Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Психикалық дамудың қозғаушы күштері туралы жал-



Pdf көрінісі
бет12/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

2.2. Психикалық дамудың қозғаушы күштері туралы жал-
пы сипаттама
Баланың онтогенезде психикалық дамуының заңдылықтарын 
қарастырудағы теориялық тұрғылардың негізгі екі белгісін 
атап өтуге болады. Бірінші белгі жануарлармен салыстырғанда 
адамның онтогенезде дамуының заңдылықтарын анықтайтын
ерекшеліктерінің жоққа шығарылуын немесе мойындалуын бол-
жайды. Егер адамның онтогенезде дамуындағы заңдылықтарын 


28
анықтайтын 
ерекшеліктері 
жоққа 
шығарылса, 
дамудың 
табиғилығын (биологиялануын), яғни дамудың адам əрі жа-
нуарлар үшіне тең дəрежеде əділ əмбебап заңдылықтарының 
мойындалғандығын сөз етуге болады. Мəдени-тарихи 
тұғырда адамның психикалық дамуының ерекшеліктерін 
əлеуметтік-мəдени тəжірибені (адамның органикалық тұқым
қуалауымен қатар тектік тұқым қуалауының ерекше түрі ретінде 
қарастырылады) меңгеруімен байланыстырады.
Екінші белгі дамып отыратын субъекті белсенділігінің мойын-
далуын болжайды. Адамның дамудағы белсенділігінің мəнін жоққа 
шығаратын немесе есепке алмайтын теориялар факторлы тұрғы 
деген атауға ие болған. Даму екі фактордың – тұқымқуалаушылық 
пен орта ықпалының нəтижесі ретінде қарастырылады. 
Факторлық тұрғы психологияда нативизмнің жəне эмпиризмнің 
ұстанымдарын анықтайтын екі философиялық мектептің қарама-
қарсылығына негізделген. Бұл Р. Декарттың дуализмі жəне
Дж. Локк пен Д. Гартлидің эмпиризмі. Нативизм ұстанымы бой-
ынша адамның тұтастай дамуы оның тұқымқуалаушылығымен 
анықталады. Бұл тұрғыны өзінің тума идеалар туралы теориясын 
ұсынған Р. Декартпен философиялық негізделген. Психология та-
рихында нативизм преформизм, рекапитуляция жəне жетілу тео-
рияларымен ұсынылған. 
Эмпиризм екі ғылыми мектеп – ассоцианизммен жəне бихеви-
ризммен анықталады.
Нативизм мен эмпиризм бір факторлы теориялар. Екі фак-
торлы теориялар екі факторды – тұқымқуалаушылық пен ортаны 
қарастырады. Оларға екі фактор конвергенциясының (В. Штерн) 
теориясы жəне факторлардың қатынасын конфронтация жəне ан-
тогонизм (З. Фрейд, Ж. Пиаженің ерте балалық шақ жайлы тео-
риясы) ретінде анықтайтын теориялар жатады. Конвергенция 
– тұқымқуалаушылық пен ортаның өзара бірін-бірі толықтыруы 
мен өзара əрекеттесуін болжайтын ортақтастық. Факторлардың 
конфронтациясы тұқым қуалаушылықтың ортаның əлеуметтік 
факторымен ығыстырылуы ретінде қарастырылады. 


29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет