254
жағдайын жақсартуға бағытталған мынадай шығындарда қажеттілік туындай-
ды. Бұл ретте келесі күрделі салымдар нəтижесінде инвестициялық жылжы-
майтын мүліктің баланстық құнының өсуі болашақ экономикалық пайдалар
алғашқы бағаланған нормалардан тыс мемлекеттік мекемеге түскен жағдайда
ғана жүргізіледі. Жылжымайтын мүліктің немесе оның қызмет көрсетуінің
бөліктерін айырбастау, қосу мақсаты салдарынан шегілген шығындар
инвестициялық жылжымайтын мүліктің баланстық құнына кіреді.
Мемлекеттік мекеме баланстық құнда тану өлшемдерінің талаптарын
орындауда, осындай шығындардың туындау сəтінде бар инвестициялық
жылжымайтын мүлік бөліктерін ауыстыруға шығындарды көрсетеді. Барлық
өзге кейінгі шығындар олар шегілген кезеңдегі шығын ретінде танылуы тиіс:
нысанның техникалық жағдайын қолдау жəне сақтау мақсатында жүргізілетін
инвестициялық жылжымайтын мүлікті жөндеуге жəне қолдануға шығындар;
активті дұрыс қолданбау нəтижесінде, апат салдарынан не өзге бұзулар сал-
дарынан болатын инвестициялық жылжымайтын мүлікті жөндеуге жəне
қалпына келтіруге шығындар.
Достарыңызбен бөлісу: