Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жетістіктер бөліміндегі интерналдылық бағанасы



Pdf көрінісі
бет150/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

2. Жетістіктер бөліміндегі интерналдылық бағанасы. 
Аталмыш бағана бойынша жоғары көрсеткіштер эмоциялы 
жағымды оқиғалар мен жағдайларды субъективті бақылаудың 
жоғары деңгейіне сəйкес келеді. Ондай адамдар өмірлерінде қол 
жеткізгендердің барлығына өз күштерімен жеткендеріне жəне 
болашақта көп нəрселерге жете алатындарына сенімді болады. 
Жетістіктер бөліміндегі интерналдылық бағанасы бойынша төмен 
көрсеткіштер адамның өз жетістіктерін тағдырға немесе басқа 
адамдардың көмегіне байланысты деп есептейді.
3. Сəтсіздіктер бөліміндегі интерналдылық бағанасы. 
Аталмыш бағана бойынша жоғары көрсеткіш жағымсыз оқиғалар 
мен жағдайларға қатысты субъективті қадағалаудың жоғары 
сезімін айғақтайды. Ондай адамдар əртүрлі келеңсіздіктер 
мен қайғыларға өздерін кінəлауға бейім болады. Сəтсіздіктер 
бөліміндегі интерналдылық бағанасы бойынша төмен көрсеткіштер 
сыналушының сол тектес жағдайларға жауапкершілікті басқа 
адамдарға таңуға немесе оларды жол болмаудың нəтижесі деп 
есептеуге бейімділігін дəлелдейді. 
4. Отбасылық қатынастар бөліміндегі интерналдылық 
бағанасы. Аталмыш бағана бойынша жоғары көрсеткіштер 


419
адамның өзін отбасылық өмірінде орын алған жағдайларға жауап-
ты деп есептейтінін білдіреді. Отбасылық қатынастар бөліміндегі 
интерналдылық бағанасы бойынша төмен көрсеткіштер 
субъектінің серіктестерін отбасында орын алған маңызды 
жағдайлардың себебі деп есептейтініне нұсқайды.
5. Өнімді қатынастар бөліміндегі интерналдылық 
бағанасы. Аталмыш бағана бойынша жоғары көрсеткіш 
адамның өз əрекеттерін ұжымда қалыптасқан қатынастарда 
өзінің жоғарылауында дербес өнімді іс-əрекетін ұйымдастырудың 
маңызды факторы деп есептейтінін көрсетеді. Өнімді 
қатынастар бөліміндегі интерналдылық бағанасы төмен 
көрсеткіштер сыналуышынң сыртқы жағдайларға – басшылыққа, 
қызметтестеріне, жолы болу-болмауына неғұрлым жоғары мəн 
беретінін білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет