жəне бiр жылдан астам уақыт ішінде қолданылатын материалды нысандар.
табиғи газды жəне ұқсас қалпына келтiрiлмейтiн табиғи қорларды əзірлеуге
221
қауіпсіздігі мен қорғауын қамтамасыз ету үшін сатып алынатын негізгі
құралдар) қолданудан пайда алу үшін қажет нысандар танылады.
Резервтік жабдықтаудың бір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылатыны
күтілетін қосалқы бөлшектері, сондай-ақ тек негiзгi қаражаттардың нысан-
дарына байланысты қолданыла алатын қосалқы бөлшектер мен көмекші
жабдықтаулар негізгі құралдар ретінде танылады жəне ескеріледі.
Инфрақұрылымдық активтер төмендегі сипаттамалардың біреуі немесе
бірнешеуі болған кезде негізгі құралдардың нысандары ретінде танылады:
• жүйенің немесе желінің бөлігі болып табылады;
• арнайы сипаты бар жəне баламалы қолданысы жоқ;
• жылжымайтын болып табылады; сатуға белгіленген шектеулер болады.
Жолдардың желілері, кəріздеу жүйелері, су жəне электржабдықтаулар
жүйелері жəне коммуникация желілері инфрақұрылымдық активтер болып та-
былады.
Экономикалық пайданы тура көбейтпейтін, бірақ мұндай пайданы
негізгі құралдардың басқа объектілерінен алу үшін қажет қоршаған ортаның
қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін активтер негізгі құралдардың
нысандары ретінде танылады.
Жылжымайтын мүлiк ретiнде келешекте қолдануға қайта жаңартылатын
инвестициялық жылжымайтын мүлiкті есепке алу үшін қолданылады.
Құрылыс жұмыстары немесе қайта жаңарту аяқталған сəтте жылжымайтын
мүлiк инвестициялық жылжымайтын мүлiк болады жəне мемлекеттік ме-
кеме «Инвестициялық жылжымайтын мүлiкті есепке алу тəртібі» бөлімінің
ережелерін қолданады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі дұрыс құжатты ресімдеуді жəне
мемлекеттік мекеме ішінде олардың ауысуының түсімі мен шығуын есепке
алу тіркелімдерінде уақытылы көрсетуді, сондай-ақ əрбір объектінің (заттың,
жиынтықтың) сақталуы мен дұрыс қолданылуын бақылауды қамтамасыз етуі
тиіс.
Мемлекеттік мекеменің негізгі құралдарын есепке алу үшін мынадай шот-
тар/қосалқы шоттар арналған:
2310 «Жер»;
2320 «Ғимараттар»;
2330 «Құрылыстар»;
2340 «Беріліс құрылғылары»;
2350 «Көлiк құралдары»;
2360 «Машиналар мен жабдықтар»;
2370 «Аспаптар, өндірістік жəне шаруашылық мүкəммалы»;
2380 «Өзге негiзгi құралдар»;
2390 «Негiзгi құралдардың жинақталған амортизациясы мен құнсыздануы»;
2411 «Аяқталмаған құрылыс»;
5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв».
222
Негізгі құралдардың объектісі алғаш танылған кезде өзіндік құны бойынша
көрсетіледі, келесі есеп пен бағалануы нақты шығын немесе қайта бағаланған
құн есеп моделі бойынша жүргізілуі мүмкін [10.1-сызба].
10.1-сызба
Достарыңызбен бөлісу: