Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет76/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

Оқу операциялары əрекеттер тəсілдерінің құрамына кіреді. 
Операциялар жəне оқу тапсырмалары оқу іс-əрекетінің негізгі
буыны болып есептеледі. 
Төртінші компонент – бақылау. Алғашқыда балалардың оқу 
жұмысын мұғалім бақылайды. Біртіндеп олар өздері бақылай бас-
тайды. Бақылаудың соңғы кезеңі – бағалау. 
Оқу іс-əрекетінде баланың қоғаммен қатынастары жүзеге аса 


189
бастайды, оны жеке басының сапаларымен қатар, психикалық 
үдерістері де қалыптаса бастайды
Бірінші сынып оқушыларында қабылдаудың саралап 
қабылдау түрі жақсы дамыған (түсін, пішінін дұрыс атағанымен, 
кейбір ерекшеліктеріне көңіл аудармау). Баланың талдауы мен 
саралауының дұрыс дамуы үшін тек қана түсінісу мен кейбір 
қасиеттерін ғана қабылдау жеткіліксіз, ол үшін іс-əрекеттің ерекше 
түрі – бақылау қалыптасуы керек. Бұл қасиет тек оқу іс-əрекетінің 
негізінде қалыптасады. Оқу кезінде заттардың қасиеттерін сара-
лап түсіндіру негізінде, қабылдау басқа да танымдық процестер-
мен бірігіп (зейін, ойлау) мақсатты түрде жəне ерікті қабылдауға 
айналады.
Мектепке жаңа келген балада еріксіз зейін басым бола-
ды. Мектептегі оқу үдерісі баланың ерікті зейіні болуын талап 
етеді. 2-3 сыныпта баланың ерікті зейіні едəуір дамиды. Бірақ 
баланың зейіні тұрақсыз болады, сондықтан тəжірибелі ұстаз оқу 
үдерісінде əртүрлі əдістер қолданады (санаудың əртүрлі əдістері). 
1-2 сыныпта баланың зейіні ойша əрекетерге қарағанда сырттай 
əрекет жасауда тұрақты болады. 
Бастауыш сыныптың оқушысы көбінесе, өзіне ерекше əсер 
еткен заттарды ғана есінде жақсы ұстайды. Ал оқу үдерісі бары-
сында көптеген заттарды еріксіз есте сақтау қажет. Осыған бай-
ланысты есте сақтау жолдары қалыптаса бастайды. Алдымен 
бірнеше рет қайталау негізінде, содан соң мағынасын түсініп, 
есте сақтауды үйрене бастайды. Психологияда мынадай заңдылық 
бар: қандай зат ақыл-ой əрекетінің заты болса, сол жақсы есте 
сақталады. 2-3 сынып оқушыларының еріксіз есі жақсы дамыған, 
бірақ осы кезеңде естің сапалық өзгерулері болатыны байқалады. 
Ес екі бағытта дами бастайды – ырықты жəне мағыналылық. 
Мағыналық естің дамуы есте қалдырудың рационалды тəсілдерін
игеруге мүмкіндік береді.
Бастапқы кезде қиялдағы заттар бір ғана күйде (статикалық) 
болса, 2 сыныптың соңы 3 сыныптың басында қозғалыс
(динамикалық), өзгерістік күйде қалыптасады. Қайта жасау қиялы 
негізінде мазмұндама жаза алу, оқыған əңгімедегі сюжетті өзгерту, 
кейбір объектілерді жалпылау жағдайы мен болған оқиғаны 
уақыт аралығында елестете білу – міне, осының бəрі баланың 
творчестволық қиялын дамытудың алғышартары.


190
Бастауыш кезеңінде ойлауының дамуы екі кезеңнен тұрады. 
1-2 сынып ақыл-ой əрекеті мектепке дейінгі жастағы балалардікіне
ұқсас болады, яғни көрнекі-əрекеттік негізде. 3-сыныпқа өткен кез-
де ойлаудың 2 кезеңі дами бастайды, яғни заттар мен құбылыстар 
туралы біржақты пікірлер басым бола бастайды. Бұл кезде əртүрлі 
ұғымдар мен белгілердің қарым-қатынасын, байланысын түсіну 
нəтижесінде тектік-түрлік қатынастар ашылады. Заттардың 
қасиеттеріндегі мəнді, маңызды жақтарын түсіне білу абстрактілі 
немесе жалпылауға жол ашады.
Оқу үдерісінде бастауыш мектеп оқушысында ғылыми түсінік 
қалыптаса бастайды. Оқу процесінде ғылыми түсінікті меңгеруі 
теориялық ойлаудың дамуын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет