Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет9/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   258
Бейімделу кезеңдері
Бейімделу нақтылы физиологиялық механизмдермен байланыс-
ты бірнеше кезеңдерден тұрады. Бейімделудің 1-кезеңі – бастапқы 
кезең тітіркендіргіштер əсер еткен алғашқы сəттен басталады. 
Мұнда əртүрлі бағытталған құрама реакция байқалады. Бірінші 
құрама реакция бағдарлау рефлексіне байланысты. Бұл рефлекс 
пайда болғанда, осыған дейінгі іс-əрекетті тежейді. Жалпы тежеуші
реакция күшті тітіркендіргіштің бəріне жауап ретінде туады.
Екінші құрама реакция – қозу түрінде жүзеге асырылады. Мұнда 
жүйкелік трофикалық ықпалдар белсендіріледі жəне мүшелердің 
қызметі күшейеді. Бұл əсерленістерді симпатикалық адреналдық 
жүйемен бірге орталық жүйке жүйесі атқарады. Алайда, бейімделудің 
бастапқы кезеңінде, олар өзара үйлесімсіз болуы мүмкін. Сонымен 
қатар бұл кезеңге организмнің эмоциялық өзгерістері де қатысады.
Бейімделістің келесі сатысы – 2-кезең өтпелі кезең. Мұнда 
орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы төмендейді, гормондардың 
белсенділігі азаяды. Ол кезде организмнің икемделу механизмдері 
ұлпаларда тереңдей түседі.
Бейімделудің 3-кезеңі тиянақты кезең – организмнің жəне 
оның мүшелері мен жүйелерінің жаңа жағдайларға мұқият икемде-
лу сəтін көрсетеді. Олардың қызметі үйлесімді келеді. Организмнің 
бейарнайы төзімділігі көтеріледі жəне əркелкі арнайы бейімделудің 
механизмдері дамиды. Бұл кезең физиологиялық үдерістерді үнемді 
атқарады жəне энергия шығынын азайтады. 


23
Бейімделудің бұл кезеңін ұдайы өзгермейтін тұрақты жағдай деп 
қарастыруға болмайды. Организмде оның ауытқулары, өзгерістері 
жиі болуы ықтимал. Өйткені оған əр алуан қосымша жанама фак-
торлар ықпал еткенде, ол өзінің тіршілік күйінің шығыны мен қайта 
қалыптасуына байланысты туатын гомеостаздың жаңа деңгейін 
үнемі сақтауға тиіс. Сондықтан бүкіл физиологиялық функциялар 
зор күш салу арқылы жүзеге асырылады. Ол организмнің энергия 
шығынын ұлғайтады, иммундық жəне гормондық қосалқы қорын 
азайтып, аяғында бейімделудің бұзылуына – дизадаптацияға əкеліп 
соғады. 
Дизадаптация кезеңі организмнің қызметтік қоры сарқылуы 
немесе нейрогуморалдық жəне зат алмасудың өзара байланы-
сы бұзылуы нəтижесінен орын алады. Бұл жағдайда бейімделудің 
бастапқы кезеңі сияқты іс-əрекеттің тұрақты көрсеткіштерінің 
ауытқулары пайда болады. Олар үйреншікті тітіркендіргіштер ша-
мадан тыс немесе кездейсоқ факторлар көп уақыт əсер еткенде туа-
ды. 
Организм бейімделу тудырушы əсерлер болмаған жағдайда
соның салдарынан туындаған морфологиялық жəне физиологиялық 
ерекшеліктерден біртіндеп арылады. Алайда, оның жойылған икем-
делу реакциялары сол бейімдеуші факторлар тағы да əсер етсе, 
қайтадан қалыптасуы мүмкін. Мұны қайта бейімделу (реадаптация
деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет