіктер), химиялық-сұйық 

заттар (сыр, олифа, толь) жəне басқа осындай материалдар жатады;

1312 – «Оқу, ғылыми жəне басқа мақсаттарға арналған материалдар», мұнда 

реактивтер  мен  химикаттар,  қара  металдардың  сынықтары  мен  қалдықтары, 

түсті  металдардың  сынықтары  мен  қалдықтары,  арнаулы  қор  материалдары, 

əйнек жəне химиялық ыдыстар, металдар, электроматериалдар мен радиома-

териалдар, радиошамдар, фотожарақтар, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен 

ғылыми  жұмыстарды  шығаруға  арналған  қағаздар,  тəжірибелік  жануарлар 

мен оқу мақсаттарына жəне ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған матери-

алдар, сондай-ақ тіс салуға арналған қымбат бағалы жəне басқа металдар, ату 

жарақтары, белсенді өңдеу, арнайы өңдеу жəне газсыздандыру материалдары, 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  арналған  ұзақ  мерзімді  қолдану  материалда-

ры жəне де шаруашылық келісім ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін 

алынған арнайы құралдар есепке алынады.

1313 – «Дəрі-дəрмектер  жəне  байлап-таңу      құралдары»,  мұнда  сметала-

рында  шығыстарды  экономикалық  сыныптаудың  тиісті  ерекшелігі  бойынша 

қаржыландыру көзделген, емдеу – алдын алу жəне емдеу – мал дəрігерлік жəне 

басқа бюджеттік ұйымдардағы дəрі-дəрмектер, құрамдық заттар, бактериялық 

препараттар, сарысулар, екпелер, қан жəне байлап-таңу құралдары есептеледі. 

Бұл қосалқы шотта, сондай-ақ өз дəріханалары бар медициналық мекемелердегі 

қосымша жəне дəрі жасайтын материалдар есепке алынады.

1314 – «Тамақ өнімдері», мұнда шығыстарын экономикалық сыныптаудың 

ерекшелігі  бойынша  қаржыландыру  жоспарында  қаржы  бөлу  көзделген, 

мемлекеттік мекемелердің тамақ өнімдері есепке алынады.

1315 – «Отын,  жанар  жəне  жағармай  материалдар»,  мұнда  қоймалар 

мен  қорларда,  сондай-ақ  тікелей  материалды  жауапты  адамдарда  сақталған 

отынның,  жанар  жəне  жағар  майлардың  барлық  түрлері  (ағаш,  көмір,  шым-

тезек, бензин, керосин, қарамай, автол жəне басқа жанар-жағар май)  есепке 

алынады.


1316 – «Шаруашылық  материалдары  жəне  кеңсе  жарақтары»,  мұнда 

мемлекеттік  мекемелердің  ағымдағы  қажеттіліктері  үшін  қолданатын 

шаруашылық материалдары мен кеңсе жарақтары есепке алынады.

1317 – «Арнайы киімдер жəне өзге де жеке қолдану заттары», мұнда есепке 

алынады:



195

 

– іш киім (жейделер, қысқа жеңді көйлектер, халаттар);



 

– төсек орын жабдықтары мен жарақтары (матрацтар, жастықтар, көрпелер, 

ақ жаймалар, көрпе тыстар, жастық тыстар, жапқыштар, төсек-қапшықтар);

 

– киім жəне нысанды киімдер, арнаулы киімдерді қоса (костюмдер, пальто-



лар, сулықтар, шолақ тондар, көйлектер, кофталар, юбкалар, күртелер, шалбар-

лар), құнына жəне қызмет мерзіміне қарамастан, бюджеттің есебінен ұсталатын 

денсаулық сақтау, оқу-ағарту, халықты əлеуметтік қорғау қызметкерлері жəне 

басқаларға арналған формалық киім жəне аяқ киім; 

 

– спорт  киімдері  жəне  аяқ-киім  (костюмдер,  аяқ  киімдер)  жəне  өзге  де 



жеке қолдану заттары;

1318 – «Қосалқы  бөлшектер»,  мұнда  машиналарда  (медициналық,  элек-

тронды есептеу жəне басқа бөліктерді), жабдықтарда, тракторларда, комбайн-

дарда, көлік құралдарында (моторлар, қақпақтарды қосатын автокөліктік ши-

налар, камералар, жиек ленталары) тозған бөлшектерін ауыстыру жəне жөндеу 

үшін арналған қосалқы бөлшектер; 

1319 – «Өзге материалдар», мұнда құнына қарамастан барлық жануарлар 

түрлерінің төлдері жəне бордақылаудағы малдар, құстар, үй қояндары, терісі 

бағалы аңдар, малға жəне басқа жануарларға арналған шөп, пішен, сұлы жəне 

басқа  мал  азығының  түрлері,  дақылдар,  тыңайтқыштар  жəне  басқа  да  мате-

риалдар,  егер  мемлекеттік  мекемелерде  жұмыс  аттары  болса,  онда  төлі  де 

(құлындары) есепке алынады, сондай-ақ қайтарылатын немесе ауыстырылатын 

ыдыстар (күбілер, бидондар, жəшіктер, шыны банкалар, шөлмектер  жəне басқа 

да шөлмектер), бос (босалқы), сондай-ақ жəне материалдық құндылықтарымен 

орналасқан орны толтырылатын шығындары үстеме шығыстардың құрамында 

құрылыс-монтаж  жұмыстарының  құнына  жатқызылатын  уақытша  (атаусыз) 

құрылыстар,  қосалқы  жайлар  мен  қондырғылар,  алдыңғы  қосалқы  шоттарда 

көрсетілмеген  құрылыс  материалы  (күрделі  құрылыстар  үшін  арналғаннан 

басқа) жəне өзге де материалдар есепке алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет