81
қайшылықтардың мəні – дамуының ескі əлеуметтік жағдаятының
жəне бала жетістіктері деңгейінің сəйкессіздігі. Л. С. Выготский
бойынша дамудың əлеуметтік жағдаяты бала өмірінің бүкіл
бейнесін, оның əлеуметтік болмысын, санасының ерекшеліктерін
анықтайды. Дамудың əлеуметтік жағдаяты жас шамасының
барлық динамикалық қайта өңдеулердің бастапқы мезетін
анықтайды. Дамудың əлеуметтік жағдаяты бала мен əлеуметтік
ақиқаттың арасындағы қатынастардың жүйесі ретінде бала
дамыған сайын түрленіп, баланың жаңа жетістіктерін сипаттап,
дамудың жаңа əлеуметтік жағдаятының негізгі бітістерін даярлап,
ыдырайды.
Достарыңызбен бөлісу: