82
жіктелуі жас ерекшелік дамудың дағдарыстары туралы бастапқы
ұғымды құрайды.
Даму жеке-дара фазалардан, кезеңдерден не-
месе сатылардан құралған компонент ретінде қарастырылғанда
ғана бір кезеңнен екіншісіне көшуде
сын кезеңінің орын алуын
болжауға болады. Сонымен қатар дамудың бір кезеңі аяқталып,
алдыңғысынан өзге сапалы тұрғыда жаңа кезең басталады.
П. П. Блонский (1964) алғашқылардың бірі болып педагоги-
калық қатынаста қиындықтардың
туындауына себепкер
дағдарысты, «өтпелі кезеңдердің» белгілеу арқылы онтогенезді
бірнеше кезеңдерге бөледі. Ол «сын кезеңі» ұғымын енгізіп,
жүйке-жүйесінің тұрақсыздығына,
балалардың осы кезеңдегі
ынталандырылмаған мінез-құлқына нұсқайды. Сонымен қатар
Блонский дағдарысты дамуда кенеттен туындаған өзгеріс ретінде
қарастырған.
Л. С. Выготский дамудың сатылары (1984) дағдарысты
жəне тұрақты жас ерекшелік кезеңдердің алмасу қағидасына
негізделеді. Ол
бір, үш, он үш, он жеті жастардағы дағдарыстарды
белгілеп, жас ерекшелік
дағдарыстардың қалыпты, үдемелі
тұлғалық даму үшін аса қажет деп есептеген.
Л. С. Выготский төмендегідей психологиялық өлшемдерге
сəйкес кезеңдерді анықтайды:
8-кесте
Достарыңызбен бөлісу: