Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Таза активтерді/капитал ұғымы сипаттаңыз.
2. «Таза активтер/капитал» операцияларды есепке алу бөлімі қай шоттарда
іске асырылады?
3. Таза активтерді/капитал есебі бойынша шоттар байланысын құрыңыз.
4. Таза активтерді/капитал есебін ұйымдастырудың тəртібін атаңыздар.
5. Күрделі салымдарды қаржыландыру дегеніміз не?
6. Таза активтер/капитал есебінің қаржылық есептілікте ашылуы.
Студенттердің іскерлік дағдыларын
қалыптастыруға арналған тапсырмалар
1-есеп
2012 жылы ҚР Үкiметтiң шешiмімен мекемедегі негiзгі жабдықтарға қайта
бағалау жүргізілді. Жабдықтардың бастапқы құны 1 500 540 теңгенi құрады.
Пайдалану мерзiмінде олардың амортизациясы 500 220 теңгенi құрауға
жиналған. Қайта бағалау күніне жабдықтың əдiл құны 1 300860 болды.
Жабдықтың қайта бағалауға арналған резерв сомасын анықтаңыз.
А) 1 200 000 теңге;
В) 199 680 теңге;
С) 300 540 теңге;
Д) 2200 064 теңге;
387
Е) 22 064 теңге.
Жауабы: 1300860-(1500540-500220)=300540 теңге
Достарыңызбен бөлісу: |