Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет73/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

 

ǡǷǻǻǩǹ


 

ǕǮǵǴǮdzǮǻǻȎdz



 ǵǮdzǮǵǮ  

dzǩǺǺǩǺȄǶǭǩßȄ



 ǩáȁǩ 

áǩǹǩǯǩǻȄǶȄã



 ǮǺǮǪȎ  1010 

NJǩǶdz


 ȁǷǻǻǩǹȄǶǭǩßȄ  ǩáȁǩ 

áǩǹǩǯǩǻȄǶȄã



 ǮǺǮǪȎ  1020, 

1030 


NJȇǭǯǮǻdzǮ

 ǻéǺǼǯÝǶǮ

 

 

ǪȇǭǯǮǻǻȎdz



 ȁȄßȄǺǻǩǹßǩ  

ǪǩDzǴǩǶȄǺǻȄ



 

ǵȎǶǭǮǻǻǮǵǮǴǮǹǭȎ



 áǩǪȄǴǭǩǼ   

ǪǷDzȄǶȁǩ


 ǯǷǺǸǩǹǴȄ  

ǻǩßǩDzȄǶǭǩǼ



 ǮǺǮǪȎ  1040,1060

 

Бұл бөлімше келесідей шоттарға бөлінеді:



1010 – «Кассадағы ақша қаражаты» мемлекеттік мекеме кассасындағы 

ақша қаражатының нақты сомасын жəне қозғалысын есепке алуға арналған.

1020 – «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» шоты мемлекеттік ме-

кеме ағымдағы шотындағы ақша қаражатын есепке алуға арналған.

1030 – «Есеп айырысу шоты» шоты Қазақстан Республикасының сыртқы 

істер Министрлігінен (бұдан əрі – СІМ) Қазақстан елшіліктерінің жəне басқа 

да ұйымдарының алған ақша қаражатын есепке алуға арналған.

1040 – «Түсімдер  мен  есеп  айырысуларды  есепке  алу  үшін  қаражаттық 

бақылау  шоттары  (бұдан  əрі – ҚБШ)»  шоты  республикалық  бюджеттің 

кірістері мен шығыстары бойынша ақша қаражатын есепке алуға арналған. 

Бұл шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:

1041 – «Демеушілік жəне қайырымдылық көмек ҚБШ», мұнда Қазақстан 

Республикасының заңнама актілеріне сəйкес мемлекеттік мекемелерге арналған 

демеушілік жəне қайырымдылық көмек түріндегі түскен ақша қаражатын есеп-

ке алады.




73

1042 – «Ақылы қызметтер ҚБШ», мұнда мемлекеттік мекемелер иелігінде 

қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алған жəне Бюджет 

кодексіне  сəйкес  жəне  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  анықтаған  тəртіпте 

пайдаланылатын ақша кірістері мен шығыстары есепке алынады. 

1043 – «Ақшасын  уақытша  орналастыру  ҚБШ»,  мұнда  Қазақстан 

Республикасының  заңнама  актілеріне  сəйкес  жеке  жəне  (немесе)  заңды 

тұлғалардың  қайтарып  алу  шартымен  мемлекеттік  мекемелерге  аударылған 

немесе белгілі бір жағдай туғанда сəйкесінше бюджетке немесе үшінші жаққа 

берілген ақша қаражат қозғалысы есепке алынады.



1050 – «Шетелдік  валютадағы  шот»  мемлекеттік  мекеме  жүргізетін 

есепті  кезеңнің  соңғы  күніне  қолданылатын  жəне  Қазақстан  Республикасы 

Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірлесіп 

белгілеген  тəртіпте  анықталатын  валюта  айырбастаудың  нарықтық  

бағамы  бойынша  шетелдік  валютаны  қайта  есептеу  жолымен  алынған 

Қазақстан  Республикасы  валютасында  валюталық  операцияларды  есепке 

алуға арналған.

1060 – «Арнайы  шот»  шоты  бюджеттік  бағдарлама  əкімшілігімен 

қарызға алынған қаражаттардың (сыртқы қарыздар жəне гранттар) кірісі 

мен шығысы бойынша қаржылық операцияларды есепке алуға арналған. Бұл 

шот келесі қосалқы шоттарды қамтиды:

1061 – «Гранттар  бойынша  бюджеттік  инвестициялық  жобаның  арнайы 

шоты»,  мұнда  грантпен  байланысты  қаражаттардың  кірісі  мен  шығысы  бо-

йынша қаржылық операцияларды есепке алады.

1062 – «Сыртқы  қарыздар  бойынша  бюджеттік  инвестициялық  жобаның 

арнайы  шоты»,  мұнда  сыртқы  қарыздардың  (қарызға  алынған  қаражаттар) 

кірісі мен шығысы бойынша қаржылық операцияларды есепке алады.

1070 – «Өзге  де  ақша  қаражаты»  шоты  алдыңғы  қосалқы  шоттарда 

көрсетілмеген басқа да ақша қаражаттарын есепке алуға арналған. Бұл шот 

келесі қосалқы шоттарды қамтиды:

1071 – «Аккредитивтер»,  мұнда  мемлекеттік  мекемелердің  жеткізуші  ал-

дында алынған активтер үшін пайда болған төлемдерге сəйкес міндеттемелер 

бойынша ашылған аккредитивтер сомасы есепке алынады.

1072 – «Ақша  құжаттары»,  мұнда  ақша  құжаттары  есепке  алынады: 

май,  бензин  жəне  тамақтану  үшін  төленген  талондар,  демалыс  үйлеріне, 

шипажайларға  жəне  турбазаларға  төленген  жолдамалар,  пошталық  аударым-

дары,  пошталық  маркалары  жəне  мемлекеттік  баж  маркалары  үшін  алынған 

хабарлама қағаздар, еңбек кітапша бланктері жəне басқалар. 

1073 – «Жолдағы  ақша  қаражаты»  мұнда  шетел    мекемелерінің         

шығындарын  қаржыландыру  СІМ-не  аударылған,  бірақ  СІМ-нің  шетел 

мекемелерінің есеп айырысу шотына түспеген ақша қаражат қозғалысын есеп-

ке алынады;



74

1074 – «Өзге  де  ақша  қаражаты»,  мұнда  алдыңғы  қосалқы  шоттарда 

көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады.

1080 – «Республикалық  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік 

мекеменің  міндеттемелері  бойынша  жеке  қаржыландыру  жоспарына 

сəйкес  міндеттемелерін  қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулары» 

шоты  республикалық  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік 

мекемелердің  міндеттемелері  бойынша  жеке  қаржыландыру  жоспарына 

сəйкес  міндеттемелер  қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулары  бо-

йынша қаражат қозғалысын есепке алуға арналған. Бұл шот келесі қосалқы 

шоттарды қамтиды:

1081 – «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға 

арналған  жоспарлы  тағайындаулары»,  мұнда  мемлекеттік  мекемелердің 

қызметін  қаржыландыру,  мемлекеттік  мекемелердің  міндеттемелері  бойын-

ша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелерді қаржыландыруды 

қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады.

1082 – «Күрделі  салымдар  бойынша  міндеттемелер  қабылдауға  арналған 

жоспарлы тағайындаулар», мұнда күрделі салымдарды қаржыландыру бойын-

ша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алы-

нады.


1083 – «Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған 

жоспарлы тағайындаулар», мұнда республикалық бюджет есебінен ұсталатын 

мемлекеттік  мекемелерге  олар  жергілікті  бюджет  есебінен  міндеттемелерді 

қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулар  алу  кезінде  жəне  керісінше 

жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге белгілі 

бір  мақсаттарға  республикалық  бюджеттен  міндеттемелерді  қабылдауға 

арналған  жоспарлы  тағайындаулар  алу  кезінде  мемлекеттік  мекеменің 

міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың қозғалысы 

есепке алынады.

1084 – «Трансферттер  бойынша  міндеттемелер  қабылдауға  арналған         

жоспарлы  тағайындаулар»,  мұнда  трансферттер  бойынша  міндеттемелерді 

қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулар  ескеріледі,  олар  жалпы 

сипаттағы  трансферттерге,  нысаналы  ағымдағы  трансферттерге,  нысаналы 

даму трансферттеріне бөлінеді.

1085 – «Субсидиялар  бойынша  міндеттемелер  қабылдауға  арналған  жос-

парлы тағайындаулар», мұнда мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет немесе 

жергілікті органдар, жеке жəне заңды тұлғалар арнайы қор қаражаттар есебінен 

ақшалай  жəрдемақылар  түріндегі  субсидиялар  бойынша  міндеттемелер 

қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады.

1086 – «Республикалық  бюджетке  тауарлардың  (жұмыстардың, 

қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдермен байланысты операциялар бо-

йынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» мұнда 

республикалық  бюджетке  тауарлардың  (жұмыстардың,  қызметтердің)  құны 



75

түрінде  түсетін  түсімдер  есебінен  мемлекеттік  мекемелердің  шығыстарына 

бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сома-

сы есепке алынады.

1087 – «Сыртқы қарыздардың жəне байланысты гранттардың есебінен жо-

балар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 

мұнда сыртқы қарыздардың жəне байланысты гранттардың есебінен жобалар 

бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сома-

сы есепке алынады.

1090 – «Жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік 

мекемелердің  міндеттемелері  бойынша  жеке  қаржыландыру  жоспарына 

сəйкес  міндеттемелер  қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулары» 

шоты  жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік 

мекемелердің  міндеттемелері  бойынша  жеке  қаржыландыру  жоспары-

на  сəйкес  міндеттемелер  қабылдауға  арналған  жоспарлы  тағайындаулар 

сомасының  қозғалысын  есепке  алу  үшін  арналған.  Бұл  шот  келесі  қосалқы 

шоттарды қамтиды:

1091 – «Жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес міндеттемелер қабылдауға 

арналған жоспарлы тағайындаулары», мұнда мемлекеттік мекеменің қызметін 

ұстауға  жеке  қаржыландыру  жоспарына  сəйкес  міндеттемелер  қабылдауға 

арналған жоспарлы тағайындаулар сомалары есепке алынады.

1092 – «Күрделі  салымдар  бойынша  міндеттемелер  қабылдауға  арналған 

жоспарлы тағайындаулар», мұнда күрделі салымдарды қаржыландыру бойын-

ша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алы-

нады.

1093 – «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жос-



парлы тағайындаулар», мұнда бюджеттік бағдарламалар əкімшісінің пайдала-

ну үшін трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы 

тағайындаулар есепке алынады, олар жалпы сипаттағы трансферттерге, ныса-

налы ағымдағы трансферттерге, нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді.

1094 – «Субсидиялар  бойынша  міндеттемелер  қабылдауға  арналған  жос-

парлы тағайындаулар», мұнда мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет немесе 

жергілікті органдар, жеке жəне заңды тұлғалар арнайы қор қаражаттар есебінен 

ақшалай  жəрдемақылар  түріндегі  субсидиялар  бойынша  міндеттемелер 

қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады.

1095 – «Жергілікті  бюджетке  тауарлардың  (жұмыстардың,  қызметтердің) 

құны түрінде түсетін түсімдерге жəне олардың жұмсалуына байланысты опера-

циялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» 

мұнда жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны 

түрінде  түсетін  түсімдер  есебінен  мемлекеттік  мекемелердің  шығыстарына 

бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сома-

сы есепке алынады.




76



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет