Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Кірістердің қаржылық есептілікте ашылуы



Pdf көрінісі
бет297/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

16.6 Кірістердің қаржылық есептілікте ашылуы

Мемлекеттік  мекеменің  қаржылық  қызмет  нəтижелері  туралы  есеп (1 

«Бухгалтерлік баланс» нысанына 1-қосымша) ағымдағы кезеңнің кірістері мен 

шығыстары  туралы  ақпаратты  жəне  есепті  жылдың  қаржылық  нəтижелерін 

білдіреді.

100 «Кірістер,  барлығы»  жолы 010, 020, 030, 040-жолдардың  сомасы 

көрсетеді.

010 «Айырбас  емес  операциялардан  алынатын  кірістер»  жолы  бойынша 

011, 012, 013, 014, 015, 016, 017-жолдардың сомасы көрсетіледі.

011 «Ағымдағы  қызметті  қаржыландыру» (6010) жолы  бойынша 

мемлекеттік  мекемені  ұстауға  жеке  қаржыландыру  жоспары  бойынша 

бөлінген  бюджеттік  қаржыландыру  сомасы  мен  республикалық  бюджетке 

тауарлардың құны түріндегі түсімдермен байланысты операциялар бойынша, 

сондай-ақ  сыртқы  қарыздар  мен  байланысты  гранттар  есебінен  жобалар  бо-

йынша басқа бюджеттер есебінен басқа да іс-шаралар көрсетіледі. Ағымдағы 

қызметті қаржыландырудан түсетін кірістер, мемлекеттік мекеменің бюджет-

ке қайтарған, 6090 «Қаражыландыруды бюджетке қайтару» шотында көрініс 

тапқан есепті жылдың аяғында пайдаланылмаған қаражат қалдығын  шегере 

отырып көрсетіледі.

012 «Күрделі  салымдарды  қаржыландыру» (6020) жолы  бойынша  ұзақ 

мерзімді  активтер  бойынша  қаржыландыруды  тұтынудан  түскен  кірістер 

көрсетіледі.




329

013 «Трансферттер» (6030) жолы  бойынша  трансферттер  бойынша 

бюджеттік  қаржыландыру  сомасы 6090 «Қаражыландыруды  бюджетке 

қайтару» шотында көрініс тапқан есепті жылдың аяғында қайтарылған соманы 

шегере отырып көрсетіледі.

014 «Субсидиялар» (6040) жолы бойынша субсидиялар төлемдері бойын-

ша  бюджеттік  қаржыландыру  сомасы 6090 «Қаражыландыруды  бюджетке 

қайтару» шотында көрініс тапқан есепті жылдың аяғында қайтарылған соманы 

шегере отырып көрсетіледі.

015 «Демеушілік  жəне  қайырымдылық  көмек» (6050) жолы  бойын-

ша  ақша  түсімдері  жəне  басқа  активтер  түрінде  алынған  демеушілік  жəне 

қайырымдылық көмектен түскен кірістер көрсетіледі.

016 «Гранттар» (6060) жолы бойынша түскен гранттар сомасы көрсетіледі.

017«Өзгелер»(6070, 6080) жолы  бойынша  мемлекеттік  мекемеге  сыртқы 

қарыздардың, басқа да өтеусіз түсімдердің есебінен  қаржыландырудан түскен 

кірістер сомасы көрсетіледі.

020 «Айырбас операциялардан алынатын  кірістер» (6110) жолы бойынша 

тауарларды (жұмыстар мен қызметтерді) сатудан түскен кірістер көрсетеді.

030 «Активтерді басқарудан алынатын кірістер» жолы бойынша 031 жəне 

032-жолдардың сомасы көрсетіледі.

031 «Сыйақылар» (6210) жолы  бойынша  берілген  қарыздар,  қаржылық 

жалдау  бойынша  сыйақылардан  түскен  кірістердің,  дивидендтердің, 

квазимемлекеттік сектор субъектілерінің таза пайдасының бір бөлігінің сома-

сы көрсетіледі.

032 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер» (6220) жолы бойын-

ша есептің бұдан алдыңғы жолдарында көрсетілмеген активтерді басқарудан 

өзге кірістер сомасы көрсетіледі. 

040 «Өзге  кірістер» (6330, 6350, 6360) жолы  бойынша  активтерді, 

залалдардың  өтемақысын  өтеусіз  алудан  түскен  кірістер  мен  өзге  операция-

лардан алынған кірістер көрсетіледі [16.7-кесте].



16.7-кесте 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет