100
2-есеп
Жоғарыда көрсетілген есеп шартына сай есептеңіздер:
Мемлекеттiк мекемеде қаржылардың қозғалысы бойынша келесi операция-
лар пайда болды:
20680 855 теңге бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сəйкес
міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары шоты
есебiне түстi;
8950 500 теңге күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға
арналған жоспарлы тағайындаулар шотына түстi;
8700 500 теңге сомадағы 15 дана компьютер сатып алған; 13 200 300 теңге
əкiмшілік қызметкерге еңбекақы төлеген, 800 200 теңгеге кеңсе жабдығы
сатып алған, 3 560 300 теңгеге арнайы киiм-кешек кiрістелді, 380 655 теңге
коммуналдық төлеулерге кетті, 5 000 000 теңге сомаға салықтар жəне міндетті
төлемдер төленді.
Тапсырма:
6090 Қаржыландыруды бюджетке қайтару шотының дебетi бойынша
мерзiмнiң соңында бейнеленетiн соманы анықтаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: