2. Жеткіншектер психикасы мен мінез-құлықтарының
айрықша ерекшеліктері
Жеткіншектің құрдастарының тобында қанағаттандырушы
орынға ие болу ұмтылысы референтті топтың мінез-құлқы
мен құндылықтарына деген жоғары конформдылығына ұласуы
əлеуметке қарсы қоғамға араласу жағдайында тым қауіпті болуы
мүмкін.
Жеткіншек психикасының өтпелілігі балалықтың жəне
ересектік бітістерінің бірдей қатысуымен, тіршілік етуімен сипат-
талады.
Жеткіншек кезеңінде кіші кезеңдерге тəн мінез-құлықтың
кейбір көріністеріне бейімділік сақталуы мүмкін. Олар:
1. Бас тарту. Ол мінез-құлықтың үйреншікті формалары:
қатынастардан, үйдегі міндеттерінен, оқудан жəне т.б. бас тар-
тумен сипатталады. Өмірдің үйреншікті жағдайларының күрт
өзгерістері (отбасынан ажырау, мектепті ауыстыру) себебіне ай-
налса, жеткіншектің психикалық жетімсіздігі, невротикалық
бітістері, тежелу белгілері сияқты реакциялардың туындауын
жеңілдететін негізге айналады.
2. Оппозиция, қарсылық көрсету. Жеткіншек мінез-құлқының
қалаулы мінез-құлыққа қарсылығымен көрініс береді. Наразы
даңғойлық, қыдырымпаздық, қашу, ұрлық жəне қарсылық ретінде
жүзеге асырылатын бір қарағанда жөнсіз қылықтар.
3. Еліктеу. Əдетте балаларға тəн əрі жақындары мен
205
туысқандарына еліктеумен анықталады. Жеткіншектер үшін
қайсыбір қасиеттерімен идеалдарына сай келетін ересек еліктеу
нысанына айналады (мысалы, театр жайлы армандайтын
жеткіншек сүйікті актердің қылықтарына еліктейді). Еліктеу
көрінісі əлеуметке қарсы ортадағы тұлғалық дамуы жетілмеген
жеткіншекке тəн.
4. Орнын толтыру. Баланың мұндай қылығы өзінің бір
саладағы дəрменсіздігін басқасындағы жетістіктермен орнын
толтырумен анықталады. Егер орнын толтырушы есебінде
əлеуметтік талаптарға қарсы көріністер таңдалса, мінез-құлық
ауытқулары орын алады. Мысалы, үлгерімі төмен жеткіншек
сыныптастарының беделіне дөрекі, қиқар қылықтарымен ие
болуға құмар болуы мүмкін.
5. Гиперкомпенсация. Бала немесе жеткіншек үлкен
дəрменсіздікті анықтайтын салада жетістікке жету ұмтылысымен
шартталады (дене əлсіздігінде – спорттық жетістіктерге деген
тұрақты талпыныс, ұялшақтық пен ренжігіштікте – қоғамдық іс-
əрекетпен айналысу жəне т.б. əуестіктер).
Жалпы жеткіншек кезеңіндегі психологиялық əсерлер
қоршаған ортамен өзара əрекеттестікте пайда болып, сол кезеңге
тəн мінез-құлықты қалыптастыруы мүмкін:
1. Эмансипация. Жеткіншектің дербестікке, ересектердің
қамқорлығынан азат болу ұмтылысымен сипатталады. Ортаның
жағымсыз
жағдайларында
үйден
қашу,
ата-аналарына,
мұғалімдерге бағытталған аффективті ызалық, сондай-ақ жеке-
дара ассоциалды қылықтардың себебіне айналуы мүмкін.
2. «Теріс еліктеу». Отбасы мүшелерінің жағымсыз мінез-
құлықтарына қатысты қарсы мінез-құлық көрініс беріп, эманси-
пация реакциясының қалыптасуына, тəуелсіздік үшін күреске се-
бепкер болуы ықтимал.
3. Топтасу. Өз көшбасшысы, топішілік өзара қатынастардың
жүйесі бар жəне мінез-құлықтың нақты стилі тəн жеткіншектердің
спонтанды топтарын қалыптастыру ұмтылысы. Ортаның
жағымсыз жағдайларында жеткіншек жүйке жүйесінің əртекті
толымсыздығында оның бұл көрініске бейімділігі мінез-құлқын
анықтап, ассоциалды қылықтарының себебіне айналуы мүмкін.
4. Əуестену (хобби-реакция). Ол жеткіншек тұлғасының ішкі
құрылымының ерекшеліктерін сипаттайды. Спортқа əуестену,
206
құмар ойындары, коллекция жинау көбінде жеткіншек ұлдарға
тəн. Өзіне назар аудару ұмтылысы себепкер болған əрекет (көркем
өнерпаздық, əдеттен тыс киім үлгісіне əуестік жəне т.б.) көбінде
қыздарға тəн болады. Қайсыбір затқа, құбылысқа, пəнге (əдебиет,
əн-күй, бейнелеу өнері, техника, табиғат жəне т.б.) деген терең
қызығушылықты сипаттайтын ақыл-ой – эстетикалық əуестіктер
жеткіншектердің екі жынысында да қатар байқалуы мүмкін.
5. Қалыптасушы сексуалды əуестікпен шартталған көріністер
(сексуалды проблемаларға деген жоғары қызығушылық білдіру,
жыныстық өмірдің ерте басталуы, онанизм жəне т.б.).
Сипатталған көріністер аталмыш жас шамасына тəн қалыпты
кезеңдерде мектептегі немесе үйдегі əлеуметтік бейімсіздікке
əкелуімен шектелмейтін, кей-кейде емдеу шараларын талап ететін
патологиялық кезеңдерде де орын алуы ықтимал.
Мінез-құлық көріністерінің туындаған шағын топшаның
немесе жағдайдың шегінен тыс таралуы, невротикалық
ауытқулардың қосылуы, жалпы əлеуметтік бейімделудің бұзылуы
олардың патологиялық белгілерін анықтайтын өлшемдер
қатарынан саналады. Мінез-құлықтың патологиялық жəне
қалыпты формаларын дер кезінде ажырату маңызды, өйткені
олар педагогикалық жəне əлеуметтік көмектің əртүрлі түрлеріне
мұқтаж болып, кей жағдайларда дəргерлік терапияны талап етуі
мүмкін.
Жеткіншек кезеңінде психикалық дамуының маңызды
бағыты қиындықтар мен проблемаларды жеңу стратегиялары мен
тəсілдерін қалыптастыруға тығыз байланысты.
Олардың біршамасы балалық шақта күрделілігі қалыпты
жағдайларды (сəтсіздіктерді, ұрыс-керістерді) шешу үшін
қолданылып, үйреншікті əдетке айналады. Жеткіншек кезеңінде
олар түр өзгеріске ұшырап, жаңаша ересек мағынамен толысады,
дербес бітіске ие болады.
Адамның
қиын-қыстау
жағдайындағы
мінез-құлық
тəсілдерінің ішінен конструктивті жəне конструктивті емес стра-
тегияларды ажыратуға болады.
Проблемаларды шешудің конструктивті тəсілдері жағдаятты
белсенді
өңдеуге,
жарақаттаушы
жағдайларды
жеңуге
бағытталады.
Мінез-құлықтың конструктивті емес тəсілдері алыс жоспарға
207
ысырылған проблемалардың себебін анықтауға бағытталмай,
салыстырмалы жайлылық елесін тудыратын жағымсыз қуатты
шығару жəне өзін-өзі тыныштандырудың əртекті түрлерін
білдіреді.
Танымал неміс психологы X. Ремшмидтің пікірінше,
психопатологиялық симптомдар бейімсіз икемделу, жеткіншектің
өмірінде орын алған қиыншылықтарды жеңудің толымсыз амал-
дарын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |