2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Қоғамдық сектор үшін халықаралық
қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан əрі – ҚСХҚЕС) жəне есептеу
əдісіне сəйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жаңа əдіснамасына
көшуі бойынша тиісті іс-шаралар жүзеге асырылды.
Қазіргі дүниежүзілік экономикадағы түбегейлі өзгерістер, олардың
жаһандануына байланысты қаржылық есептіліктің құрастырылуының
бірегейлік қағидаттарын енгізу арқылы оның түсінікті, орынды, сенімді жəне
салыстырмалы болуы арқылы əртүрлі елдердің қаржылық есептілігінің сапа-
лы болуын талап етті.
Осыған дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мекемелерде
бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінде кассалық əдіс, активті-пассивтік шоттар,
«Арзан құнды жəне тез тозатын заттар» шотыжəне тағы басқа да келеңсіз жайт-
тар орын алды. Бұлар қоғамдық сектор үшін Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарынның (бұдан əрі – ҚСХҚЕС) талаптарына сəйкес келмейді.
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі Қазақстан
Республикасының нормативті құқықтық актілеріне сəйкес əзірленеді жəне
республикалық, жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік меке-
мелерде бухгалтерлік есеп жүргізу тəртібімен белгіленеді. Мемлекеттік меке-
мелер бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті қалыптастыруды
есептің нақты модельдерін анықтайтын есеп саясатына сəйкес жүзеге асырады.
Есеп саясаты – барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай болып табыла-
тын, əр жылға белгіленген мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті жасау
жəне ұсыну кезінде қолданатын қағидаттар, негіздер, ережелер, қағидалар мен
тəжірибе.
Қазіргі уақытта мынадай нормативтік құқықтық актілер бекітілген:
– «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3
тамыздағы №393 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде
4
2010 жылғы 25 тамызда №6443 болып тіркелген), «Мемлекеттік мекеме-
лерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Рес-
публикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі №348 бұйрығымен енгізілген өзгерістер
мен толықтыруларды ескере отырып (Қазақстан Республикасы Əділет
министрлігі 2012 жылғы 23 тамызда №7873 болып тіркелген;
– «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №444 бұйрығы (Қазақстан Респуб-
ликасы Əділет министрлігінде 2010 жылғы 22 қыркүйекте №6505 болып
тіркелген), «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі №444 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2012 жылғы 21 қыркүйектегі №433 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен
толықтыруларды ескере отырып;
– «Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелері үшін бухгалтерлік
құжат нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы №390
бұйрығы (Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде 2011 жылғы 15 та-
мызда №7126 болып тіркелген);
– «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу
жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығы (Қазақстан Республикасы
Əділет министрлігінде 2010 жылғы 29 маусымда №6314 болып тіркелген),
«Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есеп шоттарының жоспарын
бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15
маусымдағы №281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 11 шілдедегі №338
бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде 2012 жылғы 06
тамызда №7830 болып тіркелген), енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды
ескере отырып;
– «Қаржы есептiлiгiн жасаудың жəне ұсынудың нысаны мен ережесiн
бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы
8 шiлдедегi №325 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде
2010 жылғы 26 шілдеде № 6352 тіркелген), «Қаржы есептiлiгiн жасаудың
жəне ұсынудың нысаны мен ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 8 шiлдедегi №325 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2012 жылғы 12 қыркүйектегі 418 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен
толықтыруларды ескере отырып.
– «Бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің шоғырландырылған қаржы-
лық есептілігін жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
5
Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы №303 бұйрығы (Қазақстан
Республикасы Əділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде №6339
тіркелген), «Бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің шоғырландырылған
қаржылық есептілігін жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Респуб-
ликасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 25 маусымдағы №303 бұйрығына
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қыркүйектегі 417
бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып;
– «Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің
бюджеттік есептілігін жасау жəне ұсыну қағидасын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 27 ақпандағы №89 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі №387 бұйрығы (Қазақстан Республи-
касы Əділет министрлігінде 2011 жылғы 15 тамызда №7131 тіркелді);
– «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы №423
бұйрығы (Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2011 жылғы 22
қыркүйекте №7197 тіркелді);
– «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік
жүйесін мемлекеттік реттеудің кейбір мəселелері туралы Қазақстан Республи-
касы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы №95 бұйрығына өзгеріс
пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі-
нің 2011 жылғы 27 сəуірдегі №219 бұйрығы (Қазақстан Республикасының
Əділет министрлігінде 2011 жылы 20 мамырда №6965 тіркелді) (бұдан əрі –
Ұзақ мерзімді активтер бойынша жылдық тозу нормалары);
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уəкілетті
мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін
субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық
актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мəселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
5 шілдедегі №452-IV Заңымен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің
117-бабына қаржылық есептілік тізбесін нақтылау бойынша өзгерістер
енгізілді).
Бұл жүргізіліп жатқан реформаның түпкі мақсаты мемлекеттік мекемелер-
дің бухгалтерлік есебін ҚСХҚЕС-нагармонизациялау арқылы мемлекеттің
активі мен міндеттемесінің шоғырландырған балансын қалыптастыру.
|