жүзеге асырылуы тиіс.
10
Түсініктілік – қаржылық есептілікте ұсынылатын ақпарат пайдаланушы-
ларға түсінікті болуы тиіс.
Орындылық – ақпарат шешім қабылдайтын қолданушылар үшін орынды
болуы жəне оқиғаларды бағалауға көмектесуі, олардың өткен бағаларын рас-
тауы немесе түзетуі тиіс.
Сенімділік – пайдаланушылар ақпаратқа сенімді ретінде сүйене алатын
елеулі қателер мен бұрмалаулардың болмауы тиіс.
Салыстырмалық – түрлі кезеңдердегі жəне түрлі мемлекеттік мекемелер-
дің ақпаратын салыстыру мүмкіндігі. Ұқсас операциялардың қаржылық
нəтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін ортақ əдіснама бойынша
жүзеге асырылуы тиіс.
Олар өткізілуі жағынан түсінікті жəне салыстырмалы, ал мағынасы
жағынан орынды жəне сенімді болуы тиіс.
Осы қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамаларын қамтамасыз
ету үшін мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары жоспарына
қосымша жиырма шот енгізілген.
Олар:
1130
Қысқа мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв
1360
Қорлардың құнсыздануына арналған резерв
2130
Ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған резерв
2392
Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв
2522
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануына арналған резерв
2632
Биологиялық активтердің құнсыздануына арналған резерв
2722
Материалдық емес активтердің құнсыздануына арналған резерв
3246
Пайдаланылмаған демалыс бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді
кредиторлық берешек
3310
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
3320
Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері
4210
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
4220
Ұзақ мерзімді кепілдік міндеттемелері
5110
Резервтер
5111
Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв
5112
Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв
5113
Қаржылық инвестицияларын қайта бағалауға арналған резерв
5114
Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв
5115
Өзге резервтер
7440
Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар
7450
Резервтерді құру бойынша шығыстар
11
Осы қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары қаншалықты
қамтамасыз етілгендігі қаржылық есептіліктің №5 нысаны түсіндірме
жазбадағы он бір қосымша кестелерді толтыру арқылы қадағалады.
Достарыңызбен бөлісу: