Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Оқу əдебиеттеріндегі тақырыпты ашу тəсілдері



Pdf көрінісі
бет168/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   364
Оқу əдебиеттеріндегі тақырыпты ашу тəсілдері

Информатикадан  мектеп  оқулықтарында  ЭЕМ  құрылғысын 

оқыту  мазмұнын  беруде  түрлі  тəсілдер  қолданылады.  Бұл 

айырмашылықтың  болуы  информатика  жəне  есептеуіш  техни-

ка  негіздері  пəні  мектепке  енгізілген 1985 жылдан  қазіргі  уақыт 

кезеңіндегі маңызды өзгерістердің болуымен байланысты.

Компьютерлердің  техникалық  сипаттамасы  жетілді  жəне 

мүмкіндіктері  дамыды,  дербес  компьютерлердің  архитектура-

сы  бір  ізге  келтірілді,  мектептегі  компьютерлердің  саны  артты, 

тұрғындардың  дербес  компьютерге    қолжетімділігі  өсті.  Қазіргі 

кезеңде дербес компьютер əрбір үйде бар.

Оқушылар  информатика  сабағында  меңгеретін  компьютер 

құрылғысы  туралы  мəліметті  іргелі  білімдер  жəне  прагматикалық 

(технологиялық)  деп  бөлуге  болады.  Біріншісі  құрылғының 

негізгі  принциптері  мен  ЭЕМ  жұмысына  қатысты.  Екіншісі  ком-



337

пьютер  құрылғысының  нақты  типтері,  техникалық  сипаттама-

сы,  эксплуатациясының  тəсілдері  (қосылу,  жұмыс  істеу  ережесі, 

құрылғылардың номенклатурасы жəне т.б.) туралы білімді қамтиды.

Алғашқы  мектеп  оқулықтарында [1] ЭЕМ  жұмысының 

принциптері  жəне  құрылғысының  сипаттамасы  техникалық 

ерекшеліктері (электрондық схемалар, құрылымдық деталдар жəне 

т.б.) қарастырылмай, ЭЕМ архитектурасының схемасы келтірілген. 

Алдымен  ЭЕМ  қызметі,  компьютердің  құрамына  енетін  негізгі 

құрылғылары (жады, процессор, енгізу-шығару құрылғылары)  жəне 

олардың  орындайтын  қызметтері  туралы  əңгімеленеді.  Сонымен 

қатар  дербес  компьютерді  ұйымдастырудың  ерекшеліктері,  дербес 

компьютердің құрамына енетін құрылғылар типтері мен қасиеттері 

туралы  айтылады.  ЭЕМ  қарапайым  моделі  мысалында  компьютер 

жұмысының программалық басқарылу механизмі ашылып беріледі. 

Мұнда  процессордың  құрылымы,  процессордың  командаларының 

құрамы, программалар құрылымы жəне оның процессормен орын-

далу алгоритмі – процессор жұмысының циклі сипатталады. Мұндай 

тəсілді іргелі тəсіл деп атауға болады.

Кейінгі  оқулықтарда [2, 3] компьютердің  техникалық  мүмкін-

діктерінің  сипаттамасына:  түрлі  құрылғылар  типтеріне,  олардың 

пайдаланылу  сапасы,  жүйеге  қосылу  тəсілдері,  сыртқы  түріне 

көп  назар  аударылады.  Бұл  дербес  компьютердің  қолжетімділігі 

жағдайында пайдалы ақпарат. Мұндай білімдерді меңгере отырып, 

жеке компьютері бар оқушы онымен сауатты қарым-қатынас жасай-

ды: дербес компьютерді пайдалануды анықтап, жаңа құрылғыларды 

алу туралы шешім қабылдап жəне құрылғыларды іске қоса алады. 

1980  жылдардың  соңында 1990 жылдарда  оқытуда  қолданылатын 

(УКНЦ, Корвет, КУВТ-86 жəне т.б.) ЭЕМ паркінің біркелкі еместігіне 

байланысты  оны оқулыққа енгізуде қиындықтар кездесетін. Соңғы 

уақытта оқулықтарда оларды өзгертпей сипаттауға мүмкіндік беретін 

аппараттық құрылғылар бір ізге салынып, жүйеленді.

Компьютер желісін оқып-үйренудің жалпы білімдік негізі ЭЕМ 

архитектурасының негізгі принциптерімен танысуда болып табыла-

ды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет