Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет245/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   364
Қорғалған  жеке  желілер.  Осы  категорияның  желілері  шифры 

бар IPSec, туннель ішінде L2TP (Layer 2 Tunneling Protocol) IPSec, 

SSL 3.0 немесе шифры бар TLS (Transport Layer Security), L2F (Layer 

Two Forwarding) немесе PPTP (Point-to-Point Tunneling Protocol) хат-

тамаларды қолдануына негізделген.

IPSec («қауіпсіз IP») желілік  деңгейде  ІР-пакеттерді 

аутентификациялаудың  жəне/немесе  шифрлау  стандарты  болып 

табылады. Ол өз құрамына желілік пакеттерді сақтау мен шифрлік 

кілттерді  айырбастау  мақсаттарында  қызмет  көрсететін  криптоал-

горитмдер  тобын  жатқызады. IPSec  Windows XP, 2000, 2003 мен 

Vista, Linux 2.6 жəне одан да жаңа нұсқаларда Mac OS X, NetBSD, 

FreeBSD, OpenBSD, Solaris, AIX, HP-UX жəне VxWorks қолданыла 

алады.  Көптеген  өндірушілер IPSec негізінде VPN-серверлер  мен 

клиенттерді қолдануды ұсынады.

Microsoft PPTP клиенттерді  өз  операциялық  жүйенің  барлық 

нұсқаларына Windows 95 OSR2-ден бастап енгізді. Сонымен қатар, 

PPTP-клиенттер Linux, Mac OS X, PalmOS жəне Window Mobile 

2003  басқармасындағы  құрылғыларда  қолданылады. PPTP тех-




432

нологиясы  кең  таратылды,  себебі  ол  тегін  болды. 1998 жылдары 

технологияның əлсіз жерін түзеткенде бірлестік MS-CHAPv2 жəне 

MPPE шығарды, ал 1999 жылда PPTP-ның əрбір пайдаланушының 

паролінен қорғалатын тəуелділіктен айырылды.

Cisco Systems шығарған L2TP хаттамада  екінші  деңгейдің  хат-

тамасын ұйымдастырумен байланысты L2F жəне PPTP принциптері 

қосылды.  Ол  мəліметтердің  туннельдеуді  жүзеге  асырады,  бірақ 

сақтау  жəне  пайдаланушыларды  аутентификациялау  қызметтері 

жоқ. L2TP өз  туннель  ішінде PPP байланыстарды  көрсете  алады. 

Cisco L2TP-ды өз бағыттауыштарында іске асырды.

L2TP/IPSec-де L2TP туннель IPSec қауіпсіз арнамен бірікті жəне 

содан  кілттік  ақпараттары  бар  хабарламаларды (IKE) қарапайым 

жəне  сенімді  түрде  сақтауға  мүмкіндік  берді. 2002 жылдан  бастап 

Microsoft бірлестігі Windows 98, ME жəне NT үшін тегін L2TP/IPSec 

VPN-клиентті  ұсынды,  сонымен  қатар,  осы  өнімді  Windows XP, 

2000, 2003 жəне Vista жинағымен береді. Windows Server 2003 мен 

Windows 2000 Server құрамына L2TP/IPSec серверлер кіреді.

SSL  жəне TLS хаттамалары OSI модельдің 4-ші  деңгейде 

мəліметтерді тасымалдауды сақтауға арналған. SSL 3.0 жəне TLS 1.0 

нұсқалары HTTPS хаттамасындағы HTTP-мен  қолданылады.  Олар 

Web-қосымшаларға  қорғалған  қатынауды  қамтамасыз  етеді.  Бірақ 

SSL/TLS VPN-туннелді  жасауында  да  қолдана  алады.  Мысалы, 

OpenVPN VPN-ның Linux, xBSD, Mac OS X, Pocket PC, Windows 

2000, XP, 2003 жəне Vista платформалар  үшін  ашық  коды  бар 

бағдарламалық клиенті болып табылады. Мұнда мəліметтерді жəне 

басқару арналарын шифрлау үшін SSL қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет