Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


ЭЕМ  негізгі  құрылғылары  жəне  программалық  басқару



Pdf көрінісі
бет170/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   364
ЭЕМ  негізгі  құрылғылары  жəне  программалық  басқару 

принциптері.  Аталған  тақырыптың  басты  тақырыбы:  ЭЕМ 

архитектурасы, ЭЕМ жады (оперативті, сыртқы); процессор, енгізу 

құрылғысы, шығару құрылғысы; программалық басқару.

«ЭЕМ  архитектурасы»  ұғымының  мағынасы  туралы  ерте 

айтылып  кеткен  болатын.  Бұл  ұғымды  ашып  көрсету  үшін 

аналогияның дидактикалық тəсілі пайдалануға болады (12.1-кесте).



12.1-кесте

Аналогияның дидактикалық тəсілі

Қызметі 


Адам 

Компьютер 

Ақпаратты сақтау

Жады 


Жады құрылысы

Ақпаратты өңдеу

Ойлау

Процессор 



Ақпаратты қабылдау

 Сезім мүшелері

Енгізу құрылғысы

Ақпаратты тасымалдау

Тіл, қозғалу жүйесі

Шығару құрылғысы

Компьютер  жадын  ішкі  жəне  сыртқы  деп  түсіндіру  адаммен 

ұқсастығымен  түсіндіріледі.  Ішкі  жады – бұл  адамның  өзіндік 

(биологиялық)  жады,  ал  сыртқы  жады – ақпаратты  жазудың 

əртүрлі  құралдары  (қағазға  жазылған,  магниттік  кассеталарға, 

дискілерге  жазылған  жəне  т.б.).  ЭЕМ  архитектурасын  статикалық 

түрде  сипаттауға  болмайды.  Оқушылар  санасында  басынан  бастап 

компьютердің қызметі туралы түсінік қалыптастыру қажет. Кез кел-

ген  тапсырманы  шешу  үшін  компьютерге  бастапқы  мəліметтерді 

жəне программа жұмысы туралы хабарлау керек. Мəліметтер жəне 

программа  машинаға  «түсінікті»  арнайы  форма  түрінде  беріледі, 

яғни  ішкі  жадыға  енгізіледі,  содан  соң  компьютер  программаны 

орындауға,  тапсырманы  шешуге  көшеді.  Компьютер  программаны 



формальды орындаушы болып табылады.

Кез келген компьютердегі жұмыс математикалық тапсырманың 

шешімі, шет тілінен мəтінді аудару, экранда суретті салу, пайдалану-

шымен ойын  жəне т.б. программа бойынша орындалады

Тақырыпты  қорытындылай    келе,  компьютерді  программалық 

басқару принциптері келесідей үш жағдайға əкелетіндігін баса айта 

кету керек:

1. Компьютердегі кез келген жұмыс программа бойынша орын-

далады;

2. Орындалатын программа оперативті жадына орналасады;




340

3. Программа автоматты түрде орындалады.

ЭЕМ жады түрлері. Жадыны ішкі жəне сыртқы деп бөлу бұрын 

да айтылған болатын. Жадының бұл түрлерінің қандай қасиеттерін 

оқушылар  меңгеруі  тиіс?  Екі  қасиет  типі:  физикалық  қасиеттері 

жəне ақпаратты ұйымдастыру принциптері туралы айта кету керек.



Ішкі жады. Ішкі жадының негізгі бөлігі оперативті есте сақтау 

құрылғысы (ОЕСҚ) болып табылады. ОЕСҚ физикалық қасиетіне:

 

– электрмен қамтамасыз ету болғанда ғана ақпаратты сақтайтын 



электрондық  элементтерден  (микросхема)  құрастырылған  жады; 

осы себептен ішкі жадыны энергиядан тəуелді деп айтуға болады;

 

– бұл  жылдам  жады,  оған  ақпаратты  енгізу  (жазбалар)  жəне 



жүргізу (оқу) уақыты өте кішкентай – микросекундтарды құрайды;

 

– бұл  жады  көлемі  бойынша  үлкен  емес  (сыртқа  жадымен 



салыстырғанда).

Оқушыларға  ішкі  жадының  екі  түрі  туралы  қосымша  хабарлау 

керек: тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) жəне кэш-жады. 

Ішкі  жады.  Жоғарыда  белгіленген  ішкі  жадының  физикалық 

қасиеттеріне ұқсас, сыртқы жадының қасиеті:

 

– сыртқы  жады  энергияға  тəуелсіз,  яғни  ондағы  ақпарат,  ком-



пьютер қосылып жəне ажыратылып тұрса да, компьютерге тасымал-

даушы қойылса да немесе үстел үстінде жатса да сақталады;

 

– ішкі жады – оперативті жадыға қарағанда жəй; ақпаратты оқу-



жазба  жылдамдығын  арттыру  ретіндегі,  сыртқы  жады  құрылғысы 

былай  орналасады:  магнитті  ленталар – магнитті  дискілер – 

оптикалық дискілер – флэш-карталар;

 

– ішкі  жадыға  қарағанда  сыртқы  жадыда  орналасқан  ақпарат 



көлемі  көп,  ал  тасымалдаушылардың  мүмкіндіктерін  есепке  алу – 

шектелмеген.

Мұғалім сыртқы жады құрылғылары мен тасымалдаушыларын: 

магниттік, оптикалық, флэш-карталар көрсетуі жəне айтуы, олардың 

мүмкіндіктерін атауы қажет.

Енді ақпаратты ұйымдастыру принциптеріне тоқталсақ. Базалық 

курсты оқып-үйрене отырып, оқушылар келесілерді білуі тиіс:

1. компьютер мəліметтердің (өңделетін ақпаратты): символдық, 

сандық, графикалық, дыбыстық түрлерімен жұмыс істейді;

2. кез  келген  ақпарат  компьютер  жадында  (соның  ішінде  про-

граммалар) екілік код түрінде беріледі.

Келтірілген тұжырымды оқушыларға тақырыпты өту барысында 

хабарлау керек жəне келесі тақырыптарда оған тоқталмауы қажет.



341



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет