Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет68/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

Үшінші сəт. Баланың қыңырлық кезеңі.
Бала мінезіндегі ерекшеліктің алғашқылардан айырмашылығы 
қандай? Қыңырлық жеке бастың ерекшелігі емес. Жағымсыз 
қылықтар баланың қандай да болсын ересектерге қарсы
бағытталған əрекеттері. Ал қыңырлық бала тəрбиесінің қалпына 
қарсы, өмір салтына қарсы бағытталады: ол «ой қойшы!» де-
ген баланың өзіне тəн риза болмауын білдіреді, сəби өзіне 
ұсынылғанның, істегеннің бəріне жауап береді. Бұл жерде 
қырсықтық белгі адамға қатысты емес, 3 жасқа дейін қалыптасқан 
барлық өмір салтына қарсы. Бұрын ол қызыққан ойыншықтарды 
ұсыну 
қалпына 
қатысты. 
Қырсықтықтың 
қасарысудан 
айырмашылығы сол, ол қалай да өзінің қажетін орындауға 
табандылық көрсетуі
Енді төртінші ерекшелік – өзіндік ерік немесе өзімшілдік 
мінез деп аталады. Бұл баланың дербестік бағытын көрсетеді. 
Енді бала бəрін өзі істегісі келеді.
Талданып отырған дағдарыс түрлерінің бұдан басқа да үш 
түрі бар деп жүр, бірақ олардың қосымша ғана маңызы бар. 
Оның біріншісі – қарсылық көрсету. Баланың мінез-құлқындағы 
бірқатар көріністердің бəрі қарсыласу сипатында болады. Оның 
мінез-құлқы өзгелерге қарсыласу ерекшеліктермен көрініс беріп, 
өз маңыңдағылармен ұрысып, таласып, үнемі ренжісу жағдайында 
болып көрінеді. Баланың ата-анасымен қақтығысы əдетке айнал-
ды. Осыған орай баланың өзі елеусіз қалады. Мысалы, бұрын тату 
болған отбасында бала өз анасына «сен ақымақсың» дейді. Бюлер 
осы тақырыпқа сəйкес отбасының ренішін суреттеп жазды.
Бала өз ойыншықтарын да бағаламауға тырысады, оларды 
ұстағысы келмейді, оның сөздерінде балағаттау мен кемсіту сөздері 
пайда болады. Мұндай сөздер орынсыз айтылады. Бұлардан басқа 
тағы да екіжақты ерекшелік болатынын атап айту керек. Үйдегі 
жалғыз бала болғандықтан, оның талап-тілектерінің бəрі орын-
далып, ол нағыз өзінің өктемдігін жүргізуге тырысып бағады. 
Бұл көрініс əртүрлі семьяда түрліше болып келетіні байқалады. 
Жалғыз ғана баласы бар семьяда өктемдік етуге ұмтылушылық 
кездеседі. Ондай бала маңындағы адамдарға айтқанын істетіп, ай-


163
дауына жүргізгісі келеді. Ондай баланың шешесі үйден шықпауға 
тиіс, бала талабы бойынша шешесі бөлмеде болуға тиіс. Ол талап 
еткеннің бəрін оған алып беру керек. Ол ұсынған тағамды жемейді, 
өзі сүйген тамақты ғана ішеді. Бала айналасындағы адамдарға 
билік жүргізу үшін неше алуан тəсілдерді табады. Ол барлық та-
лаптары орындалған жағдайда өзгелердің, бəріне əмірші болғысы 
келеді. Ал кейбір семьяда мұндай сипат қызғаншақтық деп те ата-
лады. Өзінен жасы кіші не үлкен баланы қызғанатын болады.
Міне, үш жастағы баланың бойында жиі кездесетін мінез ны-
шандары осындай. Бұл ерекшеліктердің бəрі бала тəрбиесіне бай-
ланысты пайда болып отыратын қасиеттер. Бұл жайттар барлық 
зерттеушілердің назарына іліккен мəселелер.
Осы ерекшеліктер бала тəрбиесін қиын етіп көрсетеді. Бұған 
тəрбиесі онша қиын болмаған бала енді ересектер үшін асырауы 
қиындай түседі. Бала қысқа мерзім арасында күрт өзгереді деген 
түсінікте боласың. Бұрын мəпелеп жүрген «қуыршағың» енді 
қыңыр, тентек, қасарысқан, жексұрын, қызғаншақ əрі өзімшіл 
тіршілік иесіне айналады. Сөйтіп оның семьядағы бүкіл болмыс-
бітімі күрт өзгереді,
Сайып келгенде, баланы жас кезінен тəрбиелеудін кеңінен 
тараған түрі семьялық жеке тəрбие болып табылады. Семьялық 
тəрбиенің басты ерекшелігі – бала өздігінен ешнəрсеге ұрынып 
қалмай саналы əрі əдепті болып өседі деп санаған.
Бала дамуының сəбилік кезеңінде елеусіз нəрсеге ашу 
шақырып, маңындағы адамдардың бəріне өз айтқанын істеткісі 
келеді. Соған орай үш жастағы дағдарыста екіжақты құбылыс 
пайда болады: Бала қиқарлық көрсетіп, ашу-ызасын шешесіне, 
ойыншықтарына ұрсып кею арқылы білдіреді. Баланың мұндай 
қылықтарын екінші жағынан қарағанда, оның өзімшілдік əрекеті 
мен дербестігін, белсенділігін көрсететін сияқты. Баланың бо-
йында енді «мен» деген пайымы болып, өзгелер сол баланың 
ығына қарай есу керек. Мұндай ерекшеліктер баланың өзіне деген 
қатынасының өзгергенін көрсетеді.
Жалпы алғанда, баланың мінез-құлқы мен əрекеттерінде пайда 
болып отыратын қылықтарының бəрі оның өзіндік өскендігі мен 
айналасындағыларға тəуелсіз тіршілік етуге ұмтылуын білдіретін 
қасиеттер болып саналады. Мұндай ерекшеліктердің бəрін кейбір 
зерттеушілер бала дағдарысына тəн қасиет деп атайды.
Енді екінші белдеу дейтін мəселенің ерекшеліктеріне тоқталып 


164
өтейін. Бұл белдеуді екі топқа бөлуге болады. Оның бірі – сəбидің 
дербестікке ұмтылу нəтижесінен туындайтын сипаттар. Сəбидің 
тіршілік ортасындағы əр алуан қарым-қатынастарға іштей на-
заланады, ашу-кекті болып қиналады, сырттай оларға реніш 
білдіріп, қақтығыстарға ұшырайды. Осының бəрі баланың бойын-
да ызақорлық өзгерістерге ұшыратады, нервтік науқасқа ұшырау 
салдарынан бала энурез немесе түнде қуығын ұстай алмай, зəрін 
төсегіне жіберіп қою сияқты халге ұшырайды. Бұл үш жастағы 
дағдарыс кезінде кездесетін жайт. Ұқыптылықка үйретілген бала 
дағдарыс кезінде өзінің дамуындағы бұрынғы сатыларында кездес-
кен ерекшеліктерін қайталауға мəжбүр болады. Түнгі қорқыныш, 
жайсыз ұйқы жəне басқа жүйкелік жайсыздықтар салдарынан 
баланың сөйлеуі күрт өзгереді. Кекештік пен тұтықпалық пай-
да болады, қырсығып қасарысады, ішкі дертін сыртқа шығарып, 
жерге жата қалып аунайды. Мұның бəрі ішкі дертті қозғағандай 
болып көрінеді. Іс жүзінде мұндай қылықтарының бəрі баланың 
жағымсыз қылығын онымен санаспағандыққа қарсылық көрсетіп, 
өзімшілдігін өзгелерге білдіру əрекеттері болып табылады.
Дағдарыс кезінде баланың бойында қайта құрылатын 
психикалық өзгеріс не? Бұл бала маңындағы жақын адамдары-
на – əкесі мен шешесіне жəне олардың беделіне деген əлеуметтік 
көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ баланың «мен» деген өзіндік 
ерекшелігін танытқысы келіп, оның бойында бірсыпыра мінез-
қылықтары пайда болады. Ондай қылықтар ортадағы жағдайды 
өзгертеді. Бір сөзбен айтқанда, дағдарыс баланың жеке тұлғасы 
мен оның маңындағы адамдардың өзара əлеуметтік қарым-
қатынасын қайта құрып, оларды өзгертіп отыруға бағытталатын 
психикалық фактор деп санаумыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет