М. И. Лисина бойынша, қарым-қатынастың туғаннан жеті жасқа дейінгі жас шамасын қамтитын негізгі төрт түрі № Кезеңдер Сипаттамалары 1
Жағдаяттық-
тұлғалық
2 – 6 ай
ересектің мейірімді назарына мұқтаж болу
қажеттілігін қанағаттандырады. Қарым-
қатынастың негізгі құралдары-экспрессивті
– мимикалық
2
Жағдаяттық-іскер
6 ай – 3 жас
ересекпен ынтымақтастықты қалау
қажеттілігін жүзеге асырады. Заттық
іс-əрекетке байланысты. Жетекші мотив
- іскер мотив. Бір жасқа дейінгі қарым-
қатынас құралдары көбінде заттық-
əрекетшіл, бір жастан кейін вербалды
3
Жағдаяттан тыс–
танымдық
3 – 5 жас
ересектің силастығына мұқтаж болу
қажеттілігі жетекші болып табылады.
Танымдық мотивтерді жүзеге асырады.
Вербалды құралдарды қолданады.
4
Жағдаяттан тыс–
тұлғалық
5 – 7 жас
Өзара түсіністік пен жанашырлық
қажеттілігін жүзеге асырады. Қарым-
қатынас мотиві – серіктесімен тұлғааралық
қатынастарды орнату. Қарым-қатынас
құралдары вербалды болып табылады.
Коммуникативті іс-əрекет ретінде қарым-қатынас бала
өмірінің алғашқы айларында-ақ қалыптасады. Қарым-қатынас
қажеттілігі тумысынан берілмейді, өмір барысында қалыптасады.
Баланың араласу қажеттілігінің шығу тегі жəне ересекпен қарым-
қатынасының алғашқы формасының дамуы – нəрестелік кезеңнің
орталық мəселесі болып табылады.
М. И. Лисина бойынша, ересектің ілгері жүретін
бастамашылдығының механизмі қарым-қатынас формалары
дамуының негізгі механизмі болып табылады. Ересектің ілгері
жүретін бастамашылдығының механизмі қарым-қатынастың
99
жаңа мақсатын көздеудің жəне ересекпен біріккен іс-əрекетті
жүзеге асырудың есебінен бала дамуының жақын аймағын
қалыптастыруды болжайды.