77
Есепке қолма-қол ақша қаражатын беру мынадай жазбамен көрсетіледі:
1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті, 1010 «Кассадағы ақша
қаражаты» шотының кредиті.
Кінəлі тұлғалардың есебінен жатқызылған, мемлекеттік мекеменің
кассасындағы ақша қаражатының анықталған жетіспеушіліктерінің сомасы
1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді
дебиторлық берешегі» шотының дебеті бойынша немесе 1280 «Өзге қысқа
мерзімді дебиторлық берешектер» жəне 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»
шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Жетіспеушілікті өтеуге мемлекеттік мекеменің кассасына соманың түсуі
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті жəне 1262 «Қызметкерлердің
өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»,
1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шоттарының кредиті бо-
йынша көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеменің кассасындағы ақша қаражатының анықталған
артық сомасы бюджет кірісі болып табылады жəне 1010 «Кассадағы ақша
қаражаты» шотының дебеті жəне 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті
бойынша көрсетіледі, бір уақытта 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойын-
ша шығыстар» шоты дебеттеледі, 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет
алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шоты кредиттеледі.
Бюджетке ақша қаражатын аудару 3133 «Өзге операциялар бойынша бюд-
жет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының
дебеті жəне 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті бойынша
көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: