Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қорлар (1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының  020-жолы



Pdf көрінісі
бет189/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

Қорлар (1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының  020-жолы)

Көрсеткіштер

Жо

л

 ко

ды

Ма

териа

лдар

  

Аяқт

алм

аған

 

өндіріс

Дайын

 өнім

Та

уа

рл

ар

Ж

олдағы

  қор

лар

Бар

лығы

 

1

2

3

4

5

6

7

8

Сатып алу құны бойынша есепті кезеңнің 

басындағы сальдо

010


Сатып алу құны бойынша түсімдер

011


Сатып алу құны бойынша шығулар

012


Сатып алу құны бойынша есепті кезеңнің 

аяғындағы сальдо

013

Есепті кезеңнің басындағы құнсыздануға 



арналған резерв сальдосы

020


х

х

х



х

х

Есепті кезеңдегі құнсыздануға арналған  



резерв есептелген

021


х

х

х



х

х

Есепті кезеңдегі құнсыздануға арналған  



резерв есептен шығарылған

022


х

х

х



х

х

Есепті кезең аяғындағы құнсыздануға 



арналған резерв сальдосы

023


х

х

х



х

х

Ең төмен құн бойынша есепті кезеңнің 



басындағы сальдо 030

Ең төмен құн бойынша есепті кезеңнің 

аяғындағы сальдо

031


9.6. Қорлар бойынша жасалған операцияларды құжаттау

Бухгалтерлік  есеп  тіркелімдеріне  материалдар  мен  тамақ  өнімдері  кіріс 

бойынша  алғашқы  құжаттар  (шоттар,  актілер  мен  басқалар)  негізінде, 

құндылықтар  алынған  күнмен  жазылады.  Алғашқы  құжаттарда  мынадай  де-

ректер  көрсетілуі  тиіс:  материалдар  мен  тамақ  тамақ  өнімдері  кімнен  түсті, 

атауы, сұрпы, саны (салмағы), бағасы, сомасы, қоймаға түскен күні мен осы 

құндылықтарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның қолхаты.

Өнім беруші құжаттарының деректерімен алшақтық болған жағдайда Ны-




209

сандар  альбомының 429 нысаны  бойынша  қорларды  қабылдап  алу  туралы 

акті жасалады. Актіні қабылдау комиссиясы екі данада қойма меңгерушісінің 

жəне  мүдделі  тараптың  міндетті  қатысуымен  жасайды.  Актінің  бір  данасы 

қабылданған  материалдық  құндылықтарды  есепке  алу  үшін,  екіншісі  өнім 

берушіге қарсылық хатын рəсімдеу үшін қолданылады.

Қоймадан  материалдарды  беру  мемлекеттік  мекеме  басшысы  бекіткен 

құжаттар  арқылы  жүргізіледі.  Материалдарды  беру  үшін  мынадай  құжаттар 

қолданылады:

Нысандар альбомының 434 нысанды жүкқұжаты (талабы) қоймадан мате-

риалдарды  беру  кезінде  жəне  мемлекеттік  мекеме  ішінде  материалдарды  ал-

мастыру кезінде  қолданылады. Жүк құжат (талап) əдетте бір данада беріледі;

Нысандар альбомының 299 нысанды тізім-талабы қоймадан тамақ өнімде-

рін  беру  үшін  қолданылады.  Тізім-талап  күн  сайын  тамақ  өнімдерін  тарату  

нормалары  негізінде  жəне  қанағаттанғандар  саны  туралы  деректер негізінде 

жасалады.

Тұлғалардың  азық-түліктерді  алу  мен  беру  туралы  қолхаты  кестеде 

белгіленген  мерзімде  бір  айда  кемінде  үш  рет  бухгалтериялық  қызметке 

жіберіледі.

Тамақ өнімдерінің түсімін есепке алу азық-түліктердің кірісі бойынша Ны-

сандар альбомының 300 нысанды жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Ведомость 

əрбір материалдық жауапты тұлға бойынша жеке жасалады. Ведомостегі жаз-

балар алғашқы құжаттар негізінде сандық жəне сома шамасында жүргізіледі. 

Ай  аяқталғаннан  кейін  ведомосте  қорытындылар  есептеледі.  Нысандар 

альбомының 300 нысанды  жинақтау  ведомосі 11-мемориалды  ордерін  жасау 

үшін негіз болып табылады. 

Тамақ  өнімдерінің  шығыстарын  есепке  алу  Нысандар  альбомының 399 

нысанды  тамақ  өнімдерінің  шығыстары  жөніндегі  жинақтау  ведомосінде 

жүргізіледі. Бұл ведомость материалдық жауапты тұлғалар бойынша жасала-

ды.  Ондағы  жазбалар  Нысандар  альбомының 299 нысанды  тізім-талап  жəне 

басқа құжаттары негізінде жүргізіледі.

Ай аяқталғаннан кейін ведомосте қорытындылар есептеледі, ол жұмсалған 

тамақ өнімдерінің құнын анықтауға септігін тигізеді. Бір мезгілде балалардың 

қатысуы  туралы  деректермен  балаларға  арналған  мекемелер  бойынша, 

аурулардың  болуы  туралы  мəліметтер  бойынша  емделу  мекемелеріндегі 

қанағаттанушылардың саны жəне басқа мəліметтер  салыстырылады.

12-мемориалды  ордерді жасау үшін Нысандар альбомының 399 нысанды 

жинақтау ведомосі негіз болып табылады. Жинақтау ведомосінің деректерінен 

басқа, Нысандар альбомының 411 нысанының жиынтығына тамақ өнімдеріне 

басқа шығыс құжаттарының (азық-түліктердің жетіспеушілігіне, қайтарылуына 

актілердің жəне басқа шығыс құжаттарының) деректері жазылады. 

Тамақ  өнімдерінің  талдамалы  есебі  атаулары,  сұрыптары,  саны,  бағасы 

мен  материалдық  жауапты  тұлғалар  бойынша  Нысандар  альбомының  М-44 



210

нысанды  айналым  ведомостерінде  жүргізіледі.  Айналым  ведомостеріне  жаз-

балар Нысандар альбомының 300 жəне Нысандар альбомының 399 нысанды 

жинақтау ведомостерінің мəліметтері мен тамақ өнімдерінің кірісі мен шығысы 

бойынша басқа құжаттардың негізінде жүргізіледі. Айналым ведомостерінде 

ай сайын айналымдар саналады жəне айдың басына қалдықтар шығарылады;

Нысандар альбомының 397 нысанды азық пен жем бөлуге ведомость, азық 

пен жем қоймадан белгіленген нормалар шегінде жіберіледі;

Нысандар  альбомының 410 нысанды  мемлекеттік  мекеменің  қажеттілік-

теріне материалдарды бөлу ведомосі бір ай ішіндегі шаруашылық материал-

дарын,  оқу  жəне  басқа  мақсаттарға  материалдарды  бөлу  үшін  қолданылады. 

Бұл ретте ведомостегі жазуларды хронологиялық емес тəртіпте жүргізген жөн, 

ал  айдың  соңында  материалдардың  əр  түрі  бойынша  жалпы  қорытындыны 

шығару үшін материалдардың əр түрі үшін жолдың белгіленген санын қалдыру 

керек;

Нысандар альбомының 431 нысанды жинау картасы материалдар мен отын-



ды күнделікті бөлген кезде де, ай ішінде уақыттың анықталған арлығында да 

қолданылады.

Жинау  картасы  əр  алушыға  материалдың  бірнеше  атауына  тікелей 

қолданылуы  бойынша  жұмсау  үшін  беріледі.  Бұл  карта  екі  данада  беріледі, 

біреуі алушының қолхатымен қоймада, екіншісі алушыда сақталады. Матери-

алдарды күнделікті бөлу кезінде жинау картасы 15 күнтізбелік күн мерзіміне, 

ал мерзімді бөлінгенде бір ай мерзімге беріледі.

Материалдар  мен  отын  алушы  жинау  картасының  өзіндегі  данасын 

көрсеткен кезде белгіленген лимит шегінде беріледі. Белгіленген лимиттен тыс 

материалдарды бөлу Нысандар альбомының 434 нысанды жүкқұжаты бойын-

ша жүргізіледі.

Қоймадан  жүкқұжат  немесе  жинау  картасы  бойынша  отын  беру  мүмкін 

болмаған  жағдайда,  отын  шығындарын  есептен  шығару  қалдықтарды  өлшеу 

актісі  бойынша  жүзеге  асырылады.  Өлшеу  актісі  бойынша  шығынның 

белгіленген нормаларын салыстырғанда отын жетіспеген жағдайда  мемлекет-

тік мекеменің басшысы артық жұмсау себептерін анықтауға шаралар мен тиісті 

жағдайда өндіріп алу шараларын  қолданады;

Жол парағы автомобиль жанар жəне жағар май материалын шығынға есеп-

тен шығару үшін қолданылады. Жанар жəне жағар май материалдар іс жүзіндегі 

шығын бойынша,  бірақ  автомобильдердің жеке түрлері үшін бекітілген нор-

малардан артық емес мөлшерде есептен шығарылады;

Нысандар  альбомының 1 т  нысанды  тауар-көлік  жүкқұжаты  жеке 

автомобильдерінде мемлекеттік мекеменің өз қажеттіліктері үшін жүктерді та-

сымалдау үшін қолданылады.

Дайын  бұйымдар  мен  баспа  өнімі  қоймада  қабылдау  актісі  немесе  басқа 

құжаттар негізінде кіріске жазылады. Дайын бұйымдар мен баспа өнімдерінің 

талдамалы есебі атауы, саны, құны мен сақтау орындары бойынша Нысандар 

альбомының 296-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.




211

Құрылыс  материалдарының  талдамалы  есебі  материалдардың  атаулары, 

саны, бағасы бойынша Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларын-

да жүргізіледі.

Материалдарды  шығысқа  жазу  мемлекеттік  мекеме  басшысы  бекіткен 

актілер мен басқа құжаттардың негізінде жүргізіледі.

Дəрілік құралдардың талдама есебі бағандарды толтырусыз сандық есебі 

тұтастай  алғанда  мемлекеттік  мекеме  жəне  əрбір  бөлімше  (кабинет)  бойын-

ша құндылықтардың мынадай топтары бойынша Нысандар альбомының 296-а 

нысанды  карточкаларында  (Нысандар  альбомының 296 нысанды  кітабында) 

сома шамасында мынадай құндылықтар топтары бойынша жүргізіледі:

 

– дəрі-дəрмектер,  оларға  мыналар  жатады:  дəрілік  құралдар,  сарысулар 



мен вакциналар, дəрілік шөптік шикізат, емдік минералды сулар, залалсыздан-

дыру құралдары жəне басқа дəрі-дəрмектер;

 

– таңу  құралдары,  атап  айтқанда:  дəке,  жаратаңғыш,  мақта,  компресстік 



үлбі мен қағаз жəне басқа таңу құралдары;

 

– көмекші  материалдар:  жылтырақ,  жарғақ  жəне  сүзгіш  қағаз,  қағаз 



қораптар, қаптар жəне басқа көмекші материалдар;

 

– ыдыс:  сыйымдылығы 5000 миллилитрден  жоғары  шыны  сауыттар 



мен  банкалар,  бөтелкелер,  тобатайлар,  жəшіктер  жəне  құны  сатып  алынған 

дəрілердің бағасына кірмейтін басқа қайтарылатын ыдыс заттары.

Денсаулық  сақтаудың  емдеу-алдыналу  мемлекеттік  мекемелерінің 

бөлімшелерінде  (кабинеттерінде)  дəрі-дəрмектер  мынадай  топтар  бойынша 

заттық-сандық есепке жатады:

 

– улы дəрі-дəрмектер;



 

– есірткі дəрі-дəрмектері;

 

– этил спирті;



Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  нұсқауларына 

сəйкес клинкалық сынақ пен зерттеуге арналған:

 

– жаңа препараттар;



 

– тапшы қымбат тұратын дəрі-дəрмектер мен байлау құралдары;  

 

– бос та, дəрі-дəрмектерден бос емес те ыдыс.



Кеңсе құралдарын сатып алу мен алуды растайтын құжаттарда осы мате-

риалдарды алған тұлғаның қолы болуы тиіс.

Қара  металл  сынығы  мен  қалдықтары,  түрлі-түсті  металл  қалдықтары 

жəне арнайы қор материалдары бойынша талдама есеп Нысандар альбомының 

296-а  нысанды  карточкаларда  немесе  Нысандар  альбомының 296 нысанды 

кітабында жеке жүргізіледі.  

Жолдағы  материалдардың  талдамалы  есебі  жеке  өнім  берушілер  бо-

йынша  Нысандар  альбомының 296-а  нысанды  карточкаларында  (Нысандар 

альбомының 296 нысанды  кітабында)  жүргізіледі.  Орталық  жабдықтау  мен 

шаруашылық  қызмет  көрсету  топтарының  қоймасына  түскен  материалдар 

олардың атауы бойынша, бағасын, саны мен сомасын көрсете отырып Нысан-



212

дар альбомының 296-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 296 

нысанды кітабында) ескеріледі.

Қосалқы  бөлшектердің  талдамалы  есебі  қосалқы  бөлшектердің  ата-

уы,  таңбалары  зауыттық  нөмірлері,  саны,  құны  мен  материалдық  жауапты 

тұлғалар  бойынша  Нысандар  альбомының 296-а  нысанды  карточкаларын-

да  (Нысандар  альбомының 296 нысанды  кітабында)  жүргізіледі.  Бұл  ретте 

қоймадан  тозғандарды  айырбастау  үшін  берілген  автомобиль  шиналары  мен 

доңғалақ  қабын  бухгалтерлік  қызмет  арнайы  киімнің,  жеке  пайдаланылатын 

заттардың жəне пайдаланудағы басқа материалдардың қозғалысын Нысандар 

альбомының 412 нысанды  жедел  (сандық)  есепке  алу  ведомосінде  ескереді, 

онда алған тұлғаның лауазымы мен тегі, алған уақыты мен зауыттық нөмірлері 

жазылады. «Есептен шығару туралы белгілер» бағанында жарамсыздық сал-

дарынан  қолданудан  шығып    қалған  автомобиль    шиналары  мен  доңғалақ 

қабының күні мен зауыттық нөмірі жазылады.

Тамақ өнімдерінен басқа материалдардың шығысы бойынша операциялар-

ды  есепке  алу  Нысандар  альбомының 396 нысанды (13-мемориалды  ордер) 

материалдардың шығысы бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Сынған 

ыдысты есептен шығару үшін Нысандар альбомының 325 нысанды ыдыстың 

сынуын тіркеу журналы жүргізіледі. Журналдағы жазуларды тиісті лауазым-

ды  тұлғалар  жүргізеді.  Тұрақты  əрекет  ететін  комиссия  журналдың  дұрыс 

жүргізілуін тексереді жəне тоқсан сайын (ай сайын) сынған ыдысты есептен 

шығару үшін акт жасайды, актіні мемлекеттік мекеме басшысы бекітеді.

Ішкі киім, төсек құралдары, киім мен аяқ-киім жеке топтарға бөле отырып, 

олардың атаулары, саны, материалдық жауапты тұлғалары бойынша  Нысандар 

альбомының  М-17  нысанды  материалдарды  қоймалық  есепке  алу  кітабында 

ескеріледі:

 

– ішкі киім (жейделер, ішкі көйлектер, халаттар жəне басқа да ішкі киім);



 

– төсек  орындары  мен  жабдықтары  (матрацтар,  жастықтар,  көрпелер, 

ақжаймалар, көрпе тыстары, жастық тыстары, жапқыштар, ұйықтауға арналған 

қаптар жəне басқа төсек орындары мен жабдықтары);

 

– арнайы киімді қоса алғанда киім мен нысанды киім (костюмдер, паль-



то, плащтар, қысқа тондар, көйлектер, əйелдер киетін көкірекшелер, юбкалар, 

курткалар, шалбарлар жəне басқа да киімдер мен киім-кешектер);

 

– арнайысын  қоса  алғанда  аяқ  киім  (бəтеңкелер,  етіктер,  қонышты  аяқ 



киімдер, жазғы аяқ киімдер, пималар жəне басқа да аяқ киім);

 

– спорттық  киім  мен  аяқ  киім  (костюмдер,  бəтеңкелер  жəне  басқа  да 



спорттық киім мен аяқ киім).

Жұмсақ  мүкəммалдың  көрсетілген  заттарын  мемлекеттік  мекеме  басшы-

сы мен бухгалтерлік қызметтің қызметкерінің қатысуында қойма меңгерушісі 

мемлекеттік  мекеменің  атауын  көрсете  отырып,  заттың  сыртқы  түрін 

зақымдамай, жуылып кетпейтін бояумен, арнайы мөрмен таңбалайды, заттар-

ды қолдануға берген кезде қосымша қоймадан берілген күннің мерзімі айы мен 




213

жылы  көрсетіледі.  Таңбалау  мөртабандары  мемлекеттік  мекеме  басшысында 

немесе оның орынбасарында сақталуы тиіс.

Қолданыстағы ішкі киім, төсек орындары, киім мен аяқ-киімнің талдама-

лы есебі заттардың атаулары, саны, құны, топтары мен материалдық жауапты 

тұлғалары бойынша Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында 

(Нысандар альбомының 296 нысанды кітабында) жүргізіледі немесе түгендеу 

тізімдемесіне (салыстырмалы ведомоске) Нысандар альбомының 402 нысанды 

қосымша парақтарында жүргізіледі.

Ескірген  жəне  жарамсыз  болған  ішкі  киім,  төсек  орындары,  киім  мен 

аяқ-киімді  есептен  шығару  «Баланстан  ішкі  киім,  төсек  орындары,  киім 

мен  аяқ-киімді,  құралдарды,  өндірістік  жəне  шаруашылық  мүкəммалдыі 

есептеншығаруға  акті»  Нысандар  альбомының 443-а  нысаны  бойынша 

мемлекеттік  мекеме  басшысы  бекіткен  есептен  шығаруға  акті  негізінде, 

өз  жүйесі  үшін  бюджеттік  бағдарламалар  əкімшілері  бекіткген  қызмет  ету 

мерзімін ескере отырып жүргізіледі. 

Арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің жəне сақтау құрылғыларының  талда-

малы есебі Нысандар альбомының МБ-6 «Арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің 

жəне сақтау құрылғыларының жеке карточкасы» нысаны бойынша жəне Ны-

сандар  альбомының  МБ-7 «Арнайы  киімді,  арнайы  аяқ-киімді  жəне  сақтау 

құрылғыларын беруді (қайтаруды) есепке алу» нысаны бойынша жүргізіледі. 

Жинақтау  ведомостіне  жазулар  əр  құжат  жəне  қызмет  көрсететін 

мемлекеттік  мекемелер  немесе  материалдық  жауапты  тұлғалар  бойынша, 

оның ішінде соманы белгілей отырып əрбір құжат жəне тиісті қосалқы шот-

тар бойынша жүргізіледі. Ай аяқталғаннан  кейін  қосалқы  шоттар  бойынша 

қорытындылар «Негізгі журнал» кітабына жазылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет