Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ҚОСЫМША СУБЪЕКТИВТІ БАҚЫЛАУ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ ƏДІСІ



Pdf көрінісі
бет147/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

15-ҚОСЫМША
СУБЪЕКТИВТІ БАҚЫЛАУ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ ƏДІСІ
Аталмыш 
экспериментті 
психологиялық 
əдістеме 
сыналушының əртүрлі өмірлік жағдайларды қалыптасқан 
субъективті бақылау деңгейін салыстырмалы жылдам əрі тиімді 
бағалауға мүмкіндік беріп, клиникалық психодиагностикада, 
кəсіби іріктеуде, отбасылық кеңес беруде жəне т.с.с. жарамды. 
Бехтерев атындағы ҒЗИ құрастырылған.
Осы тектес əдістемелер 1960 жж. АҚШ-та жүргізіліп көрген, 
ең танымалдысы – екі тұрғыға негізделген Д. Роттердің бақылау 
локусының шкаласы.
1. Адамдар бір-бірінен өздері үшін маңызды оқиғаларды қалай 
əрі қайда шоғырландыратындары бойынша ерекшеленеді. Ондай 
шоғырланудың экстерналды жəне интерналды деген полярлы 
екі түрі бар. Бірінші жағдайда адам басынан өткендер сыртқы 
күштердің – өзге адамдар, түрлі оқиғалар əрекеттерінің нəтижесі 
деп ойлайды. 
Екінші жағдайда адам маңызды оқиғаларды өзінің дербес 
іс-əрекетінің нəтижесі ретінде талқылайды. Кез келген адамға 
экстерналдыдан интерналдыға ұласатын континуумдағы нақты 
ұстаным тəн. 
2. Индивидке тəн бақылау локусы оның алдында кездесетін 
оқиғалар мен жағдайлардың кез келген түріне қатысты əмбебап 
болады. 
Бақылаудың бір ғана түрі аталмыш тұлғаның сəтсіздіктер əрі 
жетістіктер аумағындағы да мінез-құлықтарын сипаттайды. Əрі 
ол əлеуметтік өмірдің əрқилы салаларына да əртүрлі дəрежеде 
қатысты болады. 
Экспериментті 
жұмыстар 
тұлғаның 
экстерналдылық-
интерналдылықпен мінез-құлқының əрқилы түрлері мен 
өлшемдерінің байланысын анықтады. Конформды əрі көнгіш 
мінез-құлық көбінде экстерналды локусы бар адамдарға тəн. 
Интерналдар өзгелердің басымдылығына аса көне бермейді, 
басқалардың өздерін пайдаланғысы келетінін сезінгенде 
қарсыласады. Олар экстерналдарға қарағанда жеке еркіндікті 


413
жоғалтуға қатты күйзеледі. Интерналды бақылау локусы бар 
адамдар қадағалау немесе бейне бақылаудан гөрі жалғыздықта 
жақсы жұмыс істейді. Экстерналдарға кері мінез-құлық тəн.
Интерналдар 
мен 
экстерналдар 
əртүрлі 
əлеуметтік 
жағдайларды интерпретациялау тəсілдері жəне ақпаратты 
алу тəсілдері жəне оларды түсіндіру механизмдері бойынша 
ерекшелінеді. Интерналдар ақпаратты неғұрлым белсенді іздейді 
əрі əдетте экстерналдарға қарағанда жағдай жөнінде жақсы хабар-
дар болады. Бірдей жағдайда интерналдар сол жағдайға қатысатын 
индивидтерге жауапкершілікке көп мəн береді. 
Субъективті бақылау деңгейін зерттеу сұрақнамасы 44 
пунктіден тұрады. Сұрақнаманы пайдалану спектрін арттыру үшін 
ол 2 нұсқада құрастырылған. А нұсқасы зерттеу мақсаттарына 
арналған. Ол «+3» жауабы «толықтай келісемін», «-3» - аталмыш 
пунктіге мүлде келіспеймін деген 6 ұпайлық бағана бойынша жа-
уапты талап етеді. Б нұсқасы психодиагностикаға арналған жəне 
«келісемін-келіспеймін» деген бинарлы бағана бойынша жауап 
беруді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет