Активтің құнсыздануынан болатын шығын – оны алмастыратын құн-
нан асатын активтің баланстық құнының сомасы;
Əділ құн – актив айырбастала алатын сома, ол бойынша жақсы хабардар,
мұндай операция жасауға ниетті, тəуелсіз тараптар арасында операциялар
жасағанда міндеттеме өтеле алатын сома;
Тазасатылатын құн – сатуға, айырбастауға немесе таратуға байланысты
болжамды шығындарды жəне аяқтау бойынша болжамды шығындарды алып
тастағанда, қалыпты қызмет процесінде сатудың күтілетін бағасы.
Активтер – болашақта экономикалық пайда немесе сервистік əлеуетті
қамтамасыз ете алатын, өткен оқиғалар нəтижесінде мемлекеттік мекеме
бақылайтын ресурстар;
Амортизация – пайдалы қолдану мерзімі ішінде активтің құнының жүйелі
бөлінуі;
Достарыңызбен бөлісу: |