Мысалы, жеке тұлға жыл сайын 15% пайда беретін бағалы қағаздарға
100 000 теңге инвестиция құяды. 10 жылдан кейін жиналған инвестиция
құны қанша болады. С-4 кестесіндегі f – дисконттау факторы – 20,3037
FV =100000*20,3037=2 030 370 теңге
Ең төменгі жалдау төлемдердің дисконтталған құнын есептеген кезде
егер оны іс жүзінде анықтау мүмкін болса, жалдау шартында ұғынылатын
пайыз ставкасы дисконттау ставкасы болып табылады; керісінше жағдайда
жалға алушының қарызға алған капиталына пайыздың өсім ставкасы немесе
активті сатып алу үшін осындай мерзімге кредит үшін банк белгіленген пайыз
қолданылады [23.3-сызба].
23.3-сызба
Достарыңызбен бөлісу: |