2
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
Е. Д. Даленов – медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик;
Р. А. Арынова – биология ғылымдарының докторы, профессор;
А. С. Сайдахметова – биология ғылымдарының кандидаты, доцент
.
Қыдырмолдина А. Ш.
Дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері:
Оқулық. – Алматы, 2014. – 528 бет.
Оқулықта ҚР Білім жəне ғылым министрлігі
бекіткен типтік оқу
бағдарламасына сəйкес дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық
негіздері пəнін құрайтын тараулар толық қамтылған.
Еңбек дене шынықтыру, медициналық-биологиялық
жоғары оқу
орындарының студенттеріне, осы
саладағы ғылыми қызметкерлерге,
сондай-ақ
ұстаздар,
спорттық
дəрігерлер,
реабилитологтар,
жаттықтырушылар мен салауатты өмір салты, спорт мəселелері
қызықтыратын қалың көпшілікке арналған.
© Қыдырмолдина А. Ш., 2014
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2014
ƏОЖ 796 (075.8)
КБЖ 75.1
Қ 79
Қ 79
ƏОЖ 796 (075.8)
КБЖ 75.1
ISBN 978-601-217-478-6
ISBN 978-601-217-478-6
3
АЛҒЫ СӨЗ
Аристотель атап өткен «өмірдің өзі талап ететін қозғалыстың»
барлығы, яғни адамның күнделікті өмірде орындайтын көптеген түр-
лі қарапайым қозғалыстарынан бастап, спорттық практикада кездесе-
тін күрделі сипаттағы жаттығуларға
дейін жалпы физиологиялық
заңдылықтарға бағынады. Соның ішінде,
итальяндық физиолог
А. Моссо «дене жаттығулары көптеген дəрі-дəрмектің орнын алмас-
тыра алады, бірақ бірде-бір дəрілік зат дене жаттығуларының орнын
толтыра алмайды», – деп айрықша көрсеткен спорттық шынығудың
физиологиялық механизмін білу аса маңызды.
Дене тəрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері
пəні биология, медицина жəне спорт ғылымдарының тоғысындағы
салыстырмалы түрдегі жас ғылым болып табылады.
Пəн жоғары оқу орындарында негізгі
оқу пəндердің бірі болуымен
қатар əрі ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау барысында алын-
ған нəтижелерге сүйенетін ғылыми пəн. Осыған орай пəннің негізгі
мақсаты – адамның дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануына
жəне функциялық дайындығын басқаруына
қажетті жаттығудың
физиологиялық негіздеріне арналған өзіндік білім деңгейін көтеру
барысында білім беру жəне дағдыландыру. Сондықтан да бұл
оқулықтың болашақ ұстаздар мен жаттықтырушылар үшін маңызы
зор.
Осы мəселелерді ұсына, іргелі ғылыми еңбектерге сүйене
отырып, бұл оқулық мемлекеттік тілімізде дене тəрбиесі мен
спорт түрлерінің физиологиясының
барлық бөлімдері қамтылған
алғашқы толыққанды еңбек ретінде ұсынылып отыр. Сонымен
қатар еуропалық университеттерде өткен ғылыми тағылымдама ба-
рысында ағылшын, итальян тіліндегі импакт факторы бар ғылыми
журналдар мен соңғы жылдардағы
заманауи ғылыми жетістіктер
негізге алынып əрі толықтырылып жазылды. Оқулықта қазақтың
кейбір ұлттық спорт түрлерімен
шұғылданудың физиологиялық
ерекшеліктері берілді.