Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Биологиялық активтер бойынша шоттар байланысы



Pdf көрінісі
бет234/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

Биологиялық активтер бойынша шоттар байланысы



Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Ұзақ  мерзімді активтерді бір 



бюджеттік бағдарламалар 

əкімшісіне бағыныштағы 

мемлекеттік мекемеден алу 

2610 Жануарлар, 

немесе 


2620 Көпжылдық  

екпелер


5011 Күрделі 

салымдарды 

бюджет есебінен 

қаржыландыру

2

Ұзақ мерзімді активтерді 



сатып алу

2610 Жануарлар, 

немесе 


2620 Көпжылдық  

екпелер


3210 Жеткізушілерге 

жəне мердігерлерге 

қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек  

3

Түскен ұзақ мерзімді 



активтердің баланстық құнын 

есепке алу



2610 Жануарлар, 

немесе 2620 

Көпжылдық  екпелер

6330  Өтеусіз түрде 

алынған активтерден 

алынатын кіріс

4

Өсім немесе биоөзгерту 



процесінде алынған салмақ 

өсімі


2610 Жануарлар

6360 Өзге кірістер, 

немесе


8010 Өндіріске жəне 

басқа мақсаттарға 

арналған шығындар



268

Өсім немесе биоөзгерту үрдісінде алынған салмақ өсімі 2610 «Жануарлар» 

қосалқы шотының дебеті жəне 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойын-

ша көрсетіледі.

Материалдық  жауапты  тұлғаның  кінəсі  бойынша  жануарлардың  өлімі 

болған  жағдайда  шаруашылыққа  келтірілген  залал  Қазақстан  Республика-

сының  əкімшілік  жəне  қылмыстық  заңнамасына  сəйкес  кінəлі  тұлғалардан 

өндіріп алынуы тиіс. 

Биологиялық активтер жеке топтарға бөліне отырып ескеріледі:

 

– жас көшеттердің барлық түрлері толық дамуға жеткен көшеттерден, яғни 



жеміс  əкелу  басындағы  жастан,  ағаштың  ұшар  басының  қосылуынан  жəне 

бөлек ескеріледі;

 

– өнімді жəне тұқымды малдың жас төлі түрлері жəне жас топтары бойын-



ша бөліну арқылы ескеріледі;

 

– ересек малдар түрлері бойынша бөлу арқылы ескеріледі.



Биологиялық активтерді бір топтан екінші топқа ауыстыру ішкі ауыстыру 

ретінде танылады.

Биологиялық  активтер  алғаш  танылған  сəтінде  жəне  əрбір  есепті  кезеңге 

əділ  құны  бойынша  биологиялық  активтерді  есепке  алу  кезінде  əділ  құнын 

анықтау мүмкін емес жағдайларды қоспағанда, сатуға қосымша шығындарды 

алып тастағанда əділ бағасы бойынша өлшенеді.

Биологиялық  активтерден  алынған  ауылшаруашылық  өнімі    мемлекеттік 

мекеменің  тұрақты  əрекет  ететін  комиссиясы  актісінің  негізінде  өнімді  алу 

сəтінде анықталатын оның сатылуына қосымша шығындарды шегере отырып 

анықталатын əділ баға бойынша өлшенеді.

Белсенді нарық болған кезде биологиялық активтің немесе ауылшаруашы-

лық  өнімінің  əділ  құнын  негізгі  сипаттамалары  бойынша  (мысалы,  осы 

нарықта  бағаны  белгілеу  үшін  қолданылатын  жас  бойынша  немесе  сапа  бо-

йынша) биологиялық активтер мен ауылшаруашылық өнімді топтау жолымен 

анықтауға болады 

Активтерді  қаржыландыруға  өнім  жиналғаннан  кейін  қайта  қалпына 

келтіруге  байланысты  ақша  қозғалысы  (мысалы,  ормандағы  кесілген 

ағаштардың  орнына  ағаш  отырғызуға  байланысты  шығыстар)  есепке 

қосылмайды.

Ауылшаруашылық  өнімінің  егінді  жинау  кезіндегі  əділ  құны  жеткiлiктi 

нақтылық дəрежесімен анықталады.  

Сатуға  қосымша  шығындар  комиссиялық  шығыстарды,  салықтарды, 

меншікке беруге алымдар мен баждарды қамтиды. 

Сатуға  қосымша  шығындарға  нарыққа  активтерді  жеткізуге  байланысты 

көліктік жəне өзге шығыстар жатпайды.

Нарықтық  баға  немесе  басқа  өзіндік  құн  көрсеткіші  болмаған  жағдайда 

биологиялық  активті  жиналған  амортизация  мен  оның  құнсыздануынан 

шығындарды алып тастағанда, өзіндік құн бойынша бағалаған жөн (іс жүзіндегі 

шығындар бойынша есепке алу моделі). 



269

Биологиялық  активтің  əділ  құнын  сенімділіктің  жеткілікті  дəрежесімен 

бағалау мүмкіндігі болмаған кезде, сату бойынша болжамды шығыстарды ше-

гере отырып, əділ құн бойынша бағалауға көшу керек.

Жекелеген жағдайларда активтің өзіндік құны оның əділ құнына тең болуы 

мүмкін: 


 

– биоөзгеру бастапқы шығыстардан бастап орын алмаса (мысалы, тікелей 

есептік күн алдында отырғызылған жеміс-жидек ағаштарының көшеттері);

 

– биоөзгерудің  бағаға  маңызды  əсер  беруі  күтілмесе  (мысалы,  өңдірістік 



циклі 30 жылды құрайтын орман шаруашылығындағы қарағайлардың алғашқы 

өсу сатысында).

Егер биологиялық актив болжамды өткізу шығындары шегеріле отыра əділ 

құны  бойынша  бағаланса,  бұл  биологиялық  актив  есептен  шығарылғанша 

бағалануы тиіс.

Əділ құн бойынша бағалаудан өзіндік құн бойынша бағалауға көшуге, тек 

əділ құн бойынша бағалаудан нарықтағы бағалардың төмен түсіп кетуіне бай-

ланысты бас тартуға тыйым салынады.

Жермен  тығыз  байланысты  биологиялық  активтер  (мысалы,  орман 

шаруашылығындағы ағаштар) болжамды өтімді шығыстарды шегере отырып 

əділ құны бойынша жерден бөлек көрсетіледі.

Биологиялық  активтерден  алынған  ауылшаруашылық  өнімі  «Қорлар» 

шотының  тиісті  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 2610 «Жануарлар», 2620 

«Көпжылдық екпелер» шотының кредиті бойынша кіріске жазылады.

Биологиялық активті танығаннан кейін биологиялық активтерді іс жүзіндегі 

шығындар  бойынша  есепке  алу  кезінде  кез  келген  жиналған  амортизация-

ны  жəне  құнсыздану  нəтижесінде    кез  келген  жиналған  шығындарды  алып 

тастағанда оның өзіндік құны бойынша жүргізіледі.

Биологиялық  активтердің  амортизациясы  амортизацияның  белгіленген 

жылдық нормаларға сүйене отырып ай сайынғы амортизация нормаларын пай-

далана отырып, толық тозғанға дейін тұрақты негізде ай сайын есептеледі. 

Биологиялық  активтердің  жойылу  құны  нөлге  тең.  Сатып  алынған  

биологиялық активтердің амортизациясын есептеу сатып алудан кейінгі айдың 

1-інен бастап  жүргізіледі жəне биологиялық активтің шығып қалуынан кейінгі 

айдың 1-інен бастап тоқтатылады. 

Биологиялық  активтердің  амортизациясын  есептеу  мынадай  жазба-

мен  көрсетіледі: 7110 «Ұзақ  мерзімді  активтердің  амортизациясы  бойынша 

шығыстар» шотының дебеті жəне 2631 «Биологиялық активтердің жинақталған 

амортизациясы» қосалқы шотының кредиті.

Жыл  соңында  мал  өнімінің  жəне  малдың  жас  төлі  салмағы  құнының 

жоспарланған өзіндік құнына мынадай жазба жүргізіледі:

2610 «Жануарлар», 2620 «Көпжылдық екпелер» шотының дебеті жəне 6360 

«Өзге кірістер» шотының кредиті, немесе 

7460 «Өзге  шығыстар»  шотының  дебеті  жəне 2610 «Жануарлар», 2620 

«Көпжылдық екпелер» шотының кредиті.



270

Биологиялық  активтерді  сату  жəне  беру  негізгі  құралдармен  жасала-

тын  операцияларға  ұқсас  ескеріледі.  Жемдеу  аяқталғаннан  кейін  сойылған 

малдардың құны 7460 «Өзге шығыстар» шотының дебеті жəне 2610 «Жануар-

лар» шотының кредиті бойынша есептен шығарылады. 

Бұл ретте алынған өнімнің құны акті негізінде 1330 «Дайын өнім» шотының 

дебеті жəне 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша кіріске жазылады 

[12.2-кесте].



12.2-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет