Мысалы, қазір қандай инвестициялық қаражат салыну керек, егер 4
жылдан кейін 12 пайыздық ставкамен 500 000 тенге ақша табысын алу
керек болса
PV=500 000*1/(1+0,12) *(1+0,12) *(1+0,12) *(1+0,12)=317750
С-1 кестесі PV=500 000*0,6355=317750
Инвестицияның болашақ құны мына формуламен есептеледі:
FV = PV(1+i)
n.
1 ш.б.n жылдан кейінгі болашақ құнын анықтау үшін нысан бойынша 591
беттегі қосымшада С-3 кестесі қолданылады.
Мысалы, біз қазір 317750 теңге 12 жылдық пайыздық ставкамен ин-
вестиция саламыз. 4 жылдан кейін оның көлемі қандай сома болады?
FV =317750 теңге * (1+0,12) *(1+0,12) *(1+0,12) *(1+0,12)= 500 000
FV =317750*15735= 500 000
Белгілі жылдар ішінде төленген жүйелі төлемдер арасындағы бірдей ин-
тервалды бір бағытты төлемдердің ағыны аннуитет болып табылады. Мұндай
төлемдер түсімдер мен төлемдер түрінде болуы мүмкін.
Аннуитетте ағымдағы құнды да, болашақ құнды да есептеуге болады.
Аннуитеттің ағымдағы (дисконтталған) құнына аннуитетке енгізілген əр жеке
төлемнің немесе түсімнің ағымдағы құндарының сомасы жатқызылады, ол
мынадай формула бойынша анықталады:
PV = FV * f,
мұнда, f – дисконттау факторы нысан бойынша 590 беттегі қосымшада С-2
кестесі.
Достарыңызбен бөлісу: |