Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қаржыландырудың пайдаланылмаған сомасын қайтару



Pdf көрінісі
бет293/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

Қаржыландырудың пайдаланылмаған сомасын қайтару



Операцияның 

мазмұны

Дт

Кт

1

Жыл аяғында 



міндеттемелерді 

қабылдауға 

арналған жоспарлы 

тағайындауларды жабу



6090 

Қаржыландыруды 

бюджетке қайтару

1081 Жеке қаржыландыру 

жоспары бойынша 

міндеттемелер қабылдауға 

арналған жоспарлы 

тағайындаулары

1091 Жеке қаржыландыру 

жоспары бойынша 

міндеттемелер қабылдауға 

арналған жоспарлы 

тағайындаулары 

1082  Күрделі салымдар 

бойынша міндеттемелер 

қабылдауға арналған 

жоспарлы тағайындаулар



16.3. Айырбасталатын операциялардан түсетін  кірістер есебі

Айырбасталатын  операция  бір  тарап  активтерді  немесе  қызметтерді  ала-

ды  немесе  міндеттемелерді  өтейтін  жəне  тікелей  екінші  тарапқа  шамамен 

тең  құнды  тапсыратын  (негізінен  тауарлар,  қызметтер  немесе  активтерді 

қолданудың мүмкіндігі түрінде) операция танылады.



323

6110 «Тауарларды  (жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді)  өткізуден 

алынатын  кірістер»  шотында  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 

заңнамасына  сəйкес  мемлекеттік  мекеменің  иелігінде  қалатын  жəне  бюд-

жет бойынша бөлінген қаржы бөлумен қатар (сақталуға) белгілі мақсаттарға 

жұмсала алатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан 

алатын кірістер ескеріледі.

Тауарларды  (жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді)  сатудан  түсетін 

кірістер  қолма-қол  ақшасыз  есеп  айырысу  жолымен  түсе  алады,  сондай-

ақ  мемлекеттік  мекемелердің  кассасына  немесе  ақылы  қызметтер  ҚБШ-на 

кейіннен  аудару  үшін  банктер  филиалының  (бөлімшелерінің)  кассасына 

енгізіле алады.

Айырбасталатын операциялардан түсетін жалпы (таза) кіріс алынған жəне 

алуға жататын соманың əділ құны бойынша өлшенеді.

Өтеу əдетте ақша қаражаты немесе олардың баламалары түрінде жүргізіледі, 

жалпы кірістің сомасы – алынған немесе алуға күтіліп отырған ақша қаражаты 

мен олардың баламаларының сомасы.

Ұзақ мерзімді сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді көрсету 

операцияларымен  байланысты  жалпы  кіріс  операция  нəтижесі  сенімді 

бағаланғанда, есеп кезеңіне операцияның аяқталу дəрежесін есепке ала оты-

рып, яғни мынадай шарттар орындалса танылады:

 

– жалпы кірістің шамасы сенімді бағалана алады;



 

– операцияға байланысты экономикалық пайда немесе сервистік əлеуеті;

 

– субъектіге түседі деген ықтималдық болғанда;



 

– есепті күндегі жағдай бойынша операцияның аяқталу дəрежесі сенімді 

бағалана алады; 

 

– операцияға байланысты шегілген шығындар мен оны аяқтау үшін қажет 



шығындар сенімді бағалана алады.

Жұмыстар  мен  көрсетілетін  қызметтер  бойынша  жалпы  кіріс  мынадай 

сəттер бойынша тапқан кіріс ретінде танылады:

 

– нақты  орындау – шарт  (келісім,  келісімшарт)  талаптарына  сəйкес: 



не  қызметті  көрсетудің  басталу  сəтінде,  не  аяқтау  кезінде,  не  қызметті 

көрсеткеннен кейін, не шарттың əрекет еткен кезеңі (қызметті көрсету кезеңі) 

ішінде барабар;

 

– қызметті көрсету дəрежесін (аяқталу дəрежесін) ескере отырып – бара-



бар орындау;

 

– қызметтер  көрсету  шамасына  қарай – аяқталған  орындау  немесе 



«пайыздық дайындық» əдісі.

Жалпы  кіріс  қызметтер  көрсетілген  жəне  жұмыстар  орындалған  есеп 

кезеңдерінде ғана танылады.

6110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алы-

натын кірістер» шотының кредитінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), 

оның  ішінде  дайын  өнімдерді  жəне  оқу-өндірістік  шеберханаларының 




324

өнімдерін,  қосалқы  ауылшаруашылық  оқу-тəжірибелік  шаруашылықтарды 

сатудан  алынған  кірістердің  сомасы  жазылады  жəне  бұл  ретте 1231 «Сатып 

алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» 

қосалқы шоты дебеттеледі. 

Мемлекеттік  мекемелерге  тиесілі  асханалар  ұсынатын  тамақ  үшін  мек-

тептерде  жəне  мектеп-интернаттарда  оқитындардың  тамағы  үшін,  мектеп 

жанындағы  лагерлерде  балалардың  болғаны  үшін  есептелген  төлемнің  со-

масына жəне тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша сатудан 

ақша олардың өкімінде қалатын мемлекеттік мекемелердің басқа есеп айыры-

суларына 1231 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқамерзімді 

дебиторлық  берешегі», 1232 «Төлемдердің  арнайы  төлем  түрлері  бойынша 

қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебетіне жəне 6110 

«Тауарларды  (жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметтерді)  өткізуден  алынатын 

кірістер»  шотының  кредитіне  жазба  жүргізіледі.  Түскен  төлемнің  сомасына 

1231 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық  

берешегі»,  1232  «Төлемдердің  арнайы төлем түрлері бойыншақысқа мерзімді 

дебиторлық  берешек»  қосалқы  шоты  кредиттеледі  жəне 1042 «Ақылы 

қызметтер  ҚБШ»  қосалқы  шоты, 1010 «Кассадағы  ақша  қаражаты»  шоты 

дебеттеледі [16.4-кесте].



16.4-кесте 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет