Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Негізгі құралдарды бағалау бойынша шоттар байланысы



Pdf көрінісі
бет202/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

10.1-кесте

Негізгі құралдарды бағалау бойынша шоттар байланысы



Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Түскен ұзақ мерзімді 



активтердің баланстық 

құнын есепке алу



2310-2380 Негізгі 

құралдар


3210  Жеткізушілерге   

жəне   мердігерлерге   

қысқа   мерзімді  

кредиторлық берешек

2.

Қайырымдылық жəне 



демеушілік көмек 

ретінде алынған негізгі 

құралдар

2310-2380 Негізгі 

құралдар


6050 Демеушілік 

жəне қайырымдылық 

көмектен алынатын 

кірістер


3.

Мемлекеттік мекемелер 

арасында негізгі 

құралдарды беру



2310-2380 Негізгі 

құралдар


6330  Өтеусіз түрде 

алынған активтерден 

алынатын кірістер

2391 «Негізгі 

құралдардың 

жинақталған 

амортизациясы

4.

Бір бюджеттік 



бағдарламалар 

əкімшісіне ведомстволық 

бағынысты

мемлекеттік мекеме-

лер арасында негізгі 

құралдарды алу



2310-2380 Негізгі 

құралдар


5011 «Күрделі 

салымдарды 

бюджет есебінен 

қаржыландыру



2391 «Негізгі 

құралдардың 

жинақталған 

амортизациясы




227

10.1-кестенің жалғасы

5.

Шығындалған ұзақ 



мерзімді активтердің 

баланстық құнын 

есептен шығару

7420 Ұзақ мерзімді 

активтерді қатардан 

шығару жөніндегі 

шығыстар


2310-2380 Негізгі 

құралдар


6.

Шығындалған ұзақ 

мерзімді активтердің 

амортизациясын есептен 

шығару 

2391 Негізгі 

құралдардың 

жинақталған 

амортизациясы



2310-2380 Негізгі 

құралдар


7.

Өткен кезеңдерде 

құнсыздануға резерв 

жасалған болса, онда 

шығындалған ұзақ 

мерзімді активтерге  

қатысты сомасы есептен 

шығарылады 



2392 Негізгі 

құралдардың 

құнсыздануына резерв

7440  Активтердің 

құнсыздануынан 

түсетін шығыстар

Қайта бағалау моделі: əділ құны сенімді бағаланатын негізгі құралдар  ны-

санын актив ретінде танығаннан  кейін есепке алу кез келген жиналған келесі 

амортизация мен шығындардың құнсыздануы нəтижесінде жиналған кез кел-

ген келесі амортизацияны алып тастағанда, қайта бағалау күніне əділ құнды 

білдіретін оның қайта бағалау құны бойынша жүргізіледі [10.2-сызба].



10.2-сызба

ɇɟɝɿɡɝɿ ԕԝɪɚɥɞɚɪ 

Ԧɡɿɧɞɿɤ ԕԝɧɵ 

ɛɨɣɵɧɲɚ 

ɇɚԕɬɵ ɲɵԑɵɧɞɚɪ 

ɛɨɣɵɧɲɚ ɟɫɟɩ ɦɨɞɟɥɿ 

Ԕɚɣɬɚ ɛɚԑɚɥɚɧԑɚɧ ԕԝɧ 

ɛɨɣɵɧɲɚ ɟɫɟɩ ɦɨɞɟɥɿ 


228

Қайта  бағалау  бюджетті  атқару  жөніндегі  орталық  уəкілетті  орган 

белгіленгенкезең мен мерзімде өткізіледі, бірақ  негізгі құралдардың əр ныса-

ны бойынша жеке 3-5 жыл жиілігімен өткізіледі.

Негізгі құралдар нысанын қайта бағалау кезінде осы актив жататын негізгі 

құралдардың барлық сыныбы (тобы) қайта бағаланады.

Жер  мен  ғимараттардың  əділ  құны  деп  кəсіби  бағалаушылар  орындаған, 

бағалау жолымен анықталатын олардың нарықтық құны болып табылады.

Машиналар мен жабдықтар санаттарының əділ құны, əдетте бағалау жолы-

мен анықталатын олардың нарықтық бағасы болып табылады.

Машиналар  мен  жабдықтың  арнайы  сипаттағы  себебі  бойынша  немесе 

осы  активтердің  сатылуы  сирек  болу  себепті  нарықтық  құн  туралы  ақпарат 

болмағанда, тозуын ескере отырып, олар нақты құны бойынша бағаланады.

Жүргізілген  қайта  бағалау  нəтижесінде  активтер  сыныбының  баланстық 

құнының  артуы  таза  активтерге/капиталға  жатқызылады  жəне  Шоттар 

жоспарының «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының 

дебеті  жəне 5111 «Негізгі  құралдарды  қайта  бағалауға  арналған  резерв» 

қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Қайта бағалаудан осы актив 

нысанының құнының азаюы бұрын танылса, онда негізгі құрал құнының артуы 

ағымдағы  жылдың  қаржы  нəтижесіне  бұрын  қаржы  нəтижесінің  құрамында 

танылған сол активтің қайта бағалау құнының азаю сомасын қалпына келтіре-

тін мөлшерде жатқызылады.

Егер  негізгі  құралдардың  баланстық  құны  қайта  бағалау  нəтижесінде 

азайса, онда мұндай азаюдың сомасы ағымдағы жылдың қаржы нəтижесінде 

көрсетіледі. Алайда, бұл азаю осы активке жататын негізгі құралдардың қайта 

бағалауға резервте көрсетілген, бар кредиттік қалдығы мөлшерінде таза актив-

терге/капиталға жатқызылады.

Негізгі құралдар объектісін қайта бағалау кезінде, қайта бағалау күніне кез 

келген жинақталған амортизация:

 

– не активтің баланстық құнының барабар өзгеруіне қарай қайта есептеледі 



(активтің алғашқы құны мен  жинақталған амортизация сомасы қайта бағалауға 

дейін баланстық құнға қайта бағаланған құнның қатысына тең бір көрсеткішке 

көбейеді).  Жинақталған  амортизацияның  түзету  сомасы: 5111 «Негізгі 

құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының кредиті жəне 

2391 «Негізгі  құралдардың  жинақталған  амортизациясы»  қосалқы  шотының 

кредиті бойынша жазумен көрсетіледі; 

 

– не  активтің  баланстық  құны  анықталады,  бұл  ретте 2391 «Негізгі 



құралдардың  жинақталған  амортизациясы»  қосалқы  шоты  дебеттеледі  жəне 

активтің қайта бағаланған құнына дейін қайта есептелетін Шоттар жоспары-

ның  «Негізгі  құралдар»  бөлімі  шотының  тиісті  қосалқы  шоты  кредиттеледі 

(бұл əдіс ғимараттар үшін жиі пайдаланылады). 

Қайта  бағаланған  негізгі  құралдарды  пайдалану  шамасына  қарай  жете 

бағалау  сомасы  қаржылық  нəтижеге  есептен  шығарылады: 5111 «Негізгі 




229

құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының дебеті жəне 

5210 «Есепті жылдың қаржылық нəтижесі» шотының кредиті.

Алғашқы  құнның  өзгеруі  есепке  алу  моделін  таңдауға  байланысты  емес, 

Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  шешіміне  сəйкес  активтерді  қайта 

бағалау жағдайында ғана рұқсат етіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет