лікті есепте көрсету «Дебиторлық жəне кредиторлық берешекті есепке алу
тəртібі» бөлімінде көрсетілген.
активтерді (өсімдіктерді) қабылдау – тапсыру (ауыстыру) актісі» нысанды
271
рəсімделген актіні қосымша құжаттарымен бірге бухгалтерлік қызметке тап-
сырады.
Барлық биологиялық активтер мемлекеттік мекеме басшысының
бұйрығымен тағайындалған тұлғалардың жауапты сақталуында болады.
Жауапты тұлғалар биологиялық активтердің түгендеу тізімдерін Нысандар
альбомының «Мемлекеттік мекемелерде биологиялық активтерді (жануар-
ларды) есепке алудың түгендеу карточкасы», «Мемлекеттік мекемелерде
биологиялық активтерді (өсімдіктерді) есепке алудың түгендеу карточка-
сы» БА-3 пен БА-3А нысаны бойынша нысан бойынша жүргізеді. Жауапты
тұлғалар сақталуын қадағалайды жəне барлық өзгерістердің есебін жүргізеді.
Нысандар альбомының БА-3 жəне БА-3А нысанды түгендеу карточкала-
ры Нысандар альбомының ОС-10 нысанды мемлекеттік мекемелердегі
ұзақ мерзімді активтерді есепке алу жөніндегі түгендеу карточкаларының
тізімдемесінде тіркеледі. Тізімдеме бір данада жасалады. Ондағы жазба кар-
точкаларды ашу жылын көрсете отырып, ұзақ мерзімді активтердің топта-
ры бөлінісінде жүргізіледі. Нөмірлеу 1-нөмірден бастап əрбір топ бойынша
жүргізіледі. Орталықтандырылған бухгалтерияларда əрбір қызмет көрсетілетін
мемлекеттік мекеме бойынша сол тəртіппен жүргізіледі. Ұзақ мерзімді актив-
тер шығып қалған жəне ауысқан кезде тізімдеменің «Ескертпе» бағанында ме-
мориалды нөмірдің мерзімі (күні, айы, жылы) көрсетіледі.
Түгендеу
карточкалары
бухгалтерлік
қызмет
картотекаларында
сақталады, онда олар өз ішінде материалдық жауапты тұлғалар бойынша,
орталықтандырылған бухгалтерияларда – қосымша қызмет көрсетілетін
мемлекеттік мекемелер бойынша да бола отырып, тиісті қосалқы шоттар мен
топтар бойынша орналастырылады.
Жауапты тұлға ауысқан кезде оның сақталуындағы биологиялық активтерді
түгендеу жүргізіледі, ол туралы Нысандар альбомының БА-1 жəне БА-1А ны-
саны бойынша қабылдау-өткізу актісі жасалады, оны мемлекеттік мекеменің
басшысы бекітеді.
Биологиялық активтерді есепке алу олардың сақталу орны мен жауапты
тұлғалар бойынша түгендеу нысандары бөлінісінде жүргізіледі.
Түгендеу
карточкалары
бухгалтерлік
қызмет
картотекаларында
сақталады, онда олар өз ішінде материалдық жауапты тұлғалар бойынша,
орталықтандырылған бухгалтерияларда – қосымша қызмет көрсетілетін
мемлекеттік мекемелер бойынша да бөла отырып, тиісті қосалқы шоттар мен
топтар бойынша орналастырылады.
Оның негізінде төлдеуден алынған малдың жас төлі кіріске жазылатын
құжат төлдетуге арналған акт болып табылады, оны мемлекеттік мекеменің
тұрақты əрекет ететін комиссиясы жасайды.
Жануарлардың жас төлін талдама есепке алу түрлері мен жастоптары
бойынша, ал жемдеудегі жануарлар бойынша тек түрлері бойынша Нысан-
дар альбомының 395 нысанды жануарларды есепке алу кітабында жүргізіледі.
272
Деректерді есепке алу жануарлардың тірі салмағы, өсімі, салмақ өсімі туралы
мəліметтерді алуға мүмкіндікті қамтамасыз етеді.
Биологиялық активтердің шығып қалуы мен есептен шығуы Нысандар
альбомының БА-2 «Биологиялық активтерді (жануарларды) есептен шығару
актісі» жəне БА-2А «Биологиялық активтерді (өсімдіктерді) есептен шығару
актісі» нысанын ресімдеумен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: