Дебет 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» – 1 200 000 теңге.
Кредит 2310 «Жер» – 1 200 000 теңге.
Қаржылық нəтижеге қайта бағалау құнының резерв аударымы:
Дебет 5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» – 350 000
теңге.
Кредит 5210 «Есепті жылдың қаржылық нəтижесі» – 350 000 теңге.
Реклассификация сəттегі инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің
қайта бағалау құны(1 350 000-1 200 000=150 000 теңге):
Дебет 2510 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» – 150 000
теңге.
Кредит 6310 «Əділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер» – 150 000 теңге.
2-есеп
Мекеме балансында қайта бағалау құн есеп моделі бойынша негізгі құрал
ретінде тіркелген ғимарат бар.
Бюджеттік бағдарлама əкімшілігі келісімімен мекеме басшысы ғимаратты
келісімге сəйкес операциялық жал бойынша өткізу туралы шешім шығарды.
Жердің бастапқы құны – 1 500 000 теңге.
Жерді қайта бағалаудан алынған резерв – 450 000 теңге.
Нысанның ұсынылған мерзімі өзгерісінің ағымдық құны – 1 950 000 теңге.
Тапсырма:
1. Нысанның реклассификация құнын;
2. Қаржылық нəтижеге қайта бағалау құнының резерв аударымын;
3. Реклассификация сəттегі инвестициялық жылжымайтын мүлік
нысанының қайта бағалау құнын анықтаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |