Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Компьютерде практикалық жұмыстарды



Pdf көрінісі
бет211/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   364
Компьютерде практикалық жұмыстарды

ұйымдастыруға нұсқаулар

Мультимедианың  программалық  құралдарымен  жұмысқа 

оқушыларға келесі тапсырмалар берілуі мүмкін:

 

– дайын программалық өнімдермен жұмыс;



 

– мультимедиалық презентацияларды жасау;

 

– дыбысты,  фотоны  жəне  бейне  кескіндерді  жазу  жəне 



редакторлауға ақпараттық жəне программалық құралдармен жұмыс.

Дайын программалық өнім ретінде оқу қызметінде программарды, 

дамытушы  программаларды  таңдайды.  Оқушылар  əртүрлі  мектеп 

пəндерін  оқу  барысында  немесе  үйде  осындай  программалармен 

жұмыс  барысында  мультимедианың  қолданылған  элементтеріне, 

гиперсілтемелердің  ұйымдастырылуына,  сұхбаттық  интерфейс 

құралдарына оқушылардың назарын баса аудару керек.

Өте маңызды тəжірибелік дағды оқушылардың мультимедиалық 

презентацияларды жасау технологиясын меңгеруі болып табылады. 



390

Аспаптық  программалардың  (мысалы, Power Point) құралдарымен 

презентацияларды  өз  бетімен  дайындауға  тапсырма  берместен 

бұрын мұғалімнің əзірлеген демонстрациялық мысалын оқушыларға 

ұсыну  керек.  Сондай-ақ  презентацияның  жалпы  құрылымын 

(сценарийін)  түсіндіру  керек.  Презентацияның  элементтері, 

эффектілердің  (дыбыстық,  анимацияларды)  қандай  құралдармен 

жүзеге асырылғанын айтып өту керек. Осы үлгіге қарап, оқушыларға 

өздерінің презентацияларын құру неғұрлым жеңіл болады.

Курстың осы тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдері 

болашақта  қолданылмай  қалмай,  басқа  да  пəндерді  оқытуда 

мұғалімдер  осы  алған  біліктіліктерін  қолданса  өте  жақсы  болатын 

еді.  Информатика  сабағында  да  басқа  оқылатын  тақырыптар 

бойынша  (компьютерлік  желілер,  мəліметтер  қоры,  алгоритмдер 

жəне т.б.) презентациялар құру тапсырмаларын оқушыларға беруге 

болады.  Компьютерлік  презентациялар  оқу  ақпаратын  беру  ғана 

емес, олардың істеген жұмысы туралы есеп беру формасы да бола 

алады.


Бұл  тақырыпта  оқушылар  ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың  техникалық  құралдары  туралы  өздерінің 

білімдерін  кеңейтеді.  Мультимедианың  техникалық  құралдарымен 

тəжірибелік  жұмысты  ұйымдастыру  олардың  мектепте  болуын 

талап  етеді.  Оларға  келесілер  жатады:  дыбысты  енгізу-шығару 

(дыбыстық  карталар,  микрофондар,  динамиктер);  мультимедиалық 

проекторлар; цифрлық фото жəне бейне камералар, веб-камералар. 

Білім  беру  стандарттарында  осы  құралдардың  барлығын  қолдану 

біліктіліктері қарастырылғанымен, барлық мектептерде бірдей бұл 

талаптарды орындау мүмкін емес. Осындай жағдайда оқушыларды 

құрылғылардың  жұмыс  жасауымен  таныстыру  ең  болмағанда 

демонстрациялық режимде жүзеге асу керек. Аталған құралдардың 

бар  болған  жағдайында  оқушылардың  тəжірибелік  жұмысын 

ұйымдастыру  Н.  Д.  Угриновичтің [5] оқулығында  «компьютерлік 

практикум»  тарауында  сипатталған.  Бірінші  жұмыс – дыбыстық 

ақпаратты  кодтау  жəне  өңдеу.  Оны  жүргізу  үшін  микрофон 

қосылған дыбыстық картасы бар компьютер қажет. Программалық 

қамтамасыздандырылу – Audаcity  дыбыстық  редакторы.  Екінші 

жұмыс – цифрлық фото жəне бейнені түсіру жəне редакторлау. Бұл 

жұмысты  жүргізу  үшін  цифрлық  фотокамера  жəне USB-портқа 

қосылған  веб-камера; DV-портқа  қосылған  цифрлық  бейне  камера 



391

қажет. Цифрлық фотомен жұмыста CAMEDIA Master программалық 

жүйесі,  цифрлық  бейнені  түсіру  үшін  жəне  өңдеу  үшін Pinnacle 

Studio бейне монтаж жүйесі қолданылады. 

Оқыту нəтижесінде оқушылар:

 

– «мультимедиа»  ұғымын  компьютердің  жадысында  дыбысты 



көрсету үшін қолданылатын дискретизация принципін білу керек;

 

– типтік  бағдарлама  ортасында  шаблондар  негізінде  кескін, 



дыбыс, анимация жəне мəтіннен тұратын презентацияларды құруды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет