9.4 Қорлардың есептен шығарылуы
Баланстан есептен шығарылатын қорлардың өзіндік құнын бағалау үшін
мынадай əдістер қолданылады:
– шығындардың ерекше сəйкестігі, немесе арнайы индентификациялық;
– орташа өлшем құны;
– ФИФО: бірінші түсім – бірінші шығыс.
Мемлекеттік мекеме субъектінің оларды қолдану мақсаты жəне ұқсас
табиғаты бар барлық қорлар үшін өзіндік құнды есептеудің бір əдісін қолданады.
Өзара сипаты мен қолданылу мақсаты бойынша ерекшеленетін қорларға
қатысты өзіндік құнды бағалаудың əр түрлі əдістерін қолдану ақталған болып
табылады. Мемлекеттік мекеме таңдаған қорларды бағалаудың əдісі есепті
кезең ішінде қолданылады. Бірыңғай есеп саясатына сəйкес əр жылға осы үш
əдістің ішінен екеуін қолдану көзделген: шығындардың ерекше сəйкестігі не-
месе арнайы индентификациялық жəне орташа өлшем құны əдісі.
Мысал. Есепті кезең басында қорлар бойынша ешқандай кіріспе қалдық
болған жоқ. Ұйым есепті жыл ішінде мына төмендегі қорларды алды.
Достарыңызбен бөлісу: |