Студенттердің іскерлік дағдыларын
қалыптастыруға арналған тапсырмалар
1-есеп
Мекеме 1 000 тонна жанармайды тоннасының ақшалай бағасы 84 000
теңгеден алды. Есепті кезең аяғында оның тоннасының сауда бағасы 81 000
теңгеге төмендеді. Сол себептен, қорлардың ішінде жанармайдың бағасы
тоннасы 81000 теңгеден төмендетілуі керек. Бұл кезде 3 000 мың теңге (1 000
*84 000- 1 000* 81 000) шығын пайда болады. Сол шығын есепте қалай
көрсетіледі?
А) Дебет 7440 3000,0 мың теңге
Кредит 1360 3000,0 мың теңге;
В) Дебет 1360 3000,0 мың теңге
Кредит 1315 3000,0 мың теңге;
С) Дебет 7450 3000,0 мың теңге
Кредит 1360 3000,0 мың теңге;
Д) Дебет 7450 3000,0 мың теңге
Кредит 1315 3000,0 мың теңге;
Е) Дебет 7440 3000,0 мың теңге
Кредит 1315 3000,0мың теңге;
2-есеп
Мекеменің өндірістік қорлары 2012 жыл аяғында қор бойынша 800000
теңгені құрады. Желтоқсанда олардың сату бағасы барлығы 720 000 теңгені
құрады. Қолданыста бар қорлар 2013 жылдың қантар айында 600 000 теңгеге
сатылды. 2012 жылдың желтоқсанында сату шығындары 100000 теңгені
құрады, ал 2013 жылдың қантарда отындардың қымбаттауына байланысты
олар 120000 теңге болды.
215
Достарыңызбен бөлісу: |