117
Ү ш і н ш і ц и к л – жастық шақ 11-13 – 21 жас шамасы:
бірінші кезең – жыныстық жетілу – ересек мектептегі балалық
шақ (ерте жастық шақ) 11-13 – 15 жас;
екінші кезең – кеш жастық шақ 15-21 жас шамасы;
Т ө р т і н ш і ц и к л – ересектік – 21-65 жас шамасы;
бірінші кезең – ерте ересектік – 21-25 жас шамасы;
екінші кезең – орта ересектік – 25-40 жас шамасы;
үшінші кезең – кеш ересектік – 40-50 жас шамасы;
төртінші кезең – зейнеткерлік алдындағы жас – 55-60 жас ша-
масы.
Б е с і н ш і ц и к л – қартаю – 65-70 жас шамасы;
бірінші кезең – «істерден шет қалу», «жұмыстан мүлде шығу»
- 65-70 жас шамасы;
екінші кезең – қарттық – 70 жастан ары қарай;
үшінші кезең – қаусау, аурушаң қарттық, өлім – Англия жəне
Батыс Европа жағдайында ең үлкен дəрежеде 110 жас шамасы;
Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының кезеңдері:
ерте нəрестелік – туғаннан 1 жасқа дейін;
кеш нəрестелік – 1 жастан 3 жасқа дейін;
ерте балалық шақ – 3-5 жас шамасы;
орта балалық шақ – 5-тен 11 жасқа дейін;
жыныстық жетілу, жасөспірімдік жəне жастық шақ – 11-ден 20
жасқа дейін;
ерте ересектік – 20 жастан 40-45 жасқа дейін;
орта ересектік – 40-45 жастан – 60 жасқа дейін;
кеш ересектік – 60 жастан ары қарай
Жас ерекшелік жиіліктерінің жəне
олардың салыстырмалы
сипаттамаларының бөлшектену мөлшері біртіндеп ұлғайып отыр-
ды.
Л. С. Выготский жас ерекшеліктерінің
жіктелу өлшемдері
ретінде дамудың нақты сатысына тəн
психикалық жаңа
құрылымдарды қарастырды. Ол дамудың «тұрақты» жəне
«тұрақсыз» жиіліктерін көрсетті. Ол баланың
функциялары мен
қатынастарының сапалы өзгерістері жүзеге асатын уақытқа –
дағдарыс кезеңіне жете көңіл бөлді.
Бұл кезеңдерде бала жеке
тұлғасының дамуында маңызды өзгерістер байқалады. Л. С. Вы-
118
готский бойынша бір жастан келесі жасқа қарай өтпелі төңкерісті
жолмен жүреді.
А. Н. Леонтьевтің жас ерекшеліктерінің
жіктелу өлшемі
жетекші іс-əрекет болып табылады. Жетекші іс-əрекеттің дамуы
бала тұлғасының дамуының нақ
сол сатысындағы психикалық
үдерістері
мен
психологиялық
ерекшеліктерінің
негізгі
өзгерістерін міндеттейді. А. Н. Леонтьев адамның жасы баланың
əлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орнына жəне
жетекші іс-
əрекетке байланысты жіктелуі тиіс деп болжайды.
Соған бай-
ланысты зерттеуші келесі үлгіде жіктеуді ұсынады: нəрестелік
(0-1 жас); мектеп алды (2-3 жас), жетекші іс-əрекет – қарапайым
заттық əрекеттерді меңгеру; мектепке дейінгі (3-7 жас) кезең,
жетекші іс-əрекет – желісі бар ойын; мектептегі балалық шақ (7-
17 жас), жетекші іс-əрекеті – оқу, оның өзі бастуыш мектеп жасын
(7-12 жас), жасөспірімдік кезеңді (12-15 жас), жастық шақты (15-
17 жас) қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: