Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет210/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   364
14.5 Мультимедиа технологиясы

Тақырыпты оқытуға арналған əдістемелік нұсқаулар

Негізгі курстың бұл тарауын оқытудың негізгі мақсаттары:

 

– оқушыларға мультимедиа ұғымы туралы мағлұмат беру;



 

– дыбыстық  аналогтық  жəне  цифрлық  көрсету  тəсілдерімен, 

мультимедианың техникалық құралдарымен таныстыру;

 

– күрделі емес презентацияларды құруға үйрету;



 

– мультимедианың  программалық-аппараттық  құралдарымен 

жұмыс жасауға үйрету.

Тақырыптың негізгі ұғымдары 8-қосымшада берілген.

Алдыңғы  екі  тақырып  (мəтіндік  ақпаратпен  жəне  графикалық 

ақпаратпен  жұмыс  жасау  технологиялары)  сияқты  бұл  тақырыпта 

ақпараттық  технологиялар  мазмұндық  желісіне  жатады.  Бұл 

тақырыпта  оқушылардың  ақпаратты  көрсету  жəне  компьютердің 

құрылғылары  тақырыптары  бойынша  негізгі  білімдері  тереңдетіле 

түседі.


Мультимедиа  технологияларының  пайда  болуы  дыбыспен 

жұмыстың компьютерлік құралдарын жасаумен тығыз байланысты. 

Компьютер  жұмыс  жасай  алатын  ақпараттың 3 түріне,  сандармен, 

мəтінмен жəне графикаға енді дыбыс келіп қосылды.

Алғаш рет дыбыспен жұмыс жасау мүмкіндігі бар ДК-дің типі 

Apple фирмасының Macintosh-ы болып табылды.

Оқулықта  дыбыстық  техника  туралы  əңгіме  тарихи  түрде 

келтірілген:  фонографтан  бастау  алған  дыбыспен  жұмыс  жасауға 

арналған  техникалық  құралдардың  даму  тарихы  баяндалған. 

Мұнда  оқушыларға  берілген  ойдың  негізгісі – компьютерлер 

дəуіріне  дейін  дыбыстың  аналогтық  көрсетілімі  қолданылғаны, 

ал  компьютерлік  техниканың  дискретті,  яғни  цифрлық  дыбыспен 

жұмыс жасайтындығы [4].

8-сыныпта  оқушылардың  əлі  де  болса  дыбыстың  физикалық 

табиғаты  туралы  білімдері  толық  емес.  Информатика  мұғалімінің 

бұл  тақырыпқа  қатысты  қарапайым  жəне  түсінікті  əңгімесі 

олардың физикалық білімдерін жетілдіріп, мектептегі білім беруде 

алынатын  ғылыми  білімнің  жүйелілігін  тағы  бір  мəрте  растайды. 

Информатиканың мазмұны оның көптеген тарауларында пəнаралық 

сипат алады.




389

Информатиканың негізгі курсында оқушылар ақпараттық үздіксіз 

(аналогты)  көрсетілімінен  дискретті  (цифрлық)  көрсетіліміне 

көшуіне  байланысты  əлі 2 рет:  компьютерлік  тораптар  туралы 

тақырыпта жəне компьютердің көмегімен техникалық құралдардың 

басқару  жүйесін  сипаттауда  кездеседі.  Осы  тақырыптардың 

барлығында аналогты-цифрлық түрлендіру жəне цифрлы-аналогтық 

түрлендіру ұғымдары қолданылады.

Айтылғандардан  ақпаратты  аналогтық  формадан  дискретті 

формаға түрлендіру компьютерлік техниканың жұмысының жалпы 

техникалық  принципі  болып  табылатынын  жəне  сол  себепті  осы 

сұрақпен оқушылардың міндетті түрде танысу керектігін байқаймыз. 

Дыбысты  аналогты-цифрлық  түрлендірумен  байланысты  негізгі 

ұғымдар осы оқулықтың 11.6-тармағында қарастырылған.

Бұл сұрақтарды түсінудің тек қана теориялық емес, тəжірибелік 

те  мəні  зор.  Дискретизация  параметрлерінің  өзгеруімен 

мəліметтердің көлемі де, яғни жадыда алатын орны өзгереді. Оқыту 

нəтижесіне  қойылатын  талаптардың  ішінде  «ақпараттық  нысандар 

мен процестердің сандық параметрлерін бағалау; ақпаратты сақтау 

үшін қажет жады көлемі; ақпаратты беру жылдамдығы» іскерліктері 

де бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет