Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет8/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

1-сызба. Дамудың құрылымы
NJǩǺǻǩǸáȄ
dzéDzȎǶǭǮǬȎ ǭǩǵǼ ǶȄǺǩǶȄ
ǍǩǵǼ
ǶȄǺǩǶȄ ǩǹǩǴȄá dzéDzȎǶǭǮ 
ǍǩǵǼ
ǶȄǺǩǶȄ ǩáȄǹßȄ dzéDzȎǶǭǮ 
NJȎǹȎǶȁȎ
ǯǩßǭǩDz 
êȁȎǶȁȎ
ǯǩßǭǩDz 
ǎdzȎǶȁȎ
ǯǩßǭǩDz 
Қазіргі заманғы психологияда даму барлық даму кезеңдерінде 
алға əрі кері жылжудың мезеттерін қатар қамтитын үдеріс 
ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда прогрессивті өзгерістердің 
үдерістері регрессивтіден басым түсетін тиімді əрі сəтті қартаю 
ұғымы қалыптасқан. Э. Эриксон қарттық кезеңін даналыққа ие 
болуды жас шамасы ретінде қарастырған. 


17
6. Дамудың қайнар көзі. Ішкі қарама-қайшылыққа толы
даму өз бетінше жүзеге асқан қозғалыс ретінде қарастырылады. 
Кеңестік психологияда бала дамуының əлеуметтік жағдайы мен 
оның тұлғалық жəне ақыл-ой аумақтарындағы психологиялық 
жаңалықтарының арасындағы қайшылық дамудың қайнар көзі 
ретінде анықталады (Л. С. Выготский).
7. Дамудың екі қалпы болады: эволюциялық – баяу, сандық 
өзгерістер; секірмелі – салыстырмалы қысқа мерзімде маңызды 
өзгерістердің орын алу, яғни дағдарыстар арқылы даму.
Психологиядағы дағдарыстар негізі – дағдарыстардың
табиғаты (пайда болу себептері) жəне олардың қалыпты жəйт бо-
лып табылатын ерекше мəселе. Л. С. Выготскийдің еңбектеріне 
дейін онтогенетикалық дамудағы дағдарыстар дамудың бұзылуы 
деп есептелген болатын. Ол ұстанымға сəйкес дағдарыстар 
нақты бұзылыстарын дұрыс тəрбиелеу арқылы болдырмауға 
болатын дамуға қатысты оғаш үдеріс ретінде қарастырылған. 
Қазіргі таңда дағдарыстар дамудағы, тұлғаның түрленуі мен 
жетілуіндегі қажетті сатысы. Егер бұрында балалық шақтағы 
жəне жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыстар зерттелсе, бүгінде 
дағдарыстардың егде жастарға қатысты да қалыпты үдеріс екендігі 
мойындалуда. Мəселен, Д. Левинсон 27-30 жастағы «арманның» 
қирауынан туындайтын дағдарысты жəне егде жастағы ең күрделі 
де айқын көрініс беретін 45 жастағы дағдарысты зерттеген. 
8. Дамудың сатылылығы. Дамудың əрбір сатысының өткен 
шақты қамтитынын, яғни тұрақтылығын сақтай отырып, жаңа 
қасиеттің туындауына негіз болатынын білдіреді. Сатылылық 
адамның психикалық дамуының үзбелілігі мен үздіксіздігінің 
бірлігі ретінде түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет