Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Жеткіншектің ересектермен қарым-қатынасының жеке



Pdf көрінісі
бет84/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

5. Жеткіншектің ересектермен қарым-қатынасының жеке 
тұлға ретінде қалыптасуына тигізетін əсері
Ересектермен қарым-қатынас негізінде баланың жеке 
тұлғасы қалыптасады. Ересек адам адамның психикалық дамуы-
на ықпал етіп, адамзат мəдениетінің жетістіктерін ұрпаққа та-
быс етеді. (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, 
М. И. Лисина). Балада қарым-қатынас қажеттілігінің пайда бо-
луы, оның онтогенездегі дамуының анықтаушы мезеті болып 
табылады. Баланың жеке тұлғасының қалыптасуының жетекші 
факторларының бірі – ол балалардың ересектермен қарым-
қатынасы. Балалардың бір-бірімен қарым-қатынасының мəнінің 
ұлғаю себебі, ересектермен қатынасының белгілі дəрежеде 
жетіспеуінен деп көрсетеді. 


218
Э. Л. Фрух пен Л. С. Славина, 30-жылдардың өзінде кейбір 
балалардың теріс мінез-құлықтарының астарында «психикалық 
витаминдер», яғни үлкендер тарапынан болатын мейірімнің, 
қарым-қатынастың жетіспеуі жатыр делінген. Үлкендер тара-
пынан болатын махаббат, көңілдің бөлінбеуі əсерінен баланың 
жаны да, тəні де қалжырайды. Мұндай жағдайлар баланың жеке 
тұлғасының белгілі бір дəрежеде дамуына кедергі жасайды, 
себебі əлеуметтік дағды тəжірибесі бірден төмендеп, бала өзінің 
жеке басын дұрыс бағалай алмайды (М. И. Лисина, В. С. Мухина,
С. Т. Якобсон).
Жеткіншектердің ми қабы клеткалары тітіркендіргіштерге 
əсерленгіш, сондықтан олар ренжуге не қуануға бейім келуі 
мүмкін. Жеткіншек психикасының дамуына əсер ететін 
қайшылық, көне мен жаңаның арасындағы күрес. Баланың бойын-
да жаңа қасиеттер пайда болады. Бұған жеткіншек «мені» жата-
ды. «Мен» дегеннің мəні ол енді кішкентай емес, есейді, үлкендер 
оны азамат деп санауы тиіс. «Бала» деген олардың түсінігінше 
тек үлкендердің көмегімен өмір сүретін адамды білдіреді. 
Сондықтан үлкен адамдар олардың есейгенін мойындап, ере-
сек адам ретінде қабылдағанын қалайды. Əр жас кезеңіне өткен 
сайын, оның «Мен» деген қасиеті өзгеріп, үнемі жаңа мазмұнға 
ие болып отырады. Жеткіншек пен үлкендер арасындағы қарым-
қатынастарында қайшылықтар болып тұрады. Себебі жеткіншек 
өзін есейдім деп есептейді де, үлкен адамдардың оған əлі бала деп 
қарауының келіспеушілігінен болады. Осындай қайшылықтар 
нəтижесінен олардың өмірінде дағдарыстар болады. Бұл дағдарыс 
11-16 жас арасында болады, яғни жеткіншектердің өздеріне де-
ген қатынастарына риза болмауынан. Қыздар киім киюде, не өзін 
күтуде, ал ұл балалар тиісті міндеттерді өз бетімен орындағысы 
келеді. Ал үлкен адамдар тарапынан мұндай істі өз бетімен істеуіне 
наразылық білдіріп, бүлдіріп аласың деген күдігінен туындайды. 
Сондықтан жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей 
отыр», - деп реніш білдіреді. Егер осындай қатынас ұзаққа созыл-
са, жеткіншек пен үлкендер арасында түсінбеушілік туып, бала 
негативтік халде болып, үлкендер айтқанын орындамауға тырыса-
ды. Үлкендер арасындағы қайшылықтар, түсінбеушіліктерді неміс 
психологы К. Левин «ойлық бөгет» деп атаған. Жеткіншек пен 
үлкен адамдар арасындағы түсінбеушілік нəтижесінен үлкендер 


219
сөзіне құлақ аспай, тыңдамауына əкеп соқтырады. Мұндай қарым-
қатынастағы қайшылықтар кейін қақтығысқа апарады. 
Жеткіншек өзінің мүмкіншілігін дұрыс бағалап, өзіне дербес 
азамат деп қарауы тек өзгелермен тығыз қатынас жасап, соларды 
жақсы білуден пайда болады. Жеткіншектің «мен» қасиеті өзінің 
кім екенін біліп, өз мүмкіншілігін дұрыс бағалауға пайдасын 
тигізеді. Мұны адамның өзін-өзі дұрыс бағалай алуы, сананың 
өзіне тəн қасиеті деп атайды.
Жеткіншектер өздерінің ісіне талдау жасап, оның жағымды 
не жағымсыз жақтарын ажырата бастайды. Жеткіншек кезде 
өзін-өзі білгісі келу қажеттілік болып табылады. Бұл қажеттілік 
үлкендер мен құрбыларының жеткіншекке қоятын талабының 
дұрыс не бұрыс екендігін білуге арналады. Сонымен бірге 
жеткіншектің қандай іске икемді жəне қандай істі атқара алаты-
нын білуге ұмтылуына көмегін тигізеді. 
Жеткіншектің өз мүмкіншілігін сезе алуына, бағалуына, өзін 
меңгере алуына ықпал етеді. Үлкендердің оны ересек азамат деп 
қабылдауын талап еткендіктен, жеткіншек өз мінезінің жағымсыз 
жақтарымен күресіп, жағымды жақтарын дамытып отырады. 
Жеткіншекті азаматтық қасиетке ие болуға итермелеудің бір 
себебі, өзінің кемшілік жақтарын сезе алуы. Өзінің ісін, əсіресе 
қателерін талдау үшін біраз уақытын жібереді. Жеткіншектің идеа-
лы көркем əдебиеттегі кейіпкерлер немесе өзінің жақсы көретін 
адамдары болуы мүмкін. Егер идеалы кейіпкерлер болса, онда 
олар сол кейіпкерлердің ұнамды жақтарын жинап соған еліктейді. 
Ал еліктейтін бейне өзінің ұнататын адамы болса, барлық күшін 
оның ісіне еліктеуге салып, ақылын, сөзін тыңдауға ұмтылады.
Жасөспірімнің «Мені» əлі толық дамымаған, сол себепті 
ол барлық уақытта мазасызданып бір нəрсені іздеп отырады. 
Жасөспірімнің өз құрдастарымен, үлкен адамдармен қарым-
қатынаста болуы олардың «тұлға» болып өсіп жетілуіндегі ең 
маңызды шарт болып табылады. Қарым-қатынастың сəтсіздікке 
ұшырауы жасөспірімнің барлық уақытта дискомфортта жүруіне 
əкеліп соғады. Ал мұның орнын жасөспірім өмірінің басқа 
саласындағы жетістіктері толтыра алмайды. Адамдармен қарым-
қатынасты жасөспірім өзі үшін өте маңызды деп санайды. Олар 
адамдармен қарым-қатынас жасағанда олардың дауыс ырғағына, 
сеніміне көп көңіл бөледі. Осының бəрін ол түсінгісі келіп 


220
талқылап отырады. Үлкен адамдардың қатарына қосылғанда 
жасөспірім социуммен қарым-қатынасқа түседі. Балалық иденти-
фикациядан құтылғысы келген ол үлкендермен өзін қалай ұстау 
керектігін білмейді. 
Ол жиі өзін өзге адамдарға ұқсамаймын деп ойлап ұялып, басқа 
адамдарға күлкі боламын деп, қарым-қатынас жасағанда олар мені 
түсінбейді деп қорқып, осы қорқыныштарын біреуге айтқысы 
келеді. Ол жалғыз қаламын деген қорқынышты ойларға батады. 
Өзінің идеалдарымен өмір сүргісі келген жасөспірім жиі өзінің 
əке-шешесімен конфликтіге түседі. Бұл конфликтінің шешілуіне 
жасөспірімнің қарым-қатынасқа түсуі, бұл конфликтідегі рөлін 
түсінуі үлкен рөл ойнайды. Өте жиі жасөспірім қарым-қатынасқа 
түсе алмайды, өзінің ойларын екінші адамға жеткізе алмайды. 
Егер олардың сыртынан бақылап тұрсақ, оларды бір белгісіз күш 
көтеріп кеткендей болады, осы кезде олар өздерінің іс-əрекеттерін 
түсіндіре алмайды.
Л. И. Божович егер төменгі мектеп жасында жиі біріктіруші 
фактор болып бірге істелетін іс-əрекет болса, ал жасөспірімдерде 
керісінше, мүддесі мен айналысатын жұмысы негізінен өз 
құрдастарымен қарым-қатынас жасағанда айқындалады.
Жасөспірімдер үлкендерге жақындамай өз құрдастарымен 
бірге болуға тырысады. Мұның психологиялық мағынасы бар. 
Бұл өзін-өзі танып білгісі келгендіктен. Ол өзін өз құрдастарымен 
салыстырып, бір-бірін түсінгісі келіп, осы үдерісте адамдармен 
араласып қарым-қатынас жасап үйренеді. Өз құрдастарының ара-
сында оның өзінің қандай екенін білгісі келеді. Мұндай мінез-
құлықтың терең психологиялық мағынасы бар. Бұл өзін бағалап 
жəне өте жақсы түсініп, өзін кейбір құрдастарымен салыстыру 
қажеттілігі. Өзін-өзі танудың қарқынды үдері құрдастарына де-
ген үлкен қызығушылығын оятып, белгілі бір кезеңдегі беделі өте 
күшті болады. 
Жасөспірімдер үшін ұнаған адаммен танысып, сол адам ара-
ласатын ортаға оңайлықпен сыйысып кетіп, өзін еркін ұстай алу. 
Сонымен қатар, сол ұнаған ортада өзінің индивидуалдылығын 
жоғалтпай, өз ойлары мен сезімдерін жеткізу өте маңызды. 
Осындай ортада олар қайырымдылықты, ықыластылықты, 
жанашырлықты, аяушылықты жəне өзге адамдарды түсінуді 
үйренеді.


221
Өзін-өзі тану үдерісі мен іскерлік шеңберінің кең 
қалыптасуы жəне жеке тұлғалар арасындағы іс-əрекет əдістері 
соншалықты жасөспірімді жаулап алады, олардың сабаққа де-
ген қызығушылығының күрт төмендегенін байқауға бола-
ды. Көптеген жасөспірімдер үшін бір-бірімен қарым-қатынас, 
өмірдегі ең қажетті сұраныс болып қалады.
Жасөспірімдер 
өміріндегі 
эмоционалды 
маңызды 
факторларының бірі вербальды емес компонентті қарым-
қатынасқа аса көңіл бөлу керек. Олар ұзақ уақыт айнаның алдын-
да тұрып түрлі мимикалық, пантомимикалық қимылдар жасап 
өздерін бақылайды. Бұл өзін-өзі танудағы сенімділігі өз «Менін», 
өзінің денесінің мүмкіндіктерін зерттеуінен айқын көрінеді.
Еш күмəнсіз табысты қарым-қатынастың негізгі кілті, ол өзін 
тану қабілеті жəне олардың вербальсыз мінез-құлқы арқылы 
басқа адамды түсіну маңызды болып табылады. Жасөспірімдер 
адамның дене қимылынан сол адамның қандай эмоционалдық 
сезімде тұрғанын ажыратуда қиналады.
Бұдан да басқа тəжірибенің жетіспеуі, вербальсыз əдісті 
қарым-қатынас өзін түсінуді қиындатады, сондай-ақ басқа 
адамдардың вербальсыз хабары, эмоционалды жəне қимылды экс-
прессиясы жеке тұлға арасындағы іс-əрекетті, өзара түсіністіктің 
даму тəжірибесін шектейді. Сонымен қатар, өзіндік «Меніне» 
əсерін тігізеді. Вербальды емес қарым-қатынас дегеніміз – дененің 
тілі дегенді білдіреді. Адам дене сигналдары жəне қимылдары 
арқылы өзі туралы хабар береді. Адамның өмірге деген көзқарасы 
оның өзін-өзі ұстауынан, тұлғасынан жəне қимыл-қозғалысынан 
байқалады. 
Шандор Радоның болжамы бойынша, тілдің түбірі 
проприоцептивтік сезімде, ал жалпы тілдің негізі болып дененің 
тілі табылатынын айтады. Оның ойынша, қатынастың негізінде 
адамдардың бір-бірімен эмоцияларын, сезімдерін бөлісуі өз 
кезегінде дененің жағдаятқа жəне оқиғаларға жауабы екенін 
көрсетеді. Эмоцияларда дене көріністерінің бірі – бұл адам 
денесінің ішіндегі жест немесе қимылы, жалпы шешім бойынша 
ішкі іс-əрекет болып табылады.
Жас балалар дененің тілін үлкен адамдарға қарағанда өте 
жақсы түсінеді, себебі оларды мектеп қабырғасында ұзақ жылдар 
бойы сөзге жəне дене қимылына көп көңіл бөлуге үйретті. Дене 


222
тілін оқудың талабы адам біріншіден, өз денесін сезіп, өз денесін 
қабылдауы керек, соған байланысты өзіндік «мені» мен өзін-өзі 
елестетуі қалыптасады. Адам өз денесін түсініп, сезінгенде ғана 
ол басқа адамдардың қимыл қозғалысының мағынасын, дене 
көрінісін түсіне алады.
Контактыда өзін еркін көрсету – ол өзінің нендей сезімде 
екеніңді саналы түрде болжау қабілеті. Жеткіншектер жиі 
өздерінің мінез-құлқы жөнінде көп ойлана бермейді, оларды бір 
ерекше күш алып жүргендей сезімде болады. Мұндай жағдай, 
əсіресе ашу үстінде көрініс табады. Ашудың буырқанған толқын 
болып соғуы, ол бұрын болған жағымсыз эмоциялардың себеп-
салдары жəне бала кездегі реніштің жемісі. Бұл мəселе егер 
жасөспірім өзіне деген сенімділікті жəне өздігінен болатын 
қарым-қатынасқа ие болғысы келсе, онда бұл проблема міндетті 
түрде психологиялық тұрғыдан жұмыс істеуді талап етеді.
Жеткіншектің жаңа құқықтарға ие болмақ тілегі, ең алды-
мен ересектермен қарым-қатынастың бүкіл саласын қамтиды. 
Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну шығады, ол өзін 
кемсітуге, дербестікке деген құқықтарынан айыруға болмай-
тын адаммын деп ұғынады. Ересектермен қарым-қатынастың 
балалық кезде болған типі жеткіншек үшін ересектік дəрежесі 
туралы көзқарасына сəйкес келмейді. Олар енді өзінің жеке ба-
сымен адамдық қадір-қасиетін құрметтеп ересектердің право-
ларына шектеу жасайды. Ерсектермен тең құқықтылықты талап 
етіп, оны мойындатуға тырысады. Жеткіншектің қарсылығы мен
бағынбауының түрлі формалары ересектермен қатынасының 
бұрынғы типін, ересектердің қарым-қатынасына тəн жаңа типіне 
өзгерту амалы. Жеткіншектің ересектік сезімінің пайда болуы 
жəне оны ересек адам ретінде қабылдауын талап етуі, қарым-
қатынастағы құқықтың мүлдем жаңа проблемасын туғызады.
Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекшелігі, ере-
сек адам мен баланың қарым-қатынасының ересектік қатынасқа 
тəн саналық тұрғыдан жаңа типке өтуі жүзеге асады. Бұл өту 
əлеуметтік өзара іс-əрекетінің жаңа тəсілдері қалыптасу үдерісі 
ретінде болады. Жаңа тəсілдер ескі тəсілдерді ығыстырады. Ере-
сектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары жеткіншектің 
қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанымының маңызды 
мазмұны. Бірқатар мəнді жағдайлар бұрынғы қарама-


223
қатынастардың сақталуына қолайлы болады, бұл жағдайлар мы-
налар: 
1. Жеткіншектің қоғамдағы жағдайының өзгермеуі: мектеп 
оқушысы қалпында қала бермек. 
2. Материалдық жағынан ата-анасына толық тəуелділігі, ата-
анасы да ұстаздары сияқты тəрбиеші рөлін атқарады. 
3. Ересек адамның баланы бағыттап жəне тексеріп отыру, 
бақылау əдеті. 
4. Бастапқыда жеткіншектің бет-əлпеті мен мінез-құлқында 
балалық белгілердің сақталып, оның өздігінен іс-əрекет жасай 
алмайтындығы. Мұндай көзқарастар жеткіншектердің талаптары-
на қарсы келеді. Жеткіншектің əлеуметтік есеюін дамыту болашақ 
өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Бұл күрделі 
үдеріс, жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар 
жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестікті 
қажетті түрде арттырумен, міндеттер мен праволарды ұлғайтумен 
байланысты. Осындай жағдайда ғана жеткіншек ересек адам 
сияқты іс-əрекет етуге, ойлауға, əртүрлі міндеттерді орындауға, 
адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет