210
бірінің іс-əрекетіне өзара əсер етудің мынадай түрлерін береді:
1. Өзара жеңілдік, яғни сол серіктердің қатысы екеуінің де іс-
əрекетінің тиімділігін арттырады.
2. Өзара қиналу, яғни өзара қатысу əрқайсысының іс-
əрекетінде қателіктердің пайда болуына ықпал етеді.
3. Біржақты жеңілдік – бір серігінің қатысы басқасының іс-
əрекетін жеңілдетеді (мысалы, ересек пен бала).
4. Біржақты қиналу – бір адамның қатысы екіншісіне кері
əсерін тигізеді.
5. Тəуелділік – екеуінің қатысы ешқайсысының іс-əрекетіне
əсер етпейді.
Іс-əрекетке əсер ету түрлерінің көптеп кездесуі психологиялық
сыйысушылық деген құбылыстың куəсі. Психологиялық
сыйысушылық дегеніміз – өзара əрекеттесуші адамдардың ең
аз дəрежедегі шығынындағы іс-əрекетінің жоғары дəрежедегі
нəтижеге жеткізуі.
Əрбір тұлғаның белсенділігі сол ұжымның ахуалымен
анықталады. Яғни, ұжымның тұлғаға тигізер дəрежесі сияқты.
Əрбір тұлғаның дамуына ықпал ететін жəне ұжымның
еңбекке деген ынтасын қамтамасыз ететін психологиялық ахуал-
ды ұжымдастыруда топ мүшелерінің өзара қатынасын реттеу ке-
рек. «Өзіндік реттеушісі жоқ» «ұжымдық іс-əрекет» тəрбиеленуші
фактор бола алмайды.
Психологиялық біртұтастылық немесе коммуникативтілік,
жүйенің өзіндік реттеуін жəне өзіндік бағдарлануын, жүйке
бөлшектерінің қасиеттерін бүтінге бағыттаудың əрекеттерін
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: